«Good morning. Good morning. Nice to see you. – Morning. You sure get up early!»
«How are you this morning? – I’m well. And you?»
«Good afternoon. Good afternoon. How’s everything? – «Hello. Everything is alright, thank you.»
«Afternoon! – Hi! How are you today?»
«Good evening. Good evening. How are you? – I’m fine. How was your day?»
«Evening! Evening, neighbor! How have you been? – Good evening, my friend. I’m OK. How about you?»
Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасу рәсімінен басталатыны белгілі, кей кездері бұл әрекет амандасуды, хал-жай, жұмыс барысын, соңғы өзгеріс-жаңалықтың бәрінің басын біріктіріп бірақ сұрайтын What’s up? «general greetings (Informal)» қолданысымен де басталады. Бұл форманы ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударсақ Не жаңалық? деген мағынаны береді.
Амандасқан адамға лайықты жауап беру де әдептіліктің, тәрбие көргендіктің белгісі болып табылады. Қазақ дәстүрі бойынша жасы үлкен адамдар өздеріне сәлем берген жастарға Бар бол! Көп жаса! Жасың ұзақ болсын! т.б. да алғыс, тілек мағыналы сөздермен жауап береді. Мысалы,
«– Өзің де саламат бол, жігітім» [Ғ. Сланов].
«– Армысың, ата!
– Бар бол, балам!» [Шешендік сөздер].
Үлкен адамдар бір-бірімен амандасқан кезде сәлем алушы көп жағдайда шүкір, аманшылық деп жауап береді. Қазір көбінесе Сәлеметсіз бе? деп амандасқан адамға қайтадан Сәлеметсіз бе? деп қайталап жауап беру қалыптасып отыр. Жақсы, өзің қалайсың (өзіңіз қалайсыз?) деп те жауап береді.
Кез келген этностың тілінде өтетін сөйлеу әрекетінде амандасу процесінен кейін әр халықтың дүниетанымына, негізгі кәсібі мен салт-дәстүріне байланысты жүзеге асырылатын жөн сұрасу, сұрақ-жауап алмасу кезеңі бар. Коммуниканттардың бір-біріне қоятын сұрақтары мен оларға берілетін жауаптар этностың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпына, дәстүрі мен мәдениетіне тән ерекшеліктерді көрсетеді. Бұл кезең қазақ тілінде Хал-жағдайыңыз қалай? Үй-ішіңіз аман-есен бе? Ауыл-аймақ, ел-жұрт аман ба? Ағайын-туыс аман ба? Мал-жан аман ба? сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы,
«– Бәтима қалай? Ахуалдарың жақсы ма? – деп жымия қарап қойды» [Б. Құсбегин].
«– Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба?
– Шүкір аллаға, аман. Өз үй-ішіңіз де есен бе түгел» [Ғ. Мүсірепов].
«– Иә, балам, жөн-жосығыңды айта отыр, – деді Қожа жігіт дидарынан әлденедей жақсылықтың нышанын тінте. Қай ауылдан шықтың?
– Ақшоқының арғы қапталындағы Мәметек ауылынанмын, сүйегім – Қожамбет, – деді жігіт» [Шешендік сөздер].
«– Уа, би інім, жүрісің суыт көрінеді, қайдан келесің? – деп сұрайды Досбол амандықтан соң» [Билер сөзі].
«– Қандай бұйымтайың бар еді, сөйлей отыр, – дегенде Балаби:
– Ханнан сәлем әкелдім. . . – дейді» [Билер сөзі].
Қазіргі кезде сәлемдескен соң үйге келген адамнан Не жұмыспен жүрсің? деп сұрайды немесе Бұйымтайыңды айта отыр деп келген адамның шаруасын айтуына ықпал етеді. Мысалы,
«– Ассалаумағалейкум!
– Уағалейкумассалам, Дәмел! Не жұмыспен жүрсің? – деді» [Б. Құсбегин].
Ағылшын тілінде көбінесе мәдениетті түрде қандай жаңалықтар немесе хал-жағдай сұрау мынадай түрде жүзеге асырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |