Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе


Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адресациялау (бағыттау) формулалары



бет15/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі адресациялау (бағыттау) формулалары

Бүгінгі күнге дейін жүргізілген зерттеулер нәтижесі прагматиканы тілдің басқа салаларынан ажыратарлықтай нақты шекарасының жоқтығын көрсетіп отыр. Оның үстіне тіл прагматикасының көптеген аспектілері қазақ тіл біліміндегі кейбір зерттеу жұмыстарында прагматикалық аспект деп атап көрсетпесе, сөздің тыңдаушыға әсері, қолданыстағы қуат-күші зерделенеді. Мұны Р. Сыздықованың «Сөз құдіреті» атты еңбегіне жазған алғы сөздегі мына жолдардан анық байқауға болады. «Осы кітаптың «Сөз құдіреті» деген әсем атауының екі құрамы да астарлы: бұл жердегі «сөз» дегеніміз «тілдің ең кішкентай кірпіші» – «жеке сөз» деген мағынада емес, «тілдің қолданысы» (орысша «речь»), яғни «көркем әдебиеттегі тілдің көрінісі» деген ұғымда жұмсалып тұр, ал «құдірет» сөзі «құпия, тылсым» деген танымда емес, адамға ететін әсер, «қолданыстағы тілдің көркемдік қуаты, күші» деген мәнде келіп тұр. Демек, сөз құдіретін таныту дегеніміз жазушы тілінің көркемдігін, сол көркемдікті жүзеге асырып тұрған тілдік құралдар мен тәсілдерді көрсету болып шығады» [7, 69].

Жүгіну формуласы сәлемдесу және қоштасу сияқты ауызекі этикада жиі қолданылатын бірлік болып табылады. Олар қарым-қатынас орнату үшін қызмет етеді және өздерінде белгілі бір мәдениетті мәлімет сақтайды, сонымен қатар коммуниканттың социалды, өспелі, жынысты кейде аумақтық иелік туралы ой қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бөлімде біз қазақ және ағылшын тілдерінде жүгінудің атаулы түрлері мен белгісіз атауға жүгінудің салыстырмалы анализін өткіземіз.

Қазақ тіліндегі жүгінудегі ресми қарым –қатынас жасау кезінде тегі+мырза / ханым тіркесі қолданылады. Алайда біз осы берілген формуларды күнделікті тілде сирек қолданылатынын байқаймыз. Негізінен ресми жағдайда жоғары тұратын тұлғаға аты-жөнімен атап жүгіну қабылданған (бұл түр орыс тілінен қалыптасқан және ереже бойынша орыстармен қазақтардың қарым-қатынасы кезінде қолданылады) немесе аты+аға(й) (ер кісіге), аты+апа(й) (әйел кісіге) жүгіну формасын қолданады. Біздің көзқарас бойынша бұл ерекшелікті мәдениеттану тұрғысынан келесі түрде түсіндіруге болады: көптеген ғасырлар бойы қазақтар үлкен отбасы болып өмір сүрген, олар қанды туысқандықпен қатар некемен де байланысқан. Үлкен отбасы болу, үздіксіз ортамен, туысқандармен қарым-қатынаста болу қазақ тілінде жүгінудің осы түрінің қалыптасуының себепкері болды. Сонымен қатар заманауи батыс өркениетінің қазақ халқына, салт-дәстүріне тигізген әсеріне қарамастан, тілде жоғарыда көрсетілген жүгінудің түрі сақталған және қолдану аумағы да кеңінен таралған.

Ағылшын сөйлеу этикеті ресми қарым –қатынас жасау кезінде жоғары лауазымды тұлғаларға атымен атап жүгінуге жол бермейді. Бұл жағдайда жүгінудің жалпы қолданылатын формуласы Mr/Mrs/Ms+тегі, мысалы: Mr Brown, Mrs Little, Miss Bright. Жүгінудің бұл түрі жұмыс жағдайында жұмысшылармен қызметкерлергеде қолданылады. Алайда бұл жағдайда басқарушы Mr+тегі формуласын қолдана отырып, аты немесе тегін атап жүгінсе болады, көп жағдайда есім немесе тег таңдауы жұмысшының /қызметкердің квалификациясына байланысты (төменгі квалификациядағы маманға атын атап жүгінеді) немесе таныстыру кезінде өзін таныстырғанына байланысты. Бұл формулада ағылшын мәдениетінің индивидуалды мінез –құлқы көрініс табады, мұнда адамға жүгіну кезінде оның дәрежесі, жасы, коммуникация бойынша әріптестер арасындағы қарым –қатынас көрсетілмейді: Mr/Mrs/Miss бейтарап форма болып табылады [5, 59].

Ағылшын тіліндегі ресми қарым-қатынас аз жағдайда қазақ тіліндегі сияқты атын атап қарым-қатынас жасайда, алайда мұндай қарым-қатынас қолданудың кейбір аспектілерінде айырмашылықтар табамыз. Жоғарыда атап көрсетілгендей Англияда әлеуметтік деңгейі жоғары адамдарға немесе кәсіби қызмет көрсететін тұлғаларға атын атап жүгіну қабылданбаған. Дегенмен, кейде коммуникация қатысушылары атын атап жүгінуді сұрайтын сәттері болады. Мұндай жағдай көбіне студенттің оқытушыға қарым-қатынасы, бағынушының басқарушыға қарым-қатынасы, сонымен қатар отбасы ішінде (бала мен ата-ана және үлкен жастағы туыстар, көршілер,ата-ананың достары) кезінде болуы мүмкін. Мысалы ретінде оқытушы студентерге өзін таныстыру кезінде, мынадай түрде жүгінуге болады: My name is Doctor Sarah Smyth. You may call me either Sarah of doctor Smyth.

Берілген ерекшелік ағылшын лингвомәдениетінің әрбір мүшесінің теңдігін меңгерген, қоғам демократизация процесінің нәтижесі болып табылады.

Отбасы ішілік жүгінуге келетін болсақ, қазақ тілінде де Талғат-аға(й) (дяда Талгат), Катима- апа(й) (тетя Катима) типті формулалар орын алады. Аға(й) және апа(й) сөздері адам есімдерінен кейін қойылады. Аға мен аға(й) және апа мен апа(й)-дың айырмашылықтары й элементімен айтылған сөз бағыттаушыға деген ізгі ниеттің белгісі болып табылады. Бұдан өзге ( аға(й) мен апа(й)) туыс емес тұлғаларға да қолданылады, мысалы: жас балалардың бөгде үлкен кісілерге, ата-аналардың достарына, көршілерге және т.б. [5, 44].

Ағылшын тілінде сонымен қатар Uncle Ben, Aunt Emily, Grandpa Bill, Granny Mary тәрізді формулалар мүмкін болады, бірақ мұнда адам есімдері екінші орын тұрады және де бұл формулалар тек қана туыс кісілерге ғана қолданылады.

Ағылшын тілінде есімді формулаларды қолдану, қарым-қатынас үшін негізгі болып анықталғанымен коммуникацияға қатысушылардың танысу сатысы болып табылады. Ресми жағдайда бағынушылар басшыға лауазымын немесе (Dean,Doctor) немесе Mr/Mrs/Miss+тегін айтып жүгінсе, онда бейресми жағдайда атын атап жүгінуіне болады. Бұл тенденция заманауи британ қоғамына сай мінезделген, бірақ бұрыңғы буында қолдауын таба бермеді. Қазақ тілінде бағынушының басшыға ‘Сәлем, Сәбит’ сияқты жүгіну формасы шектелген, себебі бұл жоғары тұратын тұлғаға деген құрметсіздік болып табылады. Бұл жағдайда құптауын табатын форма «Сәлеметсізбе, Сәбит-аға» немесе «Сәлеметсізбе, Сәбит Махмутұлы» болып табылады. Орыс лингвомәдениетіне аты-жөнін атап жүгіну тән, сонымен қатар достық қарым-қатынас кезінде де атын атап жүгінеді.

Біздің көзқарасқа қызықты жайттардың бірі, қазақ тілінде есімді қысқарту формасы жоқтың маңы, ал ағылшын тілінде олар кеңінен қолданылатын болып табылады: Ed(Edward), Tom(Thomas), Lisa(Elizabeth), Phil(Philip), Fred(Frederick), Bill(William) және т.б. Мүмкін бұл жалпы тенденциядағы әртүрлі қысқарту мен азайтулармен байланысты болар, бұл қысқартпалар күнделікті өмірде, тіпті адамның деңгейі мен статусына қарамастан кеңінен қолданылады: Bill Clinton, Tony Blair. Қысқартылған есімдерді қоршаған ортадағы адамдар, туысқандар, достар, ұжым арасында қолданылады. Бұл уақытта қазақ тілінде мұндай құбылыс ереже емес шектеу болып табылады (Ботагөз-Бота), және де барлық адам есімдері қысқартылмайды, сонымен қатар ресми жағдайда да қолданылмайды. Мұндай жүгіну бейресми жағдайда ұжымның, достардың арасында кездестіруге болады. Қазақ тілінде жүгінудің берілген түрі орыс тілінен енген.

Сонымен қатар ағылшын тіліне келесідей азайтқыш жұрнақтары тән: ie-y; Nick-Nickie, Nicky; Ted-Teddy, Teddie; Elizabeth-Lizzie, Betty, Bessie және т.б. Қазақ тіліне тек қана бір азайтқыш жұрнақ тән-ке, ол қысқартылған есімге қосылады: Сакан-Саке.

Соңғы уақытта қазақ тілінде орыс тілінен еңген азайтқыш жұрнақтар -очка,-ечка,-енька қолданылады, орыс тілінде мұндай жүгіну кеңінен қолданылады: Раушаночка, Айгулечка, Айнурочка, Гулжаночка, Саулешка және т.б. айта кететін жағдай, мұндай жүгінулер тек әйел есімдеріне тән болып келеді. Бұл екі халықтың өзара тығыз қарым-қатынасының белгісін көрсетеді, ал азайту-еркелету жұрнақтарының әйел қауымына тән болуы мүмкін қазақ қоғамындағы гендірлік теңдік, яғни ер кісі – рухани және дене күші, қиындыққа берілмейтін басшы (жауынгер), ал әйел – нәзік, мейірімді әйел, ана болып табылады [5, 46].

Жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасайтын болсақ, жүгінудің қазақша есімді түрлерінің ағылшынмен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктерді көрсетіп өтеміз:


  • жүгінудің есімді түрлері қазақ тіліне қарағанда, ағылшын тілінде көлемі жағынан көбірек болады;

  • жүгінудің есімді түрінің қолдану жағдайлары әрқашан сәйкес келе бермейді;

  • ағылшын тілінде жүгінудің жалпы қолданылатын нейтралды түрі Mr/Mrs/Miss+тегі (аты) болса, ал қазақ тілінде жүгінудің бұл түрі айтарлықтай сирек қолданылады.

  • егер ағылшын коммуникативті мәдениетте коммуникация бойынша әріптестердің теңдігін айтатын болсақ,онда қазақ тілінде дәрежелі және өспелі ара-қашықтық айта кеткен жөн;

  • туыстық терминдерді ағылшын коммуникациясында тек қана туыстарға жүгінуде қолданылады, ал қазақ қоғамында айтарлықтай кеңінен қолданылады;

  • ағылшын тілінде жүгіну кезінде есімдерді қысқартып жүгіну айтарлықтай жиі қолданылады;

  • қазақ тіліне қарағанда ағылшын тілінде еркелеткіш-азайтқыш жұрнақтары өте жиі қолдану тән болса, заманауи қазақ тілінде мұндай еркелету жұрнақтары орыс тілінен енген болып табылады.

Ары қарай біз белгісіз тұлғаға бағытталған жүгінудің түрін қарастырамыз. Белгісіз тұлғаға немесе топқа жүгінудің формасын анықтайтын негізгі факторына бағыттаушының жасы пен жынысы,әлеуметтік-психологиялық ара-қашықтық пен қарым-қатынас жағдайын жатқызамыз [7, 101].

Дж. Серл сөйлеу актісінің белгілі бір әсер етуші күшке ие болуын құрамына прагматикалық көрсеткіштер, этикет нормалары, т.б. енетін ережелер арқылы анықталатын әрекет ретінде қарастырады [8, 66]. Сөйлеу актісі теориясы бойынша тіл – адамның белгілі бір мақсатқа жетуі үшін әлеуметтік ықпал етуінің күрделі құрылымын жасаушы құрал ретінде қызмет етеді. Тіл білімінде сөйлеу актісі үш деңгейлі құрылым ретінде қарастырылады:



  1. локутивті акт (локуция) – айтушының ниетін білдіру, мәлімет жеткізу мақсатында болатын сөйлеу актісі;

  2. иллокутивті акт (иллокуция) – нақтылы мақсатқа жету мақсатында жүргізілетін сөйлеу актісі (пропозиционалды және референционалды акт);

  3. перлокутивті акт (перлокуция) – адресатқа әсер ету, нақтылы нәтижеге қол жеткізу.

Қазақ тілінде белгісіз тұлғаға жүгінудің келесі формуласы айтарлықтай кеңінен қолданыста: Сұрауға бола ма…, Кешiрерсiз! Кешiреңiз!, Ғапу етiңiз.

Берілген жүгінулер тыңдаушының назарын сыпайы түрде қарату үшін қолданылады, сонымен қатар ағылшын тіліндегі сияқты тыңдаушының жасқа,жынысына, әлеуметтік статусына акцент жасалынбайды(соңғы түр өте сыпайы болып табылады):





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет