9
сөзжасам үдерісін жете тануға септігін тигізіп, лексикология,
семасиология,
терминжасам, лингвокогнитология, ономасиология салаларына да өзіндік
деңгейде үлес қосады.
Жұмыстағы жаңа қолданыстардың түркі тілдеріне ортақ ассимиляциялану
мүмкіндігінің сарапталуы, сондай-ақ қазақ және түрік
тілдеріндегі жаңа
қолданыстардың қалыптасу ерекшеліктері мен қағидаттарын лингвокогнитивтік
тұрғыдан салыстырмалы түрде талдауға талпыныс осы мәселенің түркітанудағы
ғылыми негізін жетілдіре түседі.
Қазіргі егеменді қазақ мемлекетінің мәртебесіне сәйкес оның дүниежүзілік
аренадағы
саяси,
экономикалық,
мәдениетаралық
коммуникациядағы
сұранысына сай дүниенің тілдік бейнесінің нақты ұлттық белгілерінің тілдік
парадигмасын кеңейту – өзекті мәселе.
Бұл, атап айтқанда, ұлттық сананың жаңа қырларын ашып,
тілдің
елтанымдық мәнін айқындайтын заманауи тілдік таңбаны дамытуды қажет етеді.
Бұл, өз кезегінде, біріншіден, тіл мен таным сабақтастығын дәлелдеуді
жаңа нақты дәйектік деңгейге көтереді. Екіншіден, әлеуметтік сипаттағы қазіргі
қазақ
қоғамының рухани-мәдени, ғылыми-экономикалық т.б. өзекті
мәселелерімен үндесіп, нақты қоғамдық сұраныстарды қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: