Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері


Keywords: folk crafts, turkic ethnoculture, ornaments, spirit, symbol, artistic  images, cultural values, signs of Turkic ethnoculture



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
KAZAK DEKORAT F SANATINDA T RK ETNOK LT R N N G R NT LER [#1197717]-2743793

Keywords: folk crafts, turkic ethnoculture, ornaments, spirit, symbol, artistic 
images, cultural values, signs of Turkic ethnoculture. 
 
Кіріспе 
Қазіргі әлемдік кауымдастық заманында әрбір халықтың 
мәдениеті мен өнерінің дамуы терең тамырлардан бастау алатын кең 
мағыналы тарихын, ауқымды да, ғасырлар тоғысынан таралған 
мәдениетін, өзіндік қайталанбас тілі мен ділін, санқырлы да, шежірелі 
өнерін, бүкіл танымдық философиясын оқып-білумен, сапалы 
зерттеумен, соларды өз өмірі мен тәжірибесінде ұтымды әрі ұдайы 
қолдана білуімен ұштастыруға байланысты болатындығы ақиқат. 
Қазіргі таңдағы біздің еліміздің ахуалын арттырудың негізгі 
міндеттеріне тарихи, халықтық, ұлттық мәдени мұраларымыз бен 
игіліктерімізді, өнерімізді сақтау және оларды дамытуды жүзеге асыру 
жатады. Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» [1], «Рухани 
жаңғыру» [2] бағдарламаларында халықтық өнер мен мәдениет 
құндылықтарына жете назар сала отырып, өскелең ұрпақтың рухани 
дамуын қамтамасыз ету, әлемдік сахнадағы халқымыздың ғасырлар 
бойы сақталып келген мәдениеті мен өнерін дамыту сияқты күрделі 
міндеттер алға тартылды. «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасында 


 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
94
Ұлы Дала жерін мекендеген, әлем өркениетінің дамуына зор үлес 
қосқан түркі дүниесінің мәдениеті мен өнерін рухани жаңғырту 
жолдары белгіленіп, оның маңыздылығы айқындалып берілді [3, 2-б]. 
Адамзаттың данышпаны, түркі дүниесінің асыл қазынасын 
дәріптеуші ғұлама ғалымымыз Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің әйгілі 
трактаттарында адам бойындағы бақытқа жеткізетін он екі қасиетті 
дамытып тәрбиелеуі қажет екендігін көрсете келе, өнер-білімге құмар, 
ақыл-ойын ұштап отыратын көреген, алыстан ойлайтын, әрбір істің 
шешімін таба білетін адам болуы шарт деп көрсеткен [4, 147-б]. Сол 
сияқты, Жүсіп Баласағұн өзінің атақты «Құтты білік» еңбегінде түркі 
халықтарының ғылымының, өнері мен тілінің тынысын анықтап, 
рухани өмірінің қыр-сырын сипаттады. Бұл шығармасында түркі 
халықтарына ерекше тиесілі жақсы тілек, жақсы сөз, жақсы іс сияқты 
рухани мәдениет тізбегін көрсетеді. Түркі халықтарының рухани асыл 
қазынасын көріп өскен данышпан Ж.Баласағұн түркілік этномәдениет 
құндылықтары ретінде мыналарды анықтап берді: 

ақыл, ақылдылыққа тәрбиелеу (оны ашулану, өшігу 
күңгірттендіреді); 
- достық, достыққа баулу (оны күншілдік бұзады); 
- ар-ұят (оны ашкөздік пен тойымсыздық жеңеді); 
- жақсы орта және отбасы тәрбиесі (оған нашар орта кері әсер 
етуі мүмкін); 
- бақыт (оны қызғаншақтық бүлдіреді); 
- қарым-қатынас әдебі (оған бар нәрсе әсер етеді); 
- тіл әдептігі, қасиет сипаты. 
Ж. Баласағұн өнер-білімнің адами қасиеттерді қалыптастырудағы 
маңыздылығы туралы:
...Адамды хақ жаратты да ескерді: 
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді. 
Көңіл берді әрі тілін тербетті, 
Ұят берді, берді құлық, келбетті. 
Оларсыз еш іс бітпейді емес пе? – деп айта келе, түркі 
халықтарының адамгершілік тәртібіне, рухани мәдениетіне баса көңіл 
аудара отырып, түркілік этномәдениет сипатын көрсетті [5, 309-б].
Махмұт Қашқари түркілерді көрікті, өңдері келіскен, жүздері 
мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне 
берік, мақтану мен тәкаппарлықты білмейтін, қаһарман да, қайсар, 
батыр ел болғандығын және тарихын жатқа білетін, өнері мен өнегесі 
бірге жүретін, ата-бабалар өсиеті мен мәдени мұраға аманат ретінде 
қарайтын халық ретінде көрсетеді [6, 35-б].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет