Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793

ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
98
көптеген этнографиялық материалдары мен этномәдениет үлгілерін 
жинады. 
Ол қазақ халқының ою-өрнегі Орталық Азия жүйелерінің бір 
бөлігі болып табылатындығын жазып, онымен көп ұқсастықтар бар деп 
есептеді, сонымен бірге ол ең көне мотивтердің көпшілігін іс жүзінде 
өзгеріссіз қалдырды. С.М.Дудин түркілік мәдениет құндылықтары 
болып табылатын қазақ ою-өрнегінің негізгі төрт белгісін, яғни, бірдей 
фон мен үлгісін, мотивтердің эквиваленттілігі мен дипластика 
құбылысын, шектеулі түсті гаммасын, үстіңгі және астыңғы жақ 
бөліктерінің болуын анықтады. Зерттеуші фон мен үлгінің теңдігі 
идеясында, ең алдымен, материалды үнемдеу ниетінен туындайтын 
практикалық мағынаны көрсетіп өткен. Валерия Прищепова 
еңбектерінде С.М. Дудиннің түркі халықтарының этномәдениет 
тұрғысындағы зерттеулерінің маңыздылығы қазақ ою-өрнегінің көне 
түркілік мотивтерінде ашыла түседі [10, 12-б] (сурет-2,3,4). 
Сурет-2. Сырмақтағы қазақ ою-өрнегінің мотивтері (С.М.Дудин салған 
суретінен) 
 
Сурет-3. Қазақ ою-өрнегінің көне түркілік мотивтері (С.М.Дудин салған суретінен) 


 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
99
Сурет-4. Кебеже ою-өрнегінің көне түркілік мотивтері
(С.М.Дудин салған суретінен фото) 
Сол сияқты, халықтық қолөнеріміздің түркілік тарихи мәні мен 
сипатын беруде Ә. Марғұлан, С. Қасиманов, М.С. Мұқанов,
Ж. Балкенов, Қ.Е.Ералин еңбектеріндегі тұжырымдарды айтуға 
болады. Мәселен, профессор Ж. Балкенов түркілік этномәдениеттегі 
қазақ ұлттық ою-өрнектерін қазақ халқының мәдени жетістіктерінің 
негізгі бөлігі және заңды жалғасы ретінде бағаласа, профессор
М.С. Мұқанов қазақ ою-өрнектерін әртүрлі стильдердің синтезі әрі 
стильдік қалыпқа түскен элементтердің бейнелерінен тұратын алуан 
түрлі әшекейлерге жатқызды. Ал, профессор Қ.Е. Ералин түркілік 
этномәдениетте өзіндік орны бар қазақ ою-өрнектерін көркем 
бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі деп 
тұжырымдады [11, 32-б ]. 
Түркі халықтарында өмірді игілендіруші этномәдениетінде 
ертеден қалыптасқан салт-дәстүрлер өте мол болған. Олар табиғатпен 
етене 
байланыста, 
қарым-қатынаста, 
халықтың 
ауызша 
шығармашылығында, 
таңғажайып 
халықтық 
өнерінде, 
киім 
әдемілігінде, қонақжайлық қағидаларында, жақсы мінездің ізгі әдеттері 
мен әдептілік ережелеріне бөлініп отырған. Оған:
«Сөз, өсиет – мұра өліден тіріге, 
Мирас тұтса, пайда өзіңе, тіліңе», – деген нақыл сөздер дәлел 
бола алады. 
Сол сияқты, халқымыздың: 
«Ұлыңды үйрет күллі өнер, білімге, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет