Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет20/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248
* қопар

М.Қашқаридың сөздігінде qор= етістігі «көтерілу», «ұшу», «жоғары көтерілу», «орнынан тұру» мағынасында қолданылады. Мысалы, er joqaru qopdi /МК. ІІ Т. С.4/.


Бұл тұлға басқа да ортатүркі ескерткіштерінде де кездеседі. Қараңыз: қоб= /қоп/ «көтеру», «шығу», «тұру» /ФСЯ. С.628/. Қазіргі түркі тілдерінің ішінен қырғыз тілінде қолданылады /ЮКРС. С.405/.


* қайт=

Жоғарыда атап көрсетілгендей, *qaj М.Қашқари, В.Радлов сөздіктерінде және қазіргі тілдердің ішінде чуваш тілінде кездеседі.




* қақта=

М.Қашқари сөздігінде qaq «құрғақ», «қақталған» /МК. ІІ Т. С.282/, қараңыз: qaq et «қақталған ет».


Өзбек тілінде қоқ түбірінің ауыспалы мағынасы да бар: 1) жалаңаш, жалаң: қоқ ер «жалаң жер»; 2) тері мен сүйек қана (адам туралы); 3) сараң, қытымыр /УРС. С.628/. «Кептірілген», «қатты», «құрғақ» мағынасындағы осы тұлғаның қырғыз тілінде мынадай ауыспалы мағынасы бар: 1) «қу, «жылпос»; 2) жазық (құрғақ) маңдайлы (жылқының жорғалығы мен асылдығының белгісі туралы): qaq čeke /ЮКРС. С.405/.


* мақта=

Көнетүркі ескерткіштерінде жалаң maγ тұлғасы «даңқ», «мақтан» тұлғасында қолданылады /ДТС. С.335/




* сүңгі=


Süŋ жорамалданған бастапқы нұсқасын М.Рясянен алтай тілінің202 телеут диалектісінен кездестірген. Қараңыз: тел, süŋ= «сүңгу», süŋ = «төмен құлдилау» (қырғи туралы).


* сызда=

М.Қашқаридың сөздігінде siz= «ағу», «сорғалау» мағынасында кездеседі /МК. ІІІ Т. С.182/, қырғызша – сыз= «тамшылау»/ЮКРС. С.675/. Бұл тұлғалар мағынасы бойынша қазақ тіліндегі сыздықта=, сыздықтап ағу етістіктерімен жақын. Ал сыздап ауыру мағынасындағы аффикссіз тұлғасы алтай тілінде кездеседі /249/203, қараңыз: сыс «сырқырау», «сүйектің сырқырауы». Қазақ тілінде сызда=«бебеулетіп, солқылдатып ауыру, ауысп. «шірену», «менменсу», «паңдану» (ҚТС, 594)». Осы мағынаны «ағу», «сорғалау» есімдік мағынасының семантикалық дамуының нәтижесі, яғни ауыспалы деп тұжырымдауға болады. Қазақ тілінде осындай бірқатар сөздерді табуға болады: сыздан= «маңғаздану», «ызғарлану», сызыл= «сыпайы мінез көрсету», «кербездену»; сызыл: сызылтып ән салу.




* тапа=


*тап кешені М.Қашқари сөздігінде көрсетілгендей, соққыдан немесе құлаудан шыққан қатты дыбыстың жаңғыруы болуы мүмкін /МК. ІІІ Т. С.145/. Осы мағына өзбек тілінде де кездеседі /УРС. С.406/. Оны қырғыз тіліндегі тап «жаттығу» зат есімімен, тапта= «жаттығу» етістігімен салыстыруға болады /ЮКРС. С.704, С.705/, ал көптеген қазіргі түркі тілдері мен белгілі сөздіктерде тек есімді омотұлға ғана кездеседі. Тұлғаның синкреттілігін Вамбери де атап көрсеткен. Сөйтіп tap-а= тұлғасы – тіл дамуының келесі сатысының өнімі.
*тербе=

Осы етістікті метатеза нәтижесі, яғни тер емес, бастапқы түбірі теб деп санайтын ғалымдар пікірімен толық келісуге болады. Көне өзбек тіліндегі нұсқасы – тебре= «қозғалу», «дірілдеу» /ФСЯ. С.373/, Қазіргі өзбек тілінде оған тебранмок «тербелу», «қозғалу», «жыбырлау» етістігінің мағынасы сәйкес келеді /УРС. С.419/.


Қазақ тілінде осы етістіктің ауыспалы мағынасы, яғни тебірен= нұсқасы сақталған.
*тынық=

Көнетүркі сөздігінде tin «тыныстау» мен «демалуды» білдіретін синкреттік түбір ретінде берілген /ДТС. С.567/. Осы түбір сонымен қатар, көптеген түркі тілдерінде, мысалы, өзбек тілінде – тин «тыныстау», «тыныштық», «үнсіздік» /УРС. С.432/, алтай тілінде – тын= «демалыс» және т.б. /ОРС. С.164/.




* танда=

Көнетүркі сөздігінде және қазіргі түркі тілдерінде таң түбірсөзінің әртүрлі мағыналары кездеседі: «шұғыла», «арай», «керемет» және «байлау» т.б. Таң= етістігінің бастапқы мағынасы «таңдау», «іріктеу» мағынасында болған /ШФ. С.197/. М.Қашқарида tan «тор», «елек» дегенді білдіреді /МК. ІІІ Т. С.355/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет