спорт
milli takım,
şampiyonluk,
futbol topu т.б.
Соған орай, көне, сирек сөздерді өз ұғымында, немесе тың мағынада
жаңғырту және диалектілер мен қарапайым сөздердің бірқатарын әдеби нормаға
енгізу арқылы да жаңа сөздердің жасалуы тілдің коммуникативтік қызметінің (ол
қазіргі таңда қоғамдық-әлеуметтік, ақпараттық-прагматикалық қызметі арқылы
күшеюде), тіл иесінің танымдық болмысымен сабақтас, тамырлас екенін
анықтап, олардың мазмұнында астарланған рухани-танымдық кодтың кілтін
ашуға негіз болады.
Қазіргі таңдағы жаңа қолданыс жасауда бұрынғы орысша атауды
қазақшалауда оны ұлттық ұғымға теңдестіру, сәйкес келтіру әдісі негізінде
жасалған
тұсаукесер, кәдесый және
беташар сияқты жаңа қолданыстар
мазмұнында астарланған эномәдени код бұған мысал бола алады.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тікелей қатысты этнографизм ретінде
қолданылған
тұсаукесер сөзі орыс тіліндегі «презентация» сөзінің қазақша
баламасы ретінде өзекті терминге айналды.
1974-1986 жылдар аралығында жарық көрген 10 томдық «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде»
тұсаукесер сөзі жеке ұғым атауы ретінде берілмеген.
Қазақтың салт-дәстүріне тән ұғымын бейнелейтін
тұсауын кесті деген тіркес
көрсетілген [69, б. 290].
Ал, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» 14-ші
томында
тұсаукесер сөзіне екі түрлі белгі қойылған: 1.
этн . Сәби қаз тұрған соң
тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. 2.
жаңа . Алғаш рет
таныстыру рәсімі / алғашқы, тұңғыш [68, б. 441].
Бірақ түп-тамыры этномәдениеттен таралғанымен, этноұғымдық мәні
кейін ығысқан
тұсаукесер сөзінің қазіргі жаңа қолданыстық мәні – «алғаш рет
таныстыру рәсімі». Яғни қазіргі таңда орыс тілінен тікелей алынған
«презентация»
сөзінің баламасы ретінде қабылданды.
Мысалы:
Кеше ҚР Ұлттық кiтапханасында “Хореографы Казахстана” атты энциклопедиялық анықтамалықтың