Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет19/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
«Ladies and gentlemen, flight number 4032 arrives in 10 minutes.»

«We are now beginning our descent. Would passengers make sure that their seat-belts are fastened.» 

Бұл жүгінуде тыңдаушыға жанамалап айтылады.



«(In a store): The store is closing in ten minutes.»

Бұл жағдайда тыңдаушыға тікелей сөйлемейміз.

Қазақ мәдениетіне қарама-қарсы тенденция тән. Топқа жүгіну кезінде сөйлеуші Ханымдар мен мырзалар!, Достар!, Қымбатты достар!, Құрметтi жолаушылар, Алушылар! секілді формаларды қолданады. Қазақстанда ағылшындар секілді тыңдаушыға тікелей жүгінуден тиылуды кездестіру екіталай болады. Мұндай жағдайда қазақтар мен ағылшындардың өмір сүру жағдайымен түсіндіруге болады. Егер ағылшындар өзінің қоршаған адамдардың жеке өміріне қол сұқпауға, олардың жұмыстарына араласпауға және әрине олардың рұқсатынсыз қандай тәсілмен болса да біріктірмеуге ұмтылады, ал қазақстандықтар, керісінше, топтар мен ұжымдарды біріктіруге ұмтылуға тән болып келеді, және бұл тенденция тағы да отбасылық дәстүр тамырына, әулеттердің бірігуіне әкеп соғады. Әрине, заманауи өмір, цивилизация, өзге де халықтармен қарым-қатынастың кеңеюі мәдениетте өзінің таңбасын қалдырады және кез келген халықтың тілі мен салт-дәстүрін қолданысына әкеледі және олармен қоса сөздер, тілдік бірліктер, олардың орнына заманауи даму бағытына сәйкес келетін жаңалықтары пайда болады [7, 79]. Тіл білімінде коммуникативтік акт вербалды және бейвербалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Коммуникацияның бейвербалды амалдарын зерттеумен тіл білімінің паралингвистика деп аталатын саласы айналысады. «Паралингвистика (грек. para – маңы және лингвистика) – 1) әр алуан хабарды вербалды (сөзбен сөйлеу арқылы) тәсілмен қоса вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен жеткізетін тіл білімінің бір саласы; 2) сөйлеу коммуникациясына қатысатын вербалды емес (сөйлеу тілінен тысқары) тәсілдердің жиынтығы» [9, 65].

Ендеше жүгінудің Ханымдар мен мырзалар! түрі халықаралық интеграция үрдісі мен шет тілдерінің әсер етуі, соның ішінде ағылшынның қарым-қатынасының танымал формасымен Ladies and gentlemen! байланысты, және де бұл форма соңғы он жылдықта ауқымды қолданыла бастады. Сонымен қатар, көп жылдық тарихы мен халық мәдениеті ұлттық тілде көрініс таппауы да мүмкін, олар әлі күнге дейін этностардың мұраларын сақтаумен келеді. Ерекше назарды екінші тұлғаға жүгінуде қолданылатын есім сөздерге бөлген жөн. Қазақ тілінде нақты есім сөздер -сен, -сіз жүгінудің сыпайы/дөрекі формаларын айқындайды, бірнеше тұлғаларға жүгіну сілтеу есімдігіне көпше түрі -сіздер, -сендер көмегімен жүзеге асырылады.

Сіз есімдігі қазақ тілінде жоғарыда аталып көрсетілгендей (сіз\сыз, ңыз\ңіз) жұрнақтарына сыпайы етістік формалары сәйкес келеді. Көрсетілген есімдер мен жұрнақтар «сыпайы түр» аталатын форманы құрайды, ол «жай түрге» қарама-қарсы қойылған, құрамына сен есім сөзімен -сың\сің және -ң жұрнағы кіреді.

Бұдан өзге зат есімдерді жіктеу кезде қарапайым және сыпайы түрге ажыратамыз. Бұл жағдайда қарапайым\сыпайы көрсеткіші болып -ң/ңiз, -iң/-iңiз, -ң/ңыз, -ың/ыңыз жұрнақтары болып табылады. Есім сөздерді қолданбай жүгіну өзімен редуцивті форманы көрсетіп және ауызекі тілге тән болып келеді: (сенiң) қала-ң(сiздiң) қала-ңыз, (сенiң) дос-ың(сiздiң) дос-ыңыз, (сенiң) әже-ң(сiздiң) әже-ңiз, (сенiң) өмiр-iң(сiздiң) өмiр-iңiз.



Сен немесе сіз түрлерін қолданудағы айырмашылық өзге де жүгінудің формалары секілді негіздерге сүйенеді: жас мөлшері, әлеуметтік жағдай, жынысы, таныстық дәрежесі. Ендеше сіз жүгіну түрі кішілердің үлкендерге жүгінуі кезінде, бағынушының басшыға (мұнда әлеуметтік иррархия әсері) жүгіну кезінде қолданылады, қоғамдық орталарда аз танитын немесе бейтаныс адамдар (мұнда көбінесе әңгімелесушілердің сыртқы теңдігіне байланысты, қарапайым адамдар сен деп жүгінеді), әйел кісілер ер кісілерге жиі жүгінеді (әйел кісінің дәрежесі жоғары болса, ер кісі сіз деп жүгінеді) [5, 47]. Мысал келтірсем:

«– Әбiш аға, денiңiз сау ма? Аман-сау жеттiңiз бе? Түсiңiз неге жүдеу?» [М. Әуезов].

Берілген мысалда iңiз жалғауы белгілі бір тұлғаға жүгінудің сыпайы түрі болып табылады. Екінші сөйлемде iңiз жалғауы жету етістіктің құрамына кіре отырып, жүгінудің сыпайы түрі болып есептеледі және сіз есім сөзі қолдануы немесе есім сөзсіз де қолданылады:



«Сiз аман-сау жеттiңiз бе?»

«– Неге жүдеусiң, Әбiш, ден сау ма?» [М. Әуезов].

Берілген жағдайда сің етістік жалғауы қарапайым түрдегі (сен) бір тыңдаушыға бағытталған жүгінудің көрсеткіші болып табылады, ал толық түрі келесідей түрде көрсетіледі:



«Сен неге жүдеусiң, Әбiш?Мен сендерге көрсетем! [М. Әуезов]

Мұнда біз бірнеше тұлғаға жүгінудің қарапайым түрін байқаймыз, оның белгісі көпше түрдің –дер жалғауы көмегімен құралған көпше түрдегі сен есім

сөзі болып табылады.

«– Енді кiмсiндер

Сөйлеуші қарапайым түрде бірнеше тыңдаушыға жүгінеді, -сің және -дер жалғауы арқылы талдаймыз.

Заманауи ағылшын тілінде осы секілді оппозиция жоқ. Екі жағдайда да, сонымен қатар бірнеше тыңдаушыға жүгіну кезінде you есімдігі қолданылады, аудармасы сіз немесе сен нұсқасын таңдауына болады, өзінің орыс лингвомәдениеттану өкілі ретінде сыпайылықтың түсінігінен шыға отырып таңдайды, мысалы:

«That is for your impudence in answering mama awhile since,» said he, «and for your sneaking way of getting behind curtains, and for the look you had in your eyes two minutes since, you rat!»

«Accustomed to John Reed’s abuse, I never had an idea of replying to it» [Bronte, 2004]

«Are you an orphan?» [Bronte, 2004]

«– Сен жетімсің бе? [Бронте, 1989]

«Are you up?» asked the voice I expected to hear viz., my master’s. [Bronte, 2004]

«You have a question to ask of me?»– he said. [Bronte, 2004]

«That’s it,»– he said, «you young people, you all stick together; you all think you know best!» [Galsworthy, 1973]

Жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай отырып, қазақ тіліндегі бейтаныс тұлғаға жүгінудің түрлерін ағылшын тілімен салыстыра отырып негізгі ерекшеліктерін атап көрсетеміз:


  • бейтаныс тұлғаға жүгінудің түрлері қазақ тілінде ағылшын тілімен салыстырғанда көбірек;

  • берілген жұгінулердің қолдану жағдайлары үнемі сәйкес келе бермейді;

  • ағылшын тіліне бейтаныс тұлғаға жүгінуде нөлдік форма тән болса, қазақ тілінде олар айтарлықтай кеңінен қолданылмайды;

  • қазақ тілінде жүгінудің жерлес, көрші, қарындас, аға, апа, әже, аға және т.б түрлері тән болса, ал ағылшын коммуникативті мәдениетте мүлдем қолданылмайды;

  • бейтаныс тұлғаға жүгіну қазақ тілінде ұжымдық, отбасылық өмір салтын көрсетсе, ағылшын тілінде жекешелікті көрсетеді;

  • ұлтаралық қарым-қатынас кезінде екі тілдегі мәдениет коннотациясы тұратын жүгінудің түрлерін міндетті түрде ескеру қажет;

  • қазақ тілінде жүгінудің сыпайы/дөрекі түрлерінің арасында нақты оппозиция бар, сен және сіз лексикалық есім сөздерінің ыңыз/іңіз,ңыз/ңіз,сыз/сіз жалғауларымен қолдану (қазақ тілінде мұндай форма Сыпайы түр/Жай түр болып белгілі). Заманауи ағылшын тілінде мұндай оппозиция жоқ (thou «сен» есім сөзі қолданыстан алғашқы ағылшын кезеңінде қолданыстан шықты және бүгінгі күнде негізінен сол кезеңге тән поэзияда

сақталған) [8, 155].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет