Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Көркем сөз прагматикасы – сөз құдіретін танудың антропоөзектік үрдісі



бет226/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

3.Көркем сөз прагматикасы – сөз құдіретін танудың антропоөзектік үрдісі.
Тілдік тұлғаның болмысына сай «ғаламның тілдік бейнесін» беретін көркем мәтін кеңістігіндегі көркем сөздердің қызметін антропоөзектік парадигмада кешенді зерттеудің барысында олардың прагматикалық мәні ашылады.
Олар айтылмақ ойға сай көркем бейне сомдай келе, автордың көзқарасын, дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен сөз жұмсау шеберлігін танытады. Бұл жөнінде көркем мәтін тілін зерттеуші Е.Жанпейісов: «Жазушы тілдегі бейнелеу құралдарын әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал-мәтелдер де, эпитет пен теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір мағыналық астар алып, стильдік функциясы арта түседі» [42, 17], – деп көрсетеді.
Мысалы, Махамбет өлеңдерінен көріктеу құралдарының сан алуан түрі кездеседі. Олардың басым көпшілігі ономастикалық атаулар, табиғат құбылысын танытатын ұғымдар, мифтік мазмұн негізінде қалыптасқан тіркестер болып келеді. Бұл қазақ өмірі ежелден құс, жануар, өсімдік әлемімен тығыз байланыста болып, соның негізінде халықтың дүниетанымы, наным-сенімі қалыптасып отырған ұлттық танымға байланысты.
Махамбет негізгі тақырыбына орай қару-жарақ, сауыт-сайман атауларын кеңінен қолдана отыра, өз тыңдармандарына жақын, түсінікті болу үшін халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесін, ұлттың психологиялық, философиялық ойын танытатын этномәдени бірліктерді көркемдік қажетіне қарай ұтымды пайдаланып отырған. Бұл мәдени ақпарат мазмұнын қамтитын тілдік таңбалар метафора, теңеу, эпитет, метонимия, ұлғайту (гипербола) сияқты көріктеу құралдары мен амалдары негізінде көрініс тауып, автордың ойын дәл, экспрессивті беріп, жаугершілік, қайсарлық, өршіл рух бейнесінің көркем, айшықты болуын қамтамасыз етеді.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов: «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. Мәселен, Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек деу айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан... Сондықтан айқындаудың бұл түрі тек айқындау ғана болады... Мұнан басқа көркейту мақсатпен айқындау бар. Мәселен, қызыл тіл, ақ сұңқар, шалқар көл дегенде, қызыл, ақ, шалқар деген сөздерді көбінесе көркейту үшін айтып жұмсаймыз. Сондықтан айқындаудың бұл түрі көркейту деп айтылады» [43, 184], – деп көрсете келе, қызметіне қарай оны айқындау және көркейту деп ажыратады.
Демек, акад. Р.Сыздық анықтап көрсеткендей, эпитет – бұл белгілі бір заттың сын-сипатын ғана танытатын құрал емес. Ол көркем мәтін ішінде, әсіресе, поэзия тілінде кеңінен қолдана келе, көркемдеуіш, бейне тудырушы және коммуникативті-прагматикалық қызметтерімен де ерекшеленетін көркем мәтін компоненті болып табылады. Эпитеттер поэзия тілінде (мысалы, Махамбет тілінде) көркем бейнені сомдай келе, автордың дүниетанымын, эстетикасын, белгілі бір затқа немесе құбылысқа деген субъективті көзқарасын, идиостилін танытатын көркем дүниелер болып есептеледі: найза, садақ, жай, дулыға, мылтық, қылыш, көбе, кіреуке, сауыт, жебе, сүңгі, қорамсақ, семсер, білтелі сияқты тағы да басқа жаугершілік лексика жалаң қолданылмай, әртүрлі құрамды эпитеттермен тіркеседі: егеулі найза, қозы жауырын оқ, балдағы алтын құрыш болат, қарқыны күшті көк семсер, қоңыраулы найза, орма мылтық, жалаулы найза, шал жебе, толғамалы ақ мылтық, көн садақ, қималы найза, ақ семсер, қанды көбе т.б.
«Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет