Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазіргі қазақ БАҚ-ғы сөз прагматикасы



бет228/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248
4.Қазіргі қазақ БАҚ-ғы сөз прагматикасы
Уақыт пен кеңістік контексінде қоғамдағы тіл қызметінің тілді тұтынушының санасы мен әрекеті аясындағы, атап айтқанда, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде коммуникативтік қызметінің жоғары қоғамдық қолданысының ерекше көрінісі – газет прагматикасы. Бұл арада газет тілінің аясында адресант (журналист) – газет мәтіні – адресат (оқушы) байланысына ерекше мән беріліп, осы мақсаттағы прагматикалық пресуппозиция психолингивстикамен, социолингвистикамен ұштасады. Газет мәтініндегі астарлы т.б. мәндермен астасып, жаңа экспрессивті бояуға ие болған сөздер (жаңа қазақ, билік, шенеунік т.б.), жаңа сападағы имандылық мазмұнға ие болған діни лексика, жағымсыз бағалауыш лексика (жемқорлық, жымқыру т.б.), әр түрлі сөз құбылтулар мен жаңа қолданыстардың прагматикалық мәні жеке сөз шеңберінде емес, қазіргі қазақ газет мәтіндерінің тұтас жүйесінде анықталатыны соңғы зерттеулер барысында айқын көрінеді. Және газет мәтініндегі контекстік мағына негізінде қалыптасқан прагматикалық мағынаның бара-бара негізгі мағынаға да айналып кететінін де газет тілін зерттеу нақты көрсетеді. Мысалы, шенеунік, тұсаукесер т.б.
Қазақ тіл біліміндегі кешенді сипатта қарастырыла бастаған мәтін лингвистикасы тұрғысынан газет мәтінінің тілі соңғы зерттеулерде қазіргі қоғамда қарым-қатынас жасаудың, тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық сананы жаңғырту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қоғамның барлық саласында қолданылуының тиімді де, ықпалды коммуникативті-прагматикалық құралы ретінде қарастырылуда. Антрополингвистикалық бағыттағы «ұлт пен тіл біртұтас» қағидасына сай зерттеу сипаты газет мәтіні прагматикасынан да айқын көрінеді. Мысалы, тақырыпаттардағы шешендік өнер мен мақал-мәтелдердің, тұрақты тіркестердің газет мәтінінде атқаратын прагматикалық қызметі қазіргі қазақ газеттерінің ерекшелігі ретінде бағаланады.
Ұлттық сананың тілдік көрінісінің жалпыхалықтық сипатын танытатын қазақ тілді басылымдарының саны күрт көбеюмен қатар, олардың сапалық-кәсіби деңгейі артып, тәуелсіз елдің еркін ойлау үрдісін сипаттайтын, ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердің алуан түрде қалыптасуына жол ашылды. Осыған орай, бұқаралық коммуникация тіліндегі жаңғырған этнолексикалық бірліктер адресат пен оқырманның когнитивтік санасындағы ұлттық, діни, қоғамдық-әлеуметтік, саяси ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір айғағы болып табылады. Жаңа саяси ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір айғағы болып табылады. Жаңа қазақсатандық қоғамды тіл арқылы қоғамды ұлттық белгіге (тіл, діл, дін) негізделген ақпараттық кеңістіктегі Адам факторы (немесе қоғам) мен тілдік тұлғадан тыс қарастыру әсте мүмкін емес.
Осы үрдісті көрнекті жазушы Ә.Кекілбаев шығармашылығының публицистика тілі негізінде дәйектеп көрсетсек: «Құдайдың өз бергенін өзіміз көпсінбейік деп, кебежеміздің түбін қақпаймыз, күбіміздің түбін сарықпаймыз, баламыздың басын, көгеніміздің бұршағын санамаймыз; Қазақ мәдениетінің ағалар құрып, жүзінен асырып берген қызылды-жасылды өрмегінің қылышы қолымызға тигенде, арқауын босатып, төсегін селкеулеп алмас па екенбіз деген уайым тебіретсе ләзім...».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет