кеңестеріміз
мемлекет тілінде жүргізілсе, іс қағаздар
жыл басынан бастап қазақ тіліне көшетін болды
(Егемен Қазақстан,
01.01.2010).
Атырауда ардагерлер
кеңесі
жаңа көліктерге ие болды
(Ана тілі,
25.11.2014).
«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік
Кеңесіне
төрағалық ететін Орталық
Азияның тұңғыш елі болады
(Жас Алаш, 22.11.2015).
Академик Р. Сыздық көрсеткендей, «Сөз мағынасының эволюциясы тек
дамудан, жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды. Сонымен қатар
сөз мағынасының күңгірттенуі не мүлдем ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, тарылуы
т.б. танытады» [297, б. 165].
Сондықтан кез-келген қоғамға сәйкес өзіндік ерекшелігінің негізгі көзі
болып табылатын байырғы сөздерді тауып, жинастырып, сөзжасамға пайдалану
лексиканы байытып, жаңа сөздер жасау ісіне ықпал етеді. Себебі, тілдің дамып
жетілуі және қоғамдық-әлеуметтік қызметінің күшеюімен байланысты қазақ
тілінің лексикалық қазынасын жұтаңдатпай, тілді сөз нәрімен толықтыра түсетін
оның сапалық жағын зерделеу және санымен де байыту – кез келген қоғамда
тілге қойылатын қолданыс талабы.
Дегенмен негізгі мақсат қайткенде де сөз санын көбейту емес. Мақсат –
бай ауыз әдебиеті мұрасы мен сөйлеу тілінде, аймақтық лексикада, көне тарихи
шежірелерде, ертегілер мен ақын-жыраулар тілінде, өткен ғасырларда жарық
көрген қазақ тілінің тарихи сөздіктерінде қолданылған сөздерді орнын тауып,
жаңа атаулар жасауда тиімді пайдалану арқылы сөзжасамдағы қағидалардың бірі
– тілдің өз мүмкіншіліктерін, ішкі ресурстарын молынан, «сарқа пайдалану»
қағидасын жүзеге асыру.
Мысалы, қазіргі қазақ баспасөзіндегі рухани-әлеуметтік тақырыптағы
мақалаларда
Жерұйық, Асанқайғы, Еділ-Жайық
сияқты ертегілердің
кейіпкерлерінің аты елге, жерге деген махаббаттың прецеденттік үлгісі
ретінде
қызмет етіп, ұлттық сананы жаңғыртуға байланысты жаңа қолданыстарда
жаңғырып, бұл ұғымдардың рухани әлеуеті ашыла түсуде [298, Б. 219-228].
Сайып келгенде, бұл қағида – жаңа қолданыстар мазмұнында сақталған
ұлттық кодты анықтайтын когнитивтік тәсіл. Осы тұрғыдан қарағанда, түрік
тілінде жаңа қолданыстардың жасалу үдерісінде қазақ тілімен салыстырғанда
ұлттық сөздік қорды сарқа пайдалану үрдісінің төмен екенін, қазақ және түрік
тілдеріндегі лингвистикалық және экстралингвистикалық себептерді өзара
салыстырып, талдау нәтижелерін сипаттайтын төмендегідей кесте түрінде
көрсетуге болады (Кесте 5).
Кесте 5 – Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың жасалуындағы
айырмашылықтар
Қазақ тілі
Айырмашылықтарды
тудыратын
факторлар
Түрік тілі
138
5 - кестенің жалғасы
1
2
3
екі жақты әсерге ұшырау
(шет тілі→орыс тілі→
қазақ тілі):
филология,
демократия,
ностальгия т.б.
шетел сөздерінің енуі
бір ғана тілдің әсері
(тікелей):
philology (ағылш.)→
filoloji (түр.)
democracy (ағылш.) →
demokrasi (түр.),
nostalgie (франц.) →
nostalji (түр.) т.б.
Ресейге тәуелділік
геосаяси жағдай
дербес, тәуелсіз
көпұлтты халықтың
бірнеше тілде сөйлеуі
әлеуметтік
ерекшеліктер
80 млн. халықтың бір
тілде – түрікше сөйлеуі
қоғамдық
салалардағы
қолданыс
Ата Заң,
әнұран,
әкім,
кептеліс,
мүмкіндігі шектеулі адам
т.б.
қоғамдық-саяси
anayasa,
marş,
belediye başkanı,
trafik sıkışıklığı,
engelli
т.б.
сыбайлас жемқорлық,
айыппұл,
келісім-шарт,
экоөнім т.б.
экономика
yolsuzluk,
para cezası,
sözleşme, anlaşma,
eko-ürün т.б.
компьютер,
принтер,
сервер,
драйвер,
сканер
распечатка,
тінтуір т.б.
ғылыми-техникалық
bilgisayar,
yazıcı,
sunucu,
sürücü,
tarayıcı,
çıktı,
fare т.б.
ұлықтау,
бағдарлама,
эксклюзив т.б.
мәдени
açılış töreni,
program,
seçkin т.б.
талапкер,
интерактивті тақта т.б.
оқу-ағарту
lise mezunu,
interaktif beyaz tahta т.б
шабарман,
хатшы,
инструктор т.б.
мамандық атаулары
kurye,
sekreter,
eğitmen т.б.
139
5 - кестенің жалғасы
1
2
3
ҰҒА (Ұлттық ғылым
академиясы),
ҚазҰУ (Қазақ ұлттық
университеті) т.б.
қысқарған сөздер
MÜSİAD (Müstakil
Sanayici ve İşadamları
Derneği),
TOKİ (Toplu Konut
İdaresi Başkanlığı) т.б.
демікпе,
обыр т.б.
медицина
astım,
kanser т.б.
құрама,
дода,
теңбіл доп т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |