Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Уақап үй – көпшілік болып салынған ортақ үй. Лапас



бет175/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Уақап үй көпшілік болып салынған ортақ үй.
Лапас – үш жақ қабырғасы бар, төбесі жеңіл-желпі жабылған жазғы баспана.
Күрке – шағын жеңіл баспана.
Жерқазба, жеркепе – жерді қазып, үстін жапқан үйшік, уақытша баспана.
Алтыаяқ – керегесіз тігілетін кішкене киіз үй.
Тоқал үй – шатырсыз, төбесі жайдақ үй.


ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ


КИІЗ ҮЙ
Киіз үй – көшпенділер дәуірінің табиғи-тұрмыстық ыңғайына сай дүниеге келген, құранды жабдықты, ағаш сүйекті, киіз жабынды, жиналмалы қазақтың ұлттық байырғы баспанасы, күмбезді архитектуралық дәстүрлі мирасы. Қазақы үй, ағаш үй, қара үй деп те аталады. Қазақы және қалмақы түрлері бар.
Қалмақы үй – үзігі болмайды, тегереші аз, уықтары түзу, көтерме туырлықты, шошақ, тапалша, жатаған, сырт пішіні қораш көрінеді.
Қанат саны мен жабын киіз түсіне қарай қара үй (үш қанатты), қоңыр үй (төрт қанатты), боз үй (бес қанатты), ақ үй (алты қанатты) аталады.
Сән-салтанатты қонақ үйлер сегіз, он екі, он сегіз... отыз қанатты ақ ала орда, ақ шаңқан, ақ орда, алтын орда, алтын үзік аталған.
Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын киіз үйдің шағын түрі. Малшылардың көші-қонды уақытша баспанасы.
Көші-қон немесе жорық үйлер: жебе салма, кеп, ұранқай, қамсау, қаңқа, қоспа, жоламай (жоламалы өзінен шыққан), аран, көтерме туырлық.
1. Киіз үйдің сүйегі – қайың, мойыл, тал-терек, шетен, қарағай ағаштарынан жасалатын шаңырақ, кереге, уық, босаға, маңдайша, табалдырық, сықырлауық, бақан.
Шаңырақ – бұтақсыз, оқырасыз кептірілген қайыңның екі, үш не төрт бөлік иілген қоспаларынан құрастырылған, диаметрі бір-екі метр дөңгелек шеңбер, киіз үйдің күмбезді төбесі.


Шаңырақ бөліктері:
Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Бақалық – шаңырақтың ішінен қабырғаларын керіп тұратын екі не төрт жіңішке жұмыр ағаш не жұқалау енсіз қалақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет