Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе


«I haven’t seen you in a long time



бет25/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, КазГУ - 2014 - 57 (1)

«I haven’t seen you in a long time! Hello! Do you still remember me, old friend? – Oh, sure. I haven’t seen you in a long time! How have you been? - I’ve been alright. I’m so glad to see you!»

«I haven’t seen you in years! – It’s so nice to meet you here!»

«I haven’t seen you in ages! – I’ve been busy. How are things with you?»

«Long time no see! A long time has passed since we saw each other. – Wow, Bob! Is that you? How has it been?»

«It’s good to see you again! – Nice to see you, too! I’m so glad we met again!»

«Where have you been hiding yourself? I have not seen you for a long time. – I’ve moved out of town. I’m visiting here.»

«Where have you been keeping yourself? – I got married and moved in with my husband. We live across the river.»

«I don’t see you much around here anymore. – I got a job with another company.»

Қазақ халқында қалыптасқан әдет бойынша үлкен адам жасы баласымен шамалас немесе одан да кіші адамнан көбінесе қай баласың деп сұрайды. Жөн сұраудың бұл түрі көбінесе балам, қарағым, шырағым т.б. да этикет сөздермен тіркесе қолданылады. Қай баласың? деп сұрағанда қазақ баланың өз атын ғана емес, әкесінің атын, руын, шыққан тегін, жерін сұрайды. Қазақтың сөз қолданысымен, салт-дәстүрімен таныс тыңдаушы да лайықты жауап береді.

Мысалы:

«Сәлемдесіп болған соң Досбол жас жігітпен:

Қай баласың, шырағым? – деп сұрайды.

– Руым Тарақты, әкем аты – Киікбай, өз атым – Боранбай, – депті жас жігіт» [Билер сөзі].

Түрлі жағдаятқа, сөйлеушілердің сөз саптау мәнеріне, қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты бұл құрылым қаратпа сөздермен бірге де, жөн сұрасудың басқа түрлерімен жарыстырыла да қолданыла береді. Мысалы,

«– Шырағым, қай баласың, аты-жөнің кім?дейді билер» [Билер сөзі].

Кез келген тілдің этно-мәдени белгілерін әдеби туындыдағы күнделікті қарым-қатынас пен сөйлесу процесіндегі тілдік бірліктерден іздеу қажет. Мұндай ерекше тілдік амалдардың бірі ретінде сөйлеу этикеті формаларының ішінде, амандасу, қоштасу рәсіміне қатысты тілдік бірліктерді атаған жөн. Амандасу – коммуниканттар арасындағы қарым-қатынастың үзілмейтіндігін, ал қоштасу – коммуниканттар арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жалғаса беретіндігін көрсетеді. Бір қарағанда коммуниканттар арасындағы этикеттік қатынас тек осы амандасу мен қоштасуға қатысты тілдік бірліктерден ғана тұратын сияқты болып көрінгенімен, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қызметімен бірге этикет тілдік бірліктердің басқа да қызметтері өзіндік көрініс тауып жалғаса береді.
2.3 Қазақ/ағылшын тілдеріндегі сөз этикетінің регулятивтік қызметі

Коммуниканттардың қоғам мен отбасындағы орны, жас ерекшелігі, туыстық, достық қатынасы т.б. критерийлер тілдің регулятивтік қызметімен тығыз байланысты. Этикет – адамдардың қоғамда өзін-өзі ұстау ережелері мен жүріс-тұрыс ерекшеліктерін білдіреді, олар осы қоғамға тән әлеуметтік және биологиялық критерийлерді көрсетіп, белгілі тәсілдерді талап етеді. Яғни, қарым-қатынас барысында этикет тілдік бірліктер коммуниканттардың жасы мен жынысы, қоғамдағы, отбасындағы орны, туыстық жақындығы, қызметі, мамандығы, тұратын жері т.б. белгілері бойынша реттеуші қызметін де атқарады. Әр қоғамда этикеттік таңбалар өте көп. Олар ұлтқа, әлеуметтік ортаға, әлеуметтік топқа немесе белгілі бір топқа ғана қатысты болуы мүмкін, сондыұтан олардың әрқайсысының өзіне ғана тән, басқа топ пен ортада болмайтын өзіндік мәліметі болады. Мысалы, бөтен – таныс, жақын – алыс, бастық – бағынышты т.б. Тілдік қарым-қатынастың түрлі мақсаты бар: хабарлау, сұрау, қайталып сұрау, пікір білдіру, өтіну, сезімін білдіру, кешірім сұрау т.б. Тілдік қарым-қатынастың психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік т.б. да аспектілері бар. Тілдік қарым-қатынас өткізілу орнына, қарым-қатынасқа қатысушылардың сипатына т.б. да факторларға байланысты. Қызмет орнында әріптестермен, үйде отбасы мүшелерімен, басқа ортада дос-жаранмен, қоғамдық орында бейтаныс адамдармен т.б. да жағдайларда жасалатын қарым-қатынас түрінің тек мазмұны мен формасы ғана емес, осы қарым-қатынастың сыпайы, мәдениетті, адамдар көңіліне қаяу түсірмей өтуіне лайықты түрде қолданылатын тілдік этикет формалары да бар. Тілдік қарым-қатынас кезінде айтушының ойы, көңіл күйі, қимыл-қозғалысы, ым-ишараты, бет әлпеті, тіпті оның сөйлеу интонациясы, кідіріс жасауы, дауысы, қай сөзге екпін түсіре айтуы т.б. тыңдаушыға әсер етеді. Бұл аталғандардың барлығының да сөздің реңкіне, екінші жаққа қалай жетуіне өзіндік әсері болады. Этикет тілдік бірліктер ішінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуде ерекше қызмет атқаратыны – қаратпалар. Қазақ тіліндегі ата, әже, әке, апа, аға, жеңге тәрізді қаратпалар да негізінен отбасында, туған-туыс арасында қолданыла отырып басқа қызметтерімен қатар реттеуіштік те қызмет атқарады. Осы қаратпалардың жұмсалуына қарай адресаттың кім екендігі, олардың арасында қандай туыстық байланыс бар екендігі білініп тұрады. Ал осы этикеттердің тұлғалы атай, әжей, апай, ағай, әкей, жеңгей тәрізді формалары туыстық мағынаны білдірмейді, көбінесе туыстық байланысы жоқ жай таныс адамға да, бейтаныс адамға да қарата қолданылып, аппелятивтік, конативтік қызметтермен қатар регулятивтік те қызмет атқарады. Туыстық қатынасты білдіретін этикет тілдік бірліктердің мазмұны аса бай, реттеуіштік қызметі айқын көрінеді. Тілдік қарым-қатынас кезінде қолданылатын мұндай этикеттер коммуниканттардың әке жағынан туыс па, жоқ әлде шеше жағынан туыс па, сондай-ақ, некелік, құдандалық, жақындық деңгейін, жас шамасын, жынысын бірден байқатып тұрады. Әке жағынан қандастықты білдіретін этикет тілдік бірліктер: аға, апа, әпке, іні, қарындас, сіңлі, т.б. Шеше жағынан қандастықты білдіретін этикет тілдік бірліктер: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, жиен, жиеншар, т.б. Некелік қатынасты білдіретін этикет тілдік бірліктер: бәйбіше, отағасы, әкесі, жезде, жеңге, балдыз, қайны, қайын аға, қайын сіңлі, қайын бике, абысын, бажа т.б. Қарым-қатынас кезінде қаратпа ретінде жұмсалатын адам аттарын қолданудың да өз реті мен өз жолы, қалыптасқан жүйесі бар. Мысалы, адресатқа тіл қатқанда адам атын Марат, Санат, Болат деп тіке атау айтушының тыңдаушымен жасының қатарлас екендігін, я болмаса тыңдаушыдан жасының үлкен екендігін білдіреді. Бұл – бейтарап түр. Ал қазақ дәстүріндегі Мәке, Сәке, Бәке қолданысы коммуниканттардың жас деңгейінің шамалас екендігін, кей жағдайда тыңдаушының жас үлкендігі мен әлеуметтік жағдайының жоғарылығын, қоғамдағы, ұжымдағы орнын да білдіреді [10].

Өз табиғатында өкімет пен өкімет институттарының түрлі әлеуметтік бөлінулердің, түрлі бағыну формаларының иерархиялық құрылымынан тұратын мемлекет іс жүзінде түрлі әлеуметтік топтар мен қабаттарды, институттарды іс жүзінде түрлі әлеуметтік реттеп, анықтап отыратын тәртіп нормалары мен ережелерді қажет етеді. Өкіметтің иерархиялық жүйесінің атақ-дәрежелер мен шен, титул, ранг т.б. да атрибуттары міндетті түрде түрлі топ өкілдері арасындағы қарым-қатынасты өздерінің түрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай реттеп отыратын нұсқаулықты қажет етеді. Қоғамдық және өкіметтік құрылымның қызмет етуі барысында пайда болған түрлі әлеуметтік топтардың саны да, түрі де күн сайын көбейе түседі, осыған байланысты мемлекет пен қоғамдық қарым-қатынаста жүйеге түспеген ережелер мен нормалар да көбейеді. Мұндай жүйесіздік мемлекет пен қоғам тарапынан реттеп, жүйелеуді қажет етеді. Мұны мемлекет пен қоғамның дамуындағы адамның белгілі бір қоғамдағы қарым-қатынас, жүріс-тұрыс нормасы мен ережелер жүйесінің, яғни ресми, қоғамдық немесе мемлекеттік этикеттің пайда болуы деп айтуға болады. Этикет адамдар арасындағы қарым-қатынастың сыртқы көрінісі бола отырып ұйымда, қоғамда дұрыс моральдық-психологиялық климаттың да қалыптасуына игі әсер етеді. Жалпы этикет ұғымы қоғамдағы, күнделікті тұрмыстағы адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастың нормасы, әдеп ережесі ретінде танылса, қызметтік этикет ұғымы тек қызмет бабындағы қарым-қатынас нормасы, әдеп ережесі ретінде танылады. Ал қызметтік сөз этикетін қызмет бабындағы сөз мәдениетінің нормасы, ережесі деп ұғамыз.

Этикет тілдік бірліктердің қай түрін жұмсау керек деген мәселе ең алдымен сыртқы факторларға яғни, адресаттың әлеуметтік мәртебесіне (жасы, жынысы, қоғамдағы, ұжымдағы орны, беделі, атақ-дәрежесі), қарым-қатынас түріне (ресми, бейресми, бейтарап) тәуелді болып келеді. Сөз этикеті тілдік амал-тәсілдер арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырудың құралы ретінде де қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет