Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет39/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

тіл~адам~мәдениет
сабақтастығы елегінен 
өткен сөзжасамдық тәжірибені лингвомәдени талдау арқылы тану ғана тиімді 
болмақ. Қазіргі жаһандану заманында бұл тіл мәселесін тек тілші мамандар ғана 
емес, 
адам~қоғам~табиғат
сабақтастығын қарастыратын барша мамандық 
иелері қосылып, кешенді сипатта зерттеу қажеттілігін туындатып отыр. 
Сондықтан тіл арқылы адам (ұлт) болмысын этнографиямен, философиямен, 
психологиямен, когнитологиямен, мәдениеттанумен ұштастыра зерттеу – 
лингвокогнитивтік заңдылық. 
Жоғарыда көрсеткеніміздей, когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны 
– тіл мен адам санасын біртұтастықта қарастырып, сан ғасырлық қалыптасқан 
тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі құрылым, жүйе түрінде кешенді 
сипаттау. Осы тұрғыдан қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымы тіл білімінің 
дәстүрлі зерттеу нысандарына сүйене отырып, оның іргелі сипаттағы ұғым-
түсініктерін 
тіл~таным
сабақтастығында анықтайды. Демек, 
когнитивтік 
лингвистика ғылымдар тоғысындағы интеграциялық сипаттағы әдіске сүйенеді.
С.Г. Тер-Минасова атап көрсеткендей, кез келген ұлттың болмысын 
сипаттайтын тіл мен мәдениет сол ұлттың бірегейлігін сақтайтын қамал іспетті 
[165, б. 121].
Осы бағыттағы кешенді әдіснамалық негіз өз бастауын шетелдік ғалымдар 
мен классикалық тіл білімінің көрнекті өкілдері В. Фон Гумбольдт,
Г. Штейнталь, А.А. Потебня, И.А. Бодуэн де Куртене т.б. еңбектерінен алған 
когнитивтік лингвистика, әрі қарай Н. Хомский, М. Джонсон, Дж. Лакофф,
Р. Лангакер, М. Витгенштейн, Д. Брунер, Д. Миллер, Е. Кубрякова, Ю. Апресян,
В.Н. Телия,
Ю.С. Степанов,
В.В. Колесов, Ю. Караулов, С.В. Воркачев,
И.А. Стернин, В.И. Карасик т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасып, дамығаны 
белгілі.
Қазіргі тіл білімінде дамып келе жатқан антропоөзектік парадигмада 
когнитивтік зерттеудің ерекше маңызы мойындалып отыр. Себебі XXI 
ғасырдағы тілді зерттеу үрдісі тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдіру құралы 


65 
ретінде ғана емес, тілдің мәні мен өзіндік ерекшеліктерін сол тілді тұтынушы 
болмысымен тығыз байланыста қарап, оны ұлттың рухани, мәдени коды ретінде 
қарастыруда.
Тіл~таным, 
тіл~адам, 
тіл~сана, 
тіл~мәдениет, 
тіл~қоғам
бірлестіктерінің бір-бірімен сабақтастығы қазақ тіл білімінде де дамып, 
қалыптасып келе жатқан лингвокогнитивтік бағыттағы зерттеулердің өзегіне 
айналып келе жатыр. Тіл көмегімен адам әртүрлі білімдерді жинақтап, сақтайды, 
мағынасын ашады және таратады десек, лингвокогнитивтік деңгейдегі 
зерттеулер жаңа қолданыстардың ішінде сақтаулы білімдердің құрылымын және 
олардың заманауи тіл иесінің тілдік және концептуалды әлем бейнесіне ықпалын 
талдауға көмектеседі. 
Соның негізінде ұлттық болмысты сипаттайтын дәстүрлі тұрмыс-тіршілік 
пен мәдениетінің бар мазмұны мен қызметі тіл арқылы ашылатыны қазақ тіл 
білімінде Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәли, Ж. Манкеева,
Э. Сүлейменова, Р. Авакова, А. Салқынбай, Г. Смағұл, Р. Шойбеков, Г. Гиздатов, 
Қ. Жаманбаева, Ш. Жарқынбекова, А. Ислам, Н. Аитова, А. Әмірбекова т.б. 
ғалымдардың зерттеулерінде анықталып, лингвокогнитивтік аспект соңғы 
жылдары кең өріс алып келе жатыр.
Ал Түркияда тіл білімінің когнитивтік бағытының қалыптасып, дамуы 
жаңа деңгейге көтерілуде. 
Түрік тілші-ғалымдары осы кезге дейін тілдік үдерістерді семантика 
тұрғысынан қарастырып, зерттеп келсе: Doğan Aksan [51], [81], [166, Б. 167-184], 
Özcan Başkan [167], Ahmet Kocaman [168, Б. 10-29], [169, Б. 89-103], A.Kemal 
Özinönü [170, Б. 88-93], Hüseyin Sesli [171], Beglan Toğrol [172], Sabahat Tura 
[173, Б. 104-123] т.б.; соңғы кездерде оларды когнитивтік тұрғыдан зерделеуді 
бастаған ғылыми бағдар байқалады: Cem Bozşahin, Deniz Zeyrek
[174],
[175], 
Zekiye Kutlusoy [176, Б. 45-54], [177, Б. 596-612] т.б.
Түркияда ең алғаш когнитивтік ғылымдарға қатысты докторлық 
диссертация қорғаған жас ғалым – Ulaş Başar Gezgin. Оның 2014 жылы түрік 
тілінде жарық көрген «Bilişsel Bilimler Elkitabı» (Когнитивтік ғылымдар 
анықтамалығы) – осы орайда өте маңызды еңбек
[178].
Түркияда 
лингво-когнитивтік 
бағытта 
жүйелі 
түрде 
зерттеу 
жұмыстарының 
ғылыми 
негіздерін 
қалыптастыру 
мақсатында 
ірі 
университеттердің магистратура және докторантура бағдарламаларының бір 
бөлігі оқу бағдарламаларын аталмыш ғылыми бағытта жүргізе бастады. Атап 
айтсақ:
-
Анкара қаласындағы Таяу Шығыс Техникалық Университетінде (Orta 
Doğu Teknik Üniversitesi (ÖDTÜ)) когнитивтік ғылымдарды оқыту бағдарламасы 
(магистратура, докторантура) ашылды;
-
Ыстанбұл қаласындағы Богазичи университетінде (Boğaziçi Üniversitesi) 
когнитивтік ғылымдарды оқыту бағдарламасы (магистратура, докторантура) 
ашылды;


66 
-
Ыстанбұл қаласындағы Йедитепе университетінде (Yeditepe Üniversitesi) 
когнитивті ғылымдарды оқыту бағдарламасы (магистратура) ашылды; сондай-ақ 
жақында когнитивтік ғылымдар факультеті ашылды;
-
Эдирне қаласындағы Тракья университетінің (Trakya Üniversitesi) 
компьютерлік инженерия факультетінде Тракья Когнитивтік ғылымдар қоғамы 
(Trakya Bilişsel Bilimler Topluluğu (TBBT)) құрылды;
-
Анкара қаласындағы Билкент университетінде (Bilkent Üniversitesi) 
Билкент когнитивтік ғылымдар қоғамы (Bilkent Bilişsel Bilimler Topluluğu) 
құрылды.
Аталмыш оқыту бағдарламалары информатика, психология, философия, 
лингвистика, биология, математика, физика пәндері бойынша дәрістерді 
белгілеп, студенттерді когнитивтік үдерістердің әртүрлі аспектілерімен 
таныстыруға бағытталған. Зерттеу пәндерінің қатарына лингвистика, есте 
сақтау, 
жасанды 
интеллект, 
ақыл-ойды 
математикалық 
модельдеу, 
нейроанатомия, эмоциялар, визуалды қабылдау және өзін-өзі тану жатады.
Көріп отырғанымыздай, Түркиядағы когнитивтік зерттеулер көбінесе 
психолингвистикалық зерттеулермен тығыз қиылысып, АҚШ моделіне сай, адам 
антропологиясымен, нейрологиямен, психологиямен тығыз қарым-қатынаста, 
ғылыми лабораторияларда және практикалық дәрістер барысында жүзеге 
асырылуда. Бұл зерттеулерде мінез-құлық эксперименттері, миды сканерлеу 
әдістері, 
компьютерлік 
модельдеу 
және 
нейробиологиялық 
әдістер 
қолданылады. Сол арқылы жасанды интеллект, зейін, ақпарат пен тілді өңдеу, 
үйрену, дамыту, есте сақтау, қабылдау және іс-әрекет сияқты мәселелер 
зерттеледі. 
Бір аңғарғанымыз, таза лингвистикалық бағыттағы зерттеулерге ден 
қойған қазақ тіл білімінің жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік негізін 
анықтауда түрік тіл білімінің заманауи бағыттарына назар аудару қажеттілігі 
байқалады.
Сонымен, когнитивтік лингвистикада тіл адам баласының танымын 
сипаттайтын басты құрал болып саналады. Себебі санадағы, ойдағы, яғни адам 
миындағы аппарат тек тіл арқылы бейнеленіп, көрініс табады, коммуникативтік 
аяға, яғни қолданысқа енеді. Соның нәтижесінде жинақталған санадағы 
концептуалды білім адамның дүние туралы көзқарасынан мол ақпарат береді. 
Тіл арқылы берілген осы білім бізді қоршаған әлемнің үзіктелген суретін 
құрайды.
Демек, зерттеуші Ш.К. Жарқынбекова атап көрсеткендей: «Тіл – адамның 
танымдық әрекеті нәтижесіндегі білімді анықтаудың, сақтаудың, жеткізудің 
жалпы когнитивтік тетігі» [179, б. 475]. Бұл 
пікір 
«Қысқаша 
когнитивтік 
терминдер сөздігіндегі»: «...ақпаратты таңбалап, кодтаудың құралы» деген 
анықтамамен үндесіп, толықтырылады [180, б. 160]. 
Соның нәтижесінде шындықтың адам санасында таңбаланған тұтастанған 
бейнесі тілдің кумулятивтік (мұрагерлік) қызметіне орай, тілде сақталып, тарихи 
сөзжасамдық талдау арқылы анықталады.


67 
Осыған байланысты сөзжасам үдерісін сипаттайтын когнитивтік 
аспектінің «уәж», «ұқсату», «ассоциация», «абстракция» т.б. ұғымдарын 
лингвокогнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеу сөз қыртысында сақталған 
ұлттық дүниетанымды анықтауда аса өзекті. Себебі тілдің кумулятивтік 
қызметін орындайтын туынды сөздер құрамындағы ұлттық мәдениеттанымдық 
ассоциацияларсыз жаңа сөздердің қабылдануы мен қолданысы мүмкін болмас 
еді. Осыған орай, тілдің адам дүниетанымына терең бойлауға қатысты тілдік 
және тілдік емес мәнділіктері өзара сабақтастықта, тіл тұтынушысы өмір сүретін 
қалыптасқан 
ұжыммен, 
қоғаммен 
бірлікте 
қарастырылады. 
Демек, тілдік ұжымда сөз алғашқы қолданыс тапқанда, белгілі бір қоғамдық 
қажеттіліктен туындап, қарым-қатынас жасауға қызмет етеді.
Қазақ тіліндегі бұл қызметке сай архетиптік негіздегі мифтік дүниетаным 
көрінісін зерттеуші Б. Ақбердиева: «Сөз дегеніміздің өзі тек қана дыбыстардың 
тіркесуі емес, белгілі бір мағынаның көрсеткіші, ал мағына болса, қатып қалған 
нәрсе емес, ол да кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп, дамып отырады. Демек, 
сөз және оның мағынасының дамуы әрбір қоғамдық даму кезеңдеріндегі 
дүниетанымдық көзқарастарға тікелей байланысты» [181, б. 17] деп анықтайды. 
Осы арада жаңа сөзжасамдағы жаңару әрекетін таңбалауда тіл немесе 
мәдениет иесі шындық өмірдің қай бөлшегін, қандай сапасын таңдағаны 
маңызды.
Яғни лингвомәдениеттанушы ғалым А. Вежбицкая атап көрсеткендей: 
«Тілдер 
өзінде 
барымен 
емес, 
бар 
нәрсесін 
қалай 
пайдаланып, 
қолданылатынымен ерекшеленеді» [182, б. 244]. 
Қазақ тіліндегі терминдердің танымдық негіздерін зерттеуге арналған 
еңбегінде ғалым С. Ақаев бұл мәселені мынадай кешенді жүйеде қарастыру 
керек деп санайды: «Мәселеге ғылыми қисын, ұлттық мүдде тұрғысынан қарар 
болсақ, терминді қазақшалау-қазақшаламау ісі тілдің, терминнің шартты 
белгілерден 
айырмасы; 
ой-сезімге 
алыс-жақындығы; 
уәжділігі 
мен 
түсініктілігінің маңыздылығы; ғылымның әлеуметтік мұраты; терминге қойылар 
тілдік, қисындық талаптар; термин арқылы тілдің бұзылмай, түзелуі және өз сөзі 
мен құралдары негізінде дамуы; тілге қатысты ұлттық саясат дегендей жайларға 
байланысты шешілуі тиіс» [183, б. 4]. 
С. Ақаевтың ойынша, шетел сөзі арқылы берілетін, арнайы лексикаға 
жататын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет