Зерттеу жұмысының нысаны .
Қазақстан және Түркия баспасөзінде
белсенді қолданылған қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-тарихи және экономика
салаларындағы жаңа қолданыстар.
Зерттеу жұмысының пәні . Қазақ және түрік баспасөзінде қолданылған
жаңа қолданыстардың лингвокогнитивтік аспектісі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері .
Зерттеудің мақсаты – қазақ және
түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингвокогнитивтік даму жүйесін жан-
жақты зерттеу.
Диссертация мақсатына сәйкес зерттеу жұмысында мынадай
міндеттер алға қойылды:
-
қазақ және түрік тілдеріндегі жаңару үдерісін тарихи-әлеуметтік және
қазіргі тілдік жағдаятпен сабақтастыра сипаттау (
тіл~қоғам ,
тіл~мәдениет, тіл~ғылым // техника, тіл~бизнес, тіл~экономика, тіл~жаһандану, тіл~дін (имандылық) т.б.
контексінде);
-
қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген «жаңа қолданыс» және
«неологизм» ұғымдарының анықтамаларын салыстырып, ерекшеліктерін
көрсету;
-
Ресей және Еуропа ғалымдарының неологиялық және неографиялық
еңбектеріне ғылыми-сипаттамалық талдау беру;
-
түрік тіліндегі жаңа қолданыстардың қалыптасуына ықпал еткен
экстралингвистикалық факторларды түрік тілінің дамуының тарихи кезеңдері
мен саяси реформалық сипатымен сабақтастырып, сипаттау;
-
жаңа атау үдерісіндегі ономасиологиялық жүйенің лингвокогнитивтік
уәжділігін айқындау;
-
жаңа қолданыстардың антропоөзектік сипаты мен ұлттық кодын қазақ,
түрік баспасөзіндегі метафоралық және фразеологиялық тілдік бейнесі негізінде
ашу;
-
қазақ
және
түрік
медиабейнесіндегі
жаңа
қолданыстардың
прагматикалық және кумулятивтік қызметін зерттеу.