Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет18/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

* безе=

Біз қарастырып отырған негізді «әрлеу» мағынасындағы bediz сөзімен байланысты қарастырған ғалымдардың пікірімен келісеміз. Бұл безе= және bediz тұлғаларының ерекше семантикалық негізімен дәлелденеді:



  1. бедиз «өрнек» (қырғ.), бедер (қаз.)192;

  2. bediš=«бірлесіп әрлеу»; bediz «ою», «өрнек», «әрлеу»; bediz= «безендіру»; bedizči «ағашты, тасты оюшы» /ДТС. С.90/.



* безер=

*без тұлғасын біз, біріншіден, чуваш тілінде193 кездестіреміз. Қараңыз: пис.= «салқындау», ауысп. «жатырқау», päsär= «қыраулану» (päs «қырау»). Екіншіден, татар тіліндегі – «қырау» және «қырау түсу» мағынасындағы безер етістігі194 /ТРС. С.17/.


Қазақ тіліндегі безер етістігінің мағынасы жоғарыда келтірілгендермен салыстырғанда, ауыспалы деп ойлаймыз.


* бағжи=

*Бақ= түбірі А.М.Щербак көрсеткен жалпытүркілік бірбуынды сөздердің тізімінде /ЩФ. С.195/, Көнетүркі сөздігінде /ДТС. С.81/, көне өзбек сөздігінде /ФСЯ. С.197/, қырғыз тілінде /ЮКРС. С.68/ және т.б. деректерде қара= деген мағынада кездеседі. Қазақ тілінде бақ негізі жалаң күйінде «мал бағу», «күту», «тәрбиелеу», «өсіру» және «бір нәрсені аңғару» (ізін бағу, көзін бағу) сияқты тіркестер құрамында ауыспалы мағынада қолданылады. Дегенмен, бақыла=, бақырай= туынды етістіктерінің бақ түбірімен мағыналық жақындығы байқалады.




*балқы=
«Оттың қызуынан өзгеру, жұмсару» мағынасындағы балқы етістігінің қазақ тілінде, сондай-ақ, «елту», «рахаттану», «бал-бұл жану» сияқты ауыспалы мағынасы бар.
Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігінде келтірілген бал түбірінің басқа да мағыналарын бірге қарау қисынды сияқты: 1) жылтыр, жарқырау; 2) жарық, шағылысу; 3) найзағай – түрік диал.; 4) шағылысу; 5) нұрлану, жылтырау; 6) шұғылалану және т.б. Осының нәтижесінде Э.В.Севортян бастапқы тұлға ретінде *бал дыбысбейнелеуші негізін көрсетеді: чувашша – пал «оттың жануы немесе түтіннің шығуы», қырғызша – бал-бал жан= «жану», «түтіндеу» (адам туралы), ұйғыр диал. – бал-балда= «асқақтау», «серпілу» /ЭСТЯ. ІІ Т. С.56-57/. Сонымен бірге бал түбірінен тараған тағы бір сөзжасамдық қатарды көрсетуге болады: бал, бала, балапан, балауыз, балауса, балбыра=, балғын, балдыз, балдыр, балқаш, балшық. Бұл арада жоғарыда көрсетілген бал түбірінің ауыспалы мағынасы айқын көрінеді.
Осы негіздерді *bal түбірінің семантикалық дамуының нәтижесі немесе өзге омонимдік түбірден тараған деп айту қиын.


*бұлдір=


Bül түбірі М.Қашқари сөздігінде «қираған», «ескірген» дегенді білдіреді /МК. 1 Т. С.335/. Қазақ тілінде *бұл тұлғасы қосымша форманттарсыз кездеспейді, қараңыз: бұлдір=, бұлін=, бұлік және т.б. Р.Сыздықова батырлар жырларында Бұқар жырау, Махамбет шығармаларында және басқа да тарихи жырларда бұлу195 етістігінің қолданылатынын атап көрсетеді:
Төбесінен ұрды деп,
Шырағым, атқа мін – дейді
Қалың қыпшақ бұлді – деп
Көрмегенін көрді деп,
Қобланды да жеткенді.


* бұйыр=

М.Қашқарида «қалтырау», «тоңу» мағынасындағы buδ етістігі кездеседі /МК. ІІІ Т. С.439/. Ол сондай-ақ түрік тілінде – buy, buymak «суықтан тоңу» /ЭСТЯ. ІІ Т. С.239/.


Э.В.Севортян осы нұсқалардың негізін buδ~buy~buz~muz деп байланыстырады. Осы байланыстың дәлелі ретінде түрік тіліндегі buymak= «суықтан тоңу», «жаурау» мағынасында келуін айтуға болады, ал түрік тілінің диалектісінде осы мағынада buzmak= қолданылады /ЭСТЯ. ІІ Т. С.239/. Осы қатарға қазақ тіліндегі бұйық етістігін де қосуға болатын сияқты.
Батырлар жырында ауыспалы мағынасында бұрсанды етістігі жиі кездеседі. Оны белгілі р~з дыбыс сәйкестігі негізінде мұзданды етістігінің варианты деп санауға болады. Мысалы:
Шошынып тізгін жимады,
Буырқанды, бұрсанды.
Мұздай темір құрсанды196.
Осы тұлға Е.З.Қажыбековтің еңбегіндегі синкретті түбір негіздерінің тізімінде buz («тоңу~мұз») // buj («тоңу~суық» ) деп келтіріледі197.
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректерге сүйеніп, buj// buy//buz//muz//бур (бұрсанды) реконструкциясын ұсынуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет