«Сүйiктiм, тұған күнiн құтты болсын!»
«Қымбаттым, бүгiн киноға барғын келмей ме?»
Жоғарыда келтірілген love жүгіну жағдайында, қарындас формасы қолдануы мүмкін, алайда мұндай жағдайда берілген бірліктердің мәдениет коннотациясына айтарлықтай айырмашылықтар байқалады, себебі қазақ тіліндегі қарындас формасымен жүгіну жас әйелге, қызға сыпайы – еркелету формасы болып табылады.
Stranger жүгінуі, қазақ тілінде сәйкесінше ұзақ уақыттан кейінгі кездесу кезінде қолданылады, мысалы көп сабақ өткізіп алған студентке қатысты:
«Hello, stranger.»
Берілген жүгіну сонымен қатар бейресми әлеуметтік желілерде қарым-қатынас кезінде байқалады, коммуникативті жағдайда ұзақ уақыттан соң кездесу кезінде жүгінудің осы түрі қолданылған:
«Hello, stranger.»
Жоғарыда келтірілген бейтаныс тұлғаға бейресми жағдайда жүгінудің қазақ тілінде өзге де нұсқалар кездеседі, мысалы: жерлес, ағайын, әжес, апай, әкей, шеше, көршi жүгінудің бұл түрі кеңінен таралған болып есептеледі, күнделікті тұрмыста да жиі қолданылады. Бұдан өзге қазақ халқы дәстүрлі түрде жүздерге бөлінеді (бір жүздің құрамына ғасырлар бойы белгілі бір аумақта өмір сүрген бірнеше әулет, отбасы кіреді) және бір жүзге тиістілігі оның өкілдерінің үлкен отбасыға біріктіреді, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұл салт-дәстүр осы күнге дейін сақталып өзінің бейнесін тілдік көрініс тауып жатыр.
Бейтаныс тұлғаға жүгінудің ағылшын тілінде тағы бір нұсқасы Sir және Madam формалары болып табылады, алайда бұл форма бірнеше жылдар бұрын кеңінен қолданылмаған, себебі мұнда сөйлеуші мен тыңдаушының дәрежелік айырмашылықтары көрсетіледі. Бүгінгі таңда берілген форма корреспонденцияда бейтаныс тұлғаға жолдама жіберген жағдайда (Dear Sirs, Dear Sir/Madam), сонымен қатар тұтынушыға сыпайы жүгіну кезінде және студиядағы көрермендерге сөйлеу кезінде қолданылады [8, 69]. Мысалы:
«What’s your size, Madam?»
«(In a taxi): Where to, sir?»
«Here is your change, madam.»
«Madam, what can you say to that?»
Қазақ тіліне жүгінудің мұндай формасы тән емес, адресатқа сөйлеу кезінде жерлес, достым түрлері қолданылады. Жазбаша корреспонденцияда жүгінудің көрсетілген формаға мүмкін болатын нұсқасы Ханымдар мен мырзалар! болып табылады, бірақ бұл форма ағылшын тіліне сәйкес келеді: Ladies and gentlemen!, ресми жағдайда топқа сөйлеу кезінде қолданылады [5, 37].
Белгілі бір себеппен біріккен топтарға сөйлеу формасы қызығушылық оятады. Ағылшын тілінде тыңдаушыға тікелей қарым-қатынастан аулақ болу үшін Ladies and gentlemen! формасын қолдану тән.
Достарыңызбен бөлісу: |