*арба=
*ar түбірі көнетүркі ескерткіштерінде «алдау», «өтірік айту», «иліктіру» дегенді білдіреді. Арба= етістігінің *ar түбірімен төркіні даусыз сияқты көрінеді. Солай болса да, осы етістік түбірінің этимологиясына қатысты ғалымдар пікірі сан алуан. Бірқатар ғалымдар арба= негізінің байырғы түбірі «магияны» білдіретін *ab болып табылады деп тұжырымдайды. Осындай жағдайда арба= туынды түбірін метатеза нәтижесі деп те қарауға болады. Мұндай жағдайлар түркі тілінде жиі кездеседі. Қараңыз: тебреˆ~тербе, өпке~өкпе, қақпа~қапқа және т.б.
Бұл тұрғыда ұқса= етістігін талдау қызығушылық тудырады. Салыстырмалы-тарихи талдаудың көмегімен оның да метатезаға ұшырағандығы анықталуда. Басқаша айтқанда, *ұқса= тұлғасын байырғы деп санауға болмайды. Дұрысы – осқа=. Мұнда *ос түбірі осы, осындай, осылай сөздерімен түбірлес болып табылады. Осы нұсқаға дәлел ретінде чуваш тіліндегі185 ошқын «осындай», сондай-ақ алтай тілінде186– ошқо= «осындай болу», «ұқсас», ошқол «ұқсас», ошқош «ұқсас» нұсқалары қызмет етеді.
Жоғарыда баяндалған көзқарасқа байланысты арба= етістігімен қазақ тіліндегі мынадай сөздерді түбірлес деп санауға болады: абжылан, абдыра=, абыржы=, аптық=, абыр: абыр-сабыр, апақ-сапақ, апат, аптап т.б.
*апшы=
Э.В. Севортян өз сөздігінде сондай-ақ av түбірінің қосымша мағынасын көрсетеді: 1) ұйғыр тілінде – «қуу», «спорт»; 2) түрік диалектісінде «қуу», «қуып жіберу» /ЭСТЯ. 1 Т./. Бізге түбірдің осы мағынасы апшы= туынды түбіріне жақын сияқты. Семантикалық тұрғыда бұл ойды нақтылайтын осы етістікті басқа да ИЕ-мен жақындастыруға болады: аптық=, апыл=, абыржы=.
Сондай-ақ қазақ тілінде «әбігершілік», «қарбалас», «асығыс» және т.б. жалпы мағынасындағы бірқатар туынды сөздер бар. Қараңыз: абыр-сабыр, апай-топай, апақ-сапақ, апы кіріп күпі шықты, апыл-ғұпыл, апыр-топыр.
* алда=
«Қулық», «алдау» мағынасындағы *ал түбірі барлық көне түркілік деректерде, сондай-ақ әзірбайжан тілінің187 диалектісінде, құман диалектісінде Л.Будаговтың188, Вамберидің189 сөздіктерінде және Дерфердің еңбегінде түрік тілінен парсы тіліне өткен кірме сөз ретінде кездеседі190.
Қазақ тілінде ал сөзі «Ал сөзің бе, шын сөзің бе» тіркесінде сақталған.
*аршы=
Барлық туынды түбірлер, соның ішінде ari= «тазалау», arïj= «таза» /ДТС. С.51/, өзбек тілінде – аримоқ «түгесілу» /УРС. С.38/, алтай тілінде – ару «таза» /ОРС. С.82 /, қазақ тілінде – аршы= «тазалау», арыл= медиалдық тұлғасы және т.б. түбірлес сөздердегі ортақ бөлік ретінде *ар түбірін жорамалдауға болады. Якут тілінде ар тұлғасы «таза», «ең жақсы» деген мағынада сақталған, моңғол тілінде бұған уур «таза, қоспасыз» нұсқасы сәйкес келеді.
*аңса=
В.В.Радлов сөздігінде көрсетілген аң етістігінің мағынасы – «сарылу», «күту» /РСЛ. 1 Т. С.183/. Осындай мағына Л.Будагов сөздігінде де кездеседі: аң – «сағыну»191.
Сонымен бірге «ойлау», «ұмытпау» және «ой», «сана» деген синкретті түбірді Э.Наджип, Э.Фазылов, Э.В.Севортян, А.М.Щербак та көрсеткен.
*ақса=
ақса= етістігінің жалпытүркілік семантикасы Э.В.Севортянға оны жалпытүркілік «ауу», «аударылу», «бір жағына төңкерілу» мағынасындағы аγ тұлғасымен /ШФ. С.193/, (қазақ тілінде – ау= ) оның құрамынан «бейімділікті, қандай-да бір іс-әрекетке немесе затқа ұмтылысты» білдіретін «дезидеративті етістіктер көрсеткіші» са суффиксін жіктеп көрсетуге мүмкіндік береді /ЭСТЯ. 1 Т. С.44/.
*айық=
Тұлғасы түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін туынды түбірлердің, соның ішінде қазақ тіліндегі – айық= «өзіне өзі келу»; айыр= «жару», «анықтау» т.б.; татар тілінің диалектісіндегі – айыл= «есін жию» /ТРС. С.10/, хакас тіліндегі – айыл= «ояну», айын= «босау», «сауығу»; айығ= «есін жинау» /ХРС. С.21/, көне түркі тіліндегі аδïγ «сау», аδïl=, аδïn= «сауығу» /ДТС. С.14-15/ т.б. құрамы *ай түбірін табуға мүмкіндік береді. Бұл түбірдің аффикстік морфемамен сіңіспеген түбір тұлғасын Э.В.Севортян өз сөздігінде келтіреді /ЭСТЯ. 1 Т. С.113/.
Достарыңызбен бөлісу: |