Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет5/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Семантикалық
неологизм
– сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған 
жаңа мағына. 
Семасиология
– сөз мағынасын, мағына өзгерісін зерттейтін ғылым.
Тілдік әлеует
– сөз мазмұнында ашылатын мүмкіншіліктері, күш-қуаты, 
мағыналық реңктері. 
Тілдік балама
– тілдік құралды тең мағынада, тең функцияда толық 
алмастыра алатын толық әлеуетке ие, тұрақты, екітілді лексикографиялық 
сөздіктерде норма ретінде ұсынылатын сөз тіркесі.
Тілдік жағдаят
– белгілі бір этникалық бірлестіктегі немесе көптілді 
әкімшілік-аумақтағы тілдік қарым-қатынасты қамтамасыз ететін,
қоғамдық-
әлеуметтік жағдайларға сай
қалыптасатын коммуникативтік ахуал. Тілдік
жағдаят – қоғамдағы түрлі әлеуметтік жіктердің белгілі бір қоғамдық-тілдік
тәжірибесінен шығатын шынайы құбылыс.
Тілдік реформа
– тілдік жүйеде қалыптасқан құрылымды сақтай отырып, 
қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға сай жаңғыру үдерістерін жүзеге асыру. 
Уәжділік 
– сөзжасам үдерісі барысында сүйенетін семантикалық негіз.
Семантикалық уәжділікте белгілі бір атау мағынасы екінші бір атау 
мағынасымен өзара байланысты болады. 
Ұлттық код
– ең алдымен, тілде, сосын салт-дәстүрлерде ұлттық
мәдениетті айқындап, елдің ұлт ретіндегі біртұтастығын, бүтіндігін сипаттайтын 
арқау ретінде тілде астарланған, соның нәтижесінде мәдени архетиптердің тілдік 
бейнесінде сақталған этнотаңба. 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы
Жаһандану 
дәуіріндегі 
саяси-экономикалық, 
ғылыми-техникалық, 
мәдениаралық қарқынды байланыстар нәтижесінде қазақ және түрік тілдерінің 
лексикалық құрамының даму үдерісі де сандық та, сапалық та жаңа деңгейге 
көтерілді.
Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие 
болуына сәйкес танымдық негізге сүйенген тілдің қоғамдық қызметінің 
қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ сөзінің терең мазмұнында астарланған сөз 
әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін тілді зерттеудің жаңа бағыттары да 
қалыптасып, дамуда. Осыған орай, тәуелсіздік заманындағы интеграциялық 
даму үдерісі тілдік санаға да өзгерістер әкеліп, тілдің кешенді қоғамдық қызметін 
жандандыра түсті.
Осы тұрғыдан арнайы лексикалық бірлік болып саналатын қарапайым 
сөздің терминге айналуына қарағанда жаңа ұғымды таңбалау үшін тіл мен таным 
тоғысуы нәтижесінде қалыптасатын жаңа атау барынша күрделі бейнені 
білдіреді.
Қазіргі заман ағымына сәйкес күнделікті қолданыс барысында қазақ 
сөзінің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігі жаңа сөз жасау әлеуетінің жан-жақты 
қырларының ашылу үрдісін күшейтіп, сөздің жалпы қолданыс саласынан жаңа 
ұғымды атауға көшу әрекетін қалыптастыруда. Бұл үдеріс тілдің даму 
қарқынына сай түлеп, жаңғыруы арқылы қалыптасқан жаңа атаулардың 
қолданыс барысында сұрыпталып, сарапталуын ерекше тілдік таңба ретінде 
танымдық негізде қарастыру қажеттілігін айқындады.
Соған сәйкес қазақ тіл білімінде сөзді жаңа тілтанымдық үлгіде 
қарастырудың когнитивтік астарларын ашуға арналған зерттеулер жүргізіле 
бастады. Мысалы, жаңа атаулардың белгілі бір салаға ену (бекітілу) мезетіндегі 
ойлау әрекеті үдерістері
когнитивтік жүйемен сабақтастырылып, когнитивтік 
терминтаным бағыты қалыптаса бастады.
Осы жүйеде жаңа ұғымдардың аталымдық үдерісін анықтаудың да негізін 
қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен жаңа қолданыстар мазмұнындағы танымдық-
ақпараттық сипат құрайтыны байқалады. Соның нәтижесінде тілді тұтынушы 
санасымен сабақтастырудың жаңа қолданыстар болмысын тануға да тікелей 
қатысы бар екені айқындалып отыр.
Осындай жаңару // әлеуметтену үдерісін ертерек кезеңде басынан өткерген 
түрік тілімен салыстырғанда қазақ тілінің қазіргі таңдағы мемлекеттік 
мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, жұмсалымдық, қоғамдық, коммуникативтік 
қызметінің ерекше өзектелу үрдісі, өрісінің кеңеюі, негізінен, тәуелсіздік кезеңде 
дәстүрлі қазақ сөзі негізінде қалыптасуы жаңартылған (семантикалық), жаңадан 
жасалған (сөзжасамдық) баламалары арқылы жүзеге асуда.
Бұл кешенді қызметті анықтауда зерттеуші ұстанатын және тіл иесімен 
бірге ой-танымын байлайтын қазығы – оның бүкіл рухани қазынасын жинақтап 
сақтайтын ұлттық тіл деректерін халық тарихымен, мәдениетімен, ой 



танымымен, жан ілімімен бірлікте қарайтын қазіргі тіл білімінің антропоөзектік 
бағыты.
Тілдің коммуникативтік мәніне орай адам өзін қоршаған шындықты, сан 
алуан құбылыстарды санада қабылдап қана қоймай, оны өңдеп, қорытып, оған 
баға береді, ақпаратты санада жаңа сапада қайта жаңғыртып, күнделікті 
тәжірибеде қолданады. Соның нәтижесінде көрсетілген әрекеттердің тұтас 
көрінісі ретінде тіл арқылы жасалған әлемнің тілдік бейнесі қазақ тіл білімінде 
лингвокогнитивтік тұрғыдан жан-жақты қарастырылуда.
Осы қағидаға сәйкес, жаңа ұғым мен таным кеңеюіне байланысты көбінесе 
газет лексикасында туатын жаңа қолданыстарды да адамның табиғи 
динамикалық танымына белгілі деңгейде өлшем бола алатын когнитивтік 
құрылым ретінде арнайы қарастыру аса маңызды.
Бұл арада субъектінің жаңа ұғымды қабылдауы, танымы және атау 
қажеттілігінен туындайтын практикалық әрекеті мен аялық білімімен байланысы 
адам санасында әлемнің ғылыми бейнесі жасалған түсінік ретінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет