Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қалбыр – қаңылтырдан жасалған тамақ салатын ыдыс. Қанар



бет189/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қалбыр – қаңылтырдан жасалған тамақ салатын ыдыс.
Қанар – астық, мақта, жүн сақтайтын, кенептен тігілген үлкен қап.
Қапшық – азық-түлік, басқа да заттарды салуға арналған кішігірім кенеп қап.
Шынта – ас тұратын жерді қалқалап қоршаған ши.
Зерең – ағаштан сәндеп, сыртына бояулы өрнек салын жасаған түбі шұңғыл ыдыс.
Бақыр, бақыраш – сиымдылығы 1 -2 литрлік темір ожау.
Қауақ – асқабақ тұқымдас қауақша деген өсімдіктің ішін үңгіп, шөміш ожау тақылетті жасалған ыдыс.
Ожау – сусын ішуге және оны қүйып алуға ар-налған ағаш ыдыс. Шөміш деп те аталады.
Аяқ – ағаштан ойып жасалған ыдыс.
Қобди – ұсақ-түйек салатын кішкене сауыт.
Бөгіре – кішкене қол сандық, сандықша.
Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс.
Тегеш – металдан жасалған ыдыс.
Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық.
Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.
Тостаған (көзгелдек) – ағаш аяқтың балаларға арналған шағын түрі. Көне атауы Ая.
Боқжама – киізден, матадан тігілген дорба.
Боқша – матадан тігілген қалта.
Борман – әртүрлі бұйым салатын үлкен ағаш жәшік.
Абажа – кебеженің үлкен түрі.
Әбдіре – үлкен сандық.
Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен істелген торсық дорба.
Әбдесте – шүмегі қаз мойынды беті-қол жууға және сәндікке арналған құман.
Шанақ – сусын қүятын, теріден жасалған үлкен ыдыс.
Самар – ет салатын үлкен астау.
Жүкаяқ – ағаштан жасалып, беті металмен қапта-лып, әртүрлі өрнектермен әшекейленген төрт аяқты жүк жинайтын жиһаз.
Метей – су, айран қүятын кішкене ағаш ыдыс.
Талыс – жылқының, сиырдың бас терісінің түгін сыртына қаратып тіккен, түбі кеңдеу, ықшам аузы ашылып-жабылатын, екі жақтауға бекілетін сұйық тағам ыдысы.


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет