Қазақ СӘндік қОЛӨнеріндегі түркілік этномәдениет бейнелері


Ғылыми-зерттеу әдіснамасы



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата08.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#99777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ғылыми-зерттеу әдіснамасы  
Зерттеу барысында алға қойылған міндеттерді орындау 
барысында: тақырыптың тарихи, этномәдени негіздерін анықтау және 
нақтылау әдістері, түркілік этномәдени зерттеулерді сараптау және 
салыстыру, ғылыми негіздеу әдістері қолданылды. 
 
 


 
 
 
 
 
ІSSN-p 1727-060Х
 
 
ІSSN-e 2664-3162 Túrkologıa, №4(112), 2022 
96
Нәтижелер мен талқылаулар 
Түркілік этномәдениеттің ауқымды саласы ретіндегі қазақ халық 
қолөнерінің пайда болуы, дамуы, ерекшеліктері, технологиялары мен 
эргономикасы, маңыздылығы 
мен орны 
туралы 
зерттеулер 
Ә.Марғұлан, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Т.Бәсенов, А.Тәжімұратов, 
А.Ақышев, Ө.Жәнібеков, Қ.Байпақов, М.С.Мұқанов, Қ.Әмірғазин, 
Қ.Ералин, Ж.Балкенов, Е.С.Асылханов, М.Ш.Өмірбекова, К.Құдабаева,
Ұ.Әбдіғапбарова, Д.Шоқпарұлы, С.Төленбаев т.б. еңбектерінде 
қарастырылған. 
Шетелдік 
ғалымдардың 
ішінде 
С.М.Дудин, 
Е.Р.Шнейдер, Л.Гумилев, М.П.Грязнов, А.Н.Бернштам, Г.В.Григорьев, 
С.И.Руденко, Б.Н.Денике т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттеліп 
жазылған. 
Түркілік этномәдениетіндегі өнертанушы ғалым Ө.Жәнібеков 
қазақ қолөнерінің мәдени құндылықтарын айқындау мәселелерін 
кеңінен қарастырды, әсіресе ұлттық ою-өрнектердің шығу тарихына 
түркілік дүниетаным тұрғысынан құнды әрі дәлелдемелі негіздемелер 
жасады. Мәселен, шеңбер бейнесін түркілік дүниетаным түсінігіндегі 
әлемдік кеңістікке баламалап, төрт құлақ оюын төрт құбылаға теңеді, 
ал, шимай өрнегінің бейнесін күн мен түннің алмасып отыруымен 
сипатталатын өмір мен тіршілікті, яғни тынымсыз қозғалысты 
білдіретіндігін анықтады. Көне түркілік дүниетанымдағы қазақ ұлттық 
ою-өрнектерінің өзіндік бейнелерінен олардың терең мағыналы әрі 
этномәдени құндылық көздері екендігін байқаймыз [8, 54-б].
Түркі халықтарының ішіндегі қазақ қолөнерін зерттеуші ғалым 
Қ.Әмірғазин қазақ қолөнері мен ою-өрнектерінің түрлері мен тектерін 
зерттеуге атсалысып, құнды еңбектер жазып, ұлттық колөнер 
бұйымдарын жасаудың мәніне, тарихи образдық стильдеріне, олардағы 
сәндік 
элементтерді 
ұлттық 
дүниетаным 
негізінде 
қолдану 
ерекшеліктеріне ерекше пікірлер білдіреді [9, 82-б].
Ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыстық және сәндік қолөнер 
бұйымдарында бейнеленген ою-өрнектері өзі қоршаған табиғаттың 
әртүрлі бөліктерін елестетіп, ай мен күн, жұлдыздар, жер-су, 
өсімдіктер, төрт түлік малға байланысты зооморфтық, космогониялық, 
өсімдік тектес, геометриялық т.б. өрнектерді туындатқан. Соған 
сәйкес, айшық, жұлдызша, күн, бес жапырақ, тарақ, су, мүйіз, 
төртқұлақ, жауқазын т.б. мыңдаған ою-өрнектер түркілік этномәдениет 
бейнелерін құрайтындығын да айтуға болады. Түркілік этномәдениет 
саласы ретіндегі қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бейнелері мен 
көріністері, мәні мен мазмұны Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Ж.Балкенов 
т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде көп қарастырылған және 
олардың зерттеу барысындағы суреттерінде анық байқалады (сурет-1). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет