Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе


Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды» [Билер сөзі]. «– Қызым



бет21/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

«– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды» [Билер сөзі].

«– Қызым, ұйықтайтын кезің болды» [Б. Соқпақбаев].

«– Әй, балақай, бері келші» [Б. Соқпақбаев].

«– Мама, мен мұндамын!» [Б. Соқпақбаев].

«– Қарындас, кімді іздеп жүрсіз? Мүмкін, бізді іздеп жүрген боларсыз?» [Б. Соқпақбаев].

Қарым-қатынас барысында тыңдаушы назарын аудару үшін қолданылатын жайылма қаратпалардың құрамы әр түрлі болады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындары жалқы есім мен туыстық қатынасқа, адамның жасына, кәсібіне, әскери шеніне, қызмет дәрежесіне т.б. байланысты сөздердің тіркесі. Мысалы,



«– Уа, Досбол аға, жасыңызда қазаққа қызыл тілден дес бермедіңіз. Аспандағы құсты ауызбен ілдіңіз, – депті» [Билер сөзі].

«– Шоқан мырза, бұл үлкен жұмыс, – деп жауап берді Федор Михайлович» [Б. Соқпақбаев].

«– Қорғасбай қалқам, ауыл арасында шабуылдағаныңды қой деп, мен саған қанша айтам. Біреу-міреуді басып кетесің ғой, – деп ылғи ескертіп отырады» [Б. Соқпақбаев].

«– Мен Нина емеспін, жолдас капитан, сабыр етіңіз» [Ә. Әбішев].

Қазақ тіліндегі этикет сөздердің бір тобы тыңдаушының назарын аудару, коммуниканттар арасындағы тілдік қатынасты бастауға ұйытқы болумен қатар, оған жағымды әсер қалдыру, сый-құрмет көрсету мақсатында жұмсалады. Олар түрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асады. Аппелятивтік қызмет атқарушы этикет сөздердің қатарына антропонимдер, туыстық қатынасты білдіретін сөздер, эмоционалды-экспрессивті сөздер, адамның жыныстық ерекшелігіне, әлеуметтік жағдайын, кәсібін тағы басқа сипатын білдіретін сөздермен қатар басқа да тілдік бірліктер жатады. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатыны – антропонимдер.

Барлық халықтың болмыс тіршілігінде жалқы есімдер ерекше орын алады. Күнделікті тілдік қарым-қатынас кезінде де ең көп қолданылатын қаратпа түрі – адамның азан шақырып қойған аты. Кісі есімін қаратпа ретінде қолдану оған берілген эмоциялық реңкке, ондағы экспрессивтілікке, т.б. байланысты тілдік этикет формасы ретінде ерекше жақындық пен сыйластық туғызады. Қазақ тілінде адам атының толық формасы да, қысқа формасы да қолданылады. Адам аты негізінен жасы мен әлеуметтік жағдайы тең адамдар арасында, сондай-ақ, жасы үлкен адам өзінен жасы кіші адамға қарата сөйлегенде қолданылады. Мысалы,

«– Инеш, не істеп жатырсың?» [С. Шаймерденов].

«– Гүлшат, сен ояумысың?» [С. Шаймерденов].

Сөйлеу жағдаятына байланысты кей жағдайда кісі есімі тәуелденіп те қолданылады. Мысалы,



«Жұрт жас Жаңғабылды сайламақ болыпты. Оны шақыртып алған Досбол:

Жаңғабылым, сенің толған, менің солған кезім, мына халық сені қалап би сайлағалы отыр – дейді» [Билер сөзі].

Тәуелдіктің бірінші жақ формасындағы мұндай қолданыс коммуникантар арасындағы туыстық, достық қатынастың өте жақындығын, еркелету, өзімсіну реңктерін береді. Аппелятив қызмет атқаратын тәуелдік формадағы мұндай жалқы есімдер басқа қаратпа сөздермен қатар қолданылады. Мысалы,

«– Инешім, қарағым!» [С. Шаймерденов].

Үлкенді сыйлауды мұрат тұтқан қазақ дәстүрінде өзінен жасы үлкен адамның атын атау әдеті жоқ. Кейіннен қалыптасқан дәстүр бойынша, ресми жағдайда немесе таныс емес адамдар арасында орыс этикетінің нормасымен адам атын әкесінің атымен тіркестіріп атау қалыптасты. Мысалы,

«– Егее. Кәрім Бозжанович, хош келдің» [С. Шаймерденов].

Ресми жағдайда кейде бейресми жағдайда да адамның фамилиясы да аппелятивтік қызмет атқарады. Мысалы,



«– Дәулеткереева, ана Аманова екеуіңді ажыратып жіберетін екен. Сабақ үстінде де сөйлеп отырдыңдар, – деп қалжыңдап қойды» [С. Шаймерденов].

Қазақ тілінде есімнің бірінші буынына немесе басқы әріпіне -ақа, -еке, -қа, -ке, -а, -е қосымшыларын қосып қолдану жолымен адам есімін түрлендіріп, қаратпа ретінде жұмсау кең етек алған. Бұл көбінесе жасы үлкен адамға қарата айтқанда, сондай-ақ, замандас адамдар арасында да сыйластықты, құрмет тұтуды білдіру мақсатында ежелден қолданылатын амал. «Бұл – сыйлаудың, әз тұтудың тілдік көрінісі» – деп жазады Р. Сыздықова өз еңбегінде [3]. Қазіргі қазақ қоғамында мұндай тұлғалар лауазымы жоғары, лауазымы төмен немесе қатар коммуниканттарға да, сондай-ақ әйел адамдарға да қарата қолданыла береді.

Қазақ тілінде кісі есіміне ата, әже, әке, шеше, апа, аға, тәте сияқты туыстық атаулар қосылады. Мысалы, Құдайберген ата, айнаш апа, Төлеухан аға, Балауса тәте, т.б.

«– Мынау еді, Абай аға! – деді» [М. Әуезов].

Отағасы деп әйел адам өзінің күйеуіне қарата қолданады, сондай-ақ, кез келген ересек адам басқа үйдің иесіне қарата да отағасы сөзін аппелятивтік қызметте қолдануы мүмкін. Мысалы,

«– Отағасы, сізбен қалжақтасып тұруға менің уақытым жоқ» [М. Әуезов].

Кісі есімінің қаратпа ретінде жұмсалуының түрлі жолдары бар. Кісі есімі жеке де, фамилиясымен бірге де, түрлі реңк тудыратын жұрнақтар қосылып та, қызмет-лауазымын, мамандығын, мінез-құлқы мен шыққан тегін, руын т.б. белгілерін көрсететін сөздер тіркесімен де, туыстық атаулар тіркесімен де, қазақ тілінде сол тілге тән сый-құрмет реңкін білдіретін жұрнақтар қосылып та, т.б. қолданылу ерекшеліктері бар. Олардың әрқайсысының өз қолданылу реті, мағыналық ерекшеліктері бар. Әр тілдегі қарым-қатынас жағдайына қарай олар талғап қолданылады, айтушы тыңдаушыға қарата тіл қатқанда сол ұлттың салт-дәстүрі, дүниетанымы, қарым-қатынас жасау мәдениетіне байланысты аталған тәсілдің бірін таңдайды. Оны әр тілдегі этикет жүйесі реттеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет