Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет6/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Зерттеу жұмысының өзектілігі
. Диссертациялық жұмыс қазақ және түрік 
баспасөзінде белгілі бір уақыт аралығында (1995-2015 жж.) жарияланған жаңа 
қолданыстардың тілде орнығу // орнықпау, кей жағдайларда терминге ұласу 
үдерістерін өзара салыстырып, лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеуге арналған.
Осы кезеңде жаңа ақпараттық технологиялардың даму заңдылықтарының 
үстемдік етуі және ақпарат алмасудың интегративтік салаларының пайда болуы, 
коғамдағы рухани-әлеуметтік сілкіністер қоғамның түрлі салаларында жаңа 
атаулардың (сөздердің) кең өріске шығуына ықпал етіп, мемлекеттік мүдде 
тұрғысынан талап етілетін қоғамдық қажеттілікке айналды. Осыған байланысты 
жаңа атау мен термин арасындағы шекаралық орынға сөздің мағыналық 
құрылысының өзгеріске ұшырайтын жері ретінде назар аударылады.
Сондықтан жалпы қолданыстағы лексикалық бірлікті арнайы лексикалық 
бірлікке (терминге) ұластыратын ойлау әрекетінің үдерістерін зерттеу, жоғарыда 
көрсеткеніміздей, когнитивтік терминтанымның өзекті міндеттерінің бірі, жеке 
зерттеу нысаны. Жалпы алғанда, өзінің антропоөзектік бағытына сай бұл тектес 
зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп қарастыру үшін тілді тек өз ішінде емес, 
тілден тыс, ақиқат шындықпен тығыз байланыста қарауды талап етеді. Өйткені 
жаңа лексикалық бірлік ретінде жаңа қолданыстар болмысын танымдық негізде 
арнайы қарастыруды мақсат еткен бұл жұмыстың өзектілігін айқындауда 
тақырыпқа сай тілдік бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық сипатын 
оның 
семасиологиялық, 
ономасиологиялық, 
когнитивтік 
қырларымен 
сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше.
Біздің жұмысымыздың өзегі – қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа
қолданыстарды лингвокогнитивтік талдау мен салыстыруда олардың 
ономасиологиялық негізін уәжтанумен байланыста зерттеу. 
Қоғамдық-әлеуметтік қызметке, ғылыми-танымдық ақпаратқа сай 
қолданыста қалыптасатын жаңа ұғым атауы адам санасында тілдік мәліметтер 
арқылы когнитивтік үдерістерге жол ашып, танымдық жүйеге еніп, білімді басқа 
біреуге жеткізу үшін оны жаңа сөз түрінде таңбалайды. Осыған 
байланысты 



адамның ойлау әрекетін жаңа атау жасау үдерісіндегі когнитивтік басым үлгі деп 
анықтауға болады. Осылайша тіл арқылы дүниені бейнелеудегі адам 
танымының концептуалдық рөліне сәйкес атау берудің басым үлгілері үнемі 
алмасып отырады. Сондықтан қазіргі заманғы жаңа атауларды қалыптастырып, 
түсіндірудің когнитивтік үлгілерін анықтау – қазіргі тіл білімінің заманауи 
деңгейіне сәйкес аса өзекті мәселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет