Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Тілдік деректер беретін – С.Қондыбайдың ғылыми мұрасындағы «ғаламның ұлттық бейнесі»



бет229/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

5. Тілдік деректер беретін – С.Қондыбайдың ғылыми мұрасындағы «ғаламның ұлттық бейнесі».
Рухани қазыналарымыздың мазмұнына сақталған ұлтты ұйытып, тұтастыратын арқау – тіл арқылы ұлттың рухани тарихы мен таным-тәжірибесін сақтайтын қазынасы, елдік мұрат-мүддесі мен тұтастығын сипаттайтын тілдің ұлттұтастырушылық құралы ретіндегі қуаты.
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттың көркем тілінде сақтаған тілдік деректердің бүгінгі ұрпаққа жеткізілген осы құдіретін тілдің кумулятивтік (мұрагерлік) қызметі арқылы танудың ғылыми-әдіснамалық негізі жасалуда.
Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде этностың бүкіл тарихи, мәдени байлығының куәгері іспетті ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Жоғарыда атап көрсеткендей, әр тіл өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, тіл – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде, ұлтты бір бүтін етіп тұтастырушы. Демек, қазіргі қазақ тіл біліміндегі кешенді зерттеулерге сәйкес, атап айтқанда, белгілі бір тарихи/әлеуметтік/географиялық т.б. ортадағы тілдің қызметін, қалыптасқан дағды мен әлеуметтік мәртебені кеңістік пен уақыт сабақтастығында және белгілі бір коммуникативтік кеңістікте жүзеге асырылатын ерекше тілдік қатысым аясында айқындауға дәйек болатын тілдік деректерді кешенді де жүйелі түрде зерттеудің теориялық негізі де, қағидасы да бар.
Осымен байланысты мазмұнында халқымыздың рухани өрісімен сабақтас қалыптасқан, кумулятивтік қызметі арқылы көркемделген ана тіліміздің төл мәдениетке қатысты ұшан-теңіз тілдік қазынасының ұлттық болмыс-мазмұнын, аксиологиялық мәнін деректік сипатта анықтап, дәлелдейтін зерттеулерге қосылатын нақты дәйектік үлес – «Қырымның Қырық батыры» жыр циклі.
Ежелгі дәуір адамдарының әртүрлі әлеуметтік-тарихи кезеңдердегі өкілдерінің этномәдени болмысы, сөз қолданысы бүгінгі заманға «Қырымның Қырық батыры» тектес шығармашылық көздері арқылы келіп жетті десек, жыр мазмұнынан жинақталған тілдік деректердің мазмұнындағы архетиптік болмыс пен мәдениетті сипаттайтын бай мәліметтер мен этногенезистік ақпарат, олардың көркем мәтінінде айшықталған көне тілдік деректер халқымыздың ұзақ этномәдени даму жолын, материалдық және рухани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде зерттелуі тиіс.
Олай болса, қазіргі тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салаларын негіздеген В.Гумбольдт, А.Потебня, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, С.Қондыбай т.б. көрнекті ғалымдардың ұлт пен тіл, тіл мен мәдениет қағидасына сай кешенді сипаттағы зерттеулердің негізінде «Қырымның Қырық батыры» тектес рухани қазынамызды қазіргі заман болмысымен жалғастырып, игеру – аса маңызды.
Сондықтан өз ғылыми шығармашылығының зерттеу нысаны, мағлұматтар алатын негізгі дереккөз ретінде С.Қондыбай «Қырымның Қырық батыры» деп аталатын, 27-30 жырдан тұратын эпикалық шоғыр және оның мазмұнындағы адамдар мен жер-су аттары, этнонимдер, мифтік фрагменттерді таңдап алған. Оларды археология, сәулет тарихы, климатология, тарихи география, шежіре, жергілікті аңыздар т.б. импирикалық мәліметтерді тарихи-тілдік мәліметтермен ұштастыра қараған.
С.Қондыбайдың зерттеу барысында аталмыш жырдың пайда болған мекені Арал-Каспий өңірінің мәдени-тарихи мұраларын тану мәселесі бір ғана гуманитарлық білім саласының жетістіктерін қамтумен шектелмейтіні байқалады. Мәселен, археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған заттық айғақтарды белгілі бір тарихи мәдениеттің дерегі ретінде қарастыру үшін сол қазба нәтижелерінің қай мәдениетке, дамудың қай кезеңіне жататынын, қандай этникалық ортаға тиісті екендігін сол ежелгі этностың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, танымы дәйектелген мифтердегі көне тілдік қалдықтарды, ежелгі сөз үлгілерін, ономастикалық атауларды, әдеби-тілдік деректерде сақталған этнографизмдерді кешенді жүйеде зерттеудің қажеттілігі айқындалады. Осыған орай зерттеу барысында тарихи жазбаларға мәтіндік талдаулар жасау, мәтін мазмұны мен жеке сөздердің мағынасын тіл мен ұлт, тіл мен мәдениет, тіл мен тарих сабақтастығында жаңғырту, олардың астарындағы символдық белгілер арқылы сақталған этникалық таңбалардың ұрпақ санасында жүйеленуі, соның ішінде, белгілі бір мәдени-ұжымдық және ерекше аймақтық кеңістікте қалыптасқан тұлға болмысының ықпалымен ұштастырыла қарастырылуы қазіргі тіл біліміндегі лингвокогнитивтік аспектіде талдау жүргізумен үндесетіні түсінікті. Алайда, «Қырымның Қырық батырының» деректері мен мазмұнының негізінде Маңғыстау~Үстірт~Қырым мен Ноғайлы~Есен-қазақ~Арғықазақ феномендерін кешенді зерттеген С.Қондыбайдың ғылыми мұрасы жоғарыда көрсетілген парадигманың құрамындағы сабақтастыққа географиялық кеңістік ұғымын да кіргізеді [46].
Ғалымның базалық біліміне сәйкес этнограф не тілші емес, географ болуы оның осы саладағы зерттеушілік тұлғасын төмендетпей, керісінше, өре биігін көтереді. Өз сөзімен айтқанда, оның «эпостанушы мен тарихшы байқамай кететін тарихи-географиялық мәселелерге, басқа да ұсақ-түйектерге мән беру реал-кеңістікті географ ретінде толықтай көз алдына елестете алатындай, оны біртұтас та күрделі дүние ретінде қарастыра аларлықтай қабілеті бар» [47]. Көріп отырғанымыздай, С.Қондыбайдың зерттеуінде географиялық кеңістіктің де дүниенің тұтас бейнесін тануда мәні ерекше.
Нақты айтқанда, ғалымның жыр мазмұнындағы Маңғыстау мен Үстірттің жер-су атауларына қатысты аңыздарды шендестіре зерттеуі – осы өңірде болған ежелгі субмәдениеттердің тарихын, өлкенің рухани тұғырының түптамырын, Каспий аймағында қалыптасқан өзіндік этномәдени қордың көзін ашуға көмектесетін тиімді әдіс.
Осы тұрғыдан тілдің мәні мен қызметі туралы В.Гумбольдт, Э.Сепир, А.Потебня сияқты әлемдік шеңбердегі көрнекті ғалымдардың тұжырымдарын былай қойғанда, «тіл - құрал», «тіл - қор» деп санаған А.Байтұрсынұлының, «тіл – таным қоймасы» деп қараған проф. Қ.Жұбановтың, тілдің ұлт мәдениетін архетиптік, мифтік деңгейінен бері сақтаған құдіретін нақты көрсеткен Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған «тіл арқылы ұлт болмысын таныту» деген антропоөзектік парадигманың қағидасы белгілі.
Олардың зерттеуіне арқау болған – ұлттың болмыс-бітімін, дүниеге көзқарасын, рухани-мәдени құндылықтарын, әлеуметтік мәнін ұлттық таным қорында жинақталған тілдік таңбалар. Себебі қазақ ұлты да басқа ұлттар секілді ғасырлар бойы жинақтаған ой-тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дәстүрін т.б. тілінде көрсете білген. Олар халық өмірінің, тұрмысының, мәдениетінің ортақ сипаты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін ақиқат дүние біреу болғанымен, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта, әр аймақта (астын сызған біз – М.Ж.) әр заманда және әр мәдени кеңістікте әртүрлі деңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Соған сай әрбір әлеуметтік жүйеде, ұлттық ұжымда, түрлі аймақта әрбір қоғамның өркениеттік даму барысында дүние бейнесі тілде өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылып отырады. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, тұтас (концептуалды) әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тіл тұтынушының қолданысында өзінше көрініс табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады.
Бұл жоғарыда атап көрсетілгендей, қазақ тіл білімінде адам санасында қалыптасатын ақиқат дүниенің бейнесі арқылы сақталатын тілдік қорды зерттеуге мүмкіншілік жасайтын антропоөзектік бағыттың үрдісін сипаттайтын жаңа теориялық-танымдық қағида. Осымен байланысты ғылыми шығармашылығы қазақ мәдениетінде ерекше рухани кеңістік құрайтын Маңғыстау аймағының этно-генезистік түп-тамырына тереңдеуге арналған талантты зерттеуші С.Қондыбайдың ғылыми мұрасын кешенді сипатта игерудің маңызы зор.
Олай болса, қазіргі тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары бойынша кешенді сипатта зерттеуге С.Қондыбай мұрасының ғылыми мазмұны мен бай дереккөзі толық дәйек береді.
Атап айтқанда, Маңғыстау өлкесіне қатысты кешенді зерттеу жүргізген талантты ғалым С.Қондыбайдың ғылыми мұрасын «Қырымның Қырық батыры» жырындағы әдеби және тілдік деректерге, топонимдер мен сакралды атауларға, мифологемалар мен прецеденттік мәтіндерге ғылыми сараптама жасау, ескерткіштерде сақталған көне жазба мұраларға графикалық, текстологиялық, лингвистикалық талдау жасау тәрізді кешенді де ауқымды жұмыстар құрайды. Мысалы, Қырым топонимінің құрамындағы Қыр компонентін Үстірт атауымен синонимдес деп тануы [47, 38 б.], немесе «Асан Қайғы~Есен ата, Асан Қайғы~Қазтуған бір бейне ме?» деп зерттеуі [22, 218; 235 бб.], Баба түкті Шашты Әзиз, Бәйтерек, Балқан тау, Жерұйық, Кемпірқосақ, Құмай, Ұмай [48] мифологемаларының негізін сипаттайтын прецеденттік мәтіндерді талдауы, иттің түркілер санасындағы о дүниенің өкілі ретіндегі мифтік бейнесін дәйектейтін иткөйлек, қызғанғаны қызыл итке жем болды, итжан т.б. модельдер арқылы талдауы [49] т.б.
Нақты түрде С.Қондыбай мұрасында деректелген Маңғыстаудың тарихы туралы шежірелер, топонимикалық атаулар мен соған қатысты аңыздар, аңыз әңгімелер мен мифтік таным түрлері, көне дәуірден сақталып жеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлері, этнографиялық атаулар, би-шешендер сөздері, фольклордағы, жыраулар поэзиясындағы тарихи, тілдік, танымдық деректер Маңғыстау мәдени мәтінін, өлкенің руханиятының әлемдік контекстегі орны мен жалғастырушылық қызметін айқындайды.
Ұлт, тіл, мәдениет арақатынастарының, өзара байланысын зерттеудің жаңаша антропоцентристік парадигмасы С.Қондыбайға тілдік деректерді кешенді түрде, яғни қазақ халқының санасымен, дүниетанымымен, өмір сүрген табиғи ортасымен, ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығымен, т.б. тұрғыда қарастыруға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Мысалы, қазақ тіліндегі өте бай ономастикалық қорда қазақ этносына қатысты орасан мол этнотанымдық ақпараттар жинақталғаны белгілі. Осымен байланысты антропоөзектік ұстанымда жүргізілетін лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде қазақ тілінің аймақтық (регионалдық) жүйесін қарастыру белгілі бір шектеулі аймақ – жер-су аттарының сол өңірдің этномәдени, рухани тарихымен байланысын зерттеу болып табылады. Аймақтық деректер сол аймаққа ғана тән лингвотарихи, этномәдени, этнотанымдық тарихына қатысты және соның жалпы қазақ топонимиясына тән заңдылықтарды айшықтап, аражігін көрсетіп бере алады.
Мысалы, Маңғыстау атауы – қазақ тілі ономастикалық кеңістігіндегі түркі халқы мәдениетінде айрықша мәнге ие феномендік атау, 362 әулие мекен еткен ұлтымыздың бойтұмары іспетті прецедентті атау.
Осы тұжырымды дәлелдейтін дәйек деп, Маңғыстау атауының сиэнергетикалық қуатын бейнелейтін мифологиялық таным жүйесіне сәйкес ерте заманнан қазақ халқының, жалпы түркі әлемінің рухани құндылықтар (аксиологиялық) жүйесінен мықтап орын алған мәдени дерек екенін санаймыз. Ал, С.Қондыбай зерттеулерінде Маңғыстау өңірі топонимиясының лингвоменталды (этнотанымдық) кеңістігі мифтік танымға сай тарихи-топонимиялық қабаттар негізінде қалыптасқаны нақты дәйектеледі. Соның негізінде Маңғыстау феномені қазақ мәдени кеңістігінде рухани эталон, әулиеліктің (киеліліктің) бір метафорасы мен символы ретінде танылады; бұл феноменнің және оған қатысты Маңғыстау прецеденттік топонимінің мәдени-философиялық, тарихи-танымдық, діни, идеологиялық және аксиологиялық мәні дәлелденеді.
Қорыта айтқанда, ұлттық санада, қазақ халқынының рухани мәдениеті мен тарихында қайталанбас және мәңгі өшпес өз орны бар Маңғыстау аймағында қалыптасқан мәдени-ұлттық сипаттағы С.Қондыбай жан-жақты көрсеткен эталондар, стереотиптер, мифологемалар мен т.б. ассоцияцияға түсетін бейнелі оралымдар осы мәдени кеңістікте өмір сүруші тіл иесінің санасында біртұтастылық жүйені құрайды.
Сонымен, қазіргі тіл білімінің лингвокогнитивтік теориясы мен антропоөзектік бағытына үндесетін С.Қондыбай ғылыми мұрасының арқауын құрайтын тарихи, этномәдениеттанымдық зерттеулердің кешенді сипаттағы негізгі нәтижелері мен тұжырымдамасын былай деп көрсетуге болады:
- Маңғыстаудың ежелгі кезеңнен ортағасырлық кезеңге дейінгі дамуы мен осы өңірдің этномәдениетінің қалыптасуын байланыстыратын деректерді көрсету;
- Маңғыстау мәдениеті тарихының оғыз, қыпшақ, ноғайлы кезеңі туралы тілдік деректеріне кешенді зерттеу жүргізу;
- Ноғайлық жыр-дастандары мазмұнындағы Маңғыстау тарихымен сабақтастықты бейнелейтін тілдік деректерді лингвомәдени салыстыру арқылы ноғайлы жырауларының тілдік тұлғасын анықтайтын «ноғай феноменін» дәлелдеу;
- Маңғыстау мәдени кеңістігіндегі діни-мифологиялық таным дәйектелген мәтіндерге кешенді лингвотекстологиялық талдау жүргізу, соның нәтижесінде олардың сакралды (киелі) мазмұнын жаңғырту;
- Көркем мәтіндерде айшықталған қазақ халқының сакралды, утилитарлық, эстетикалық, этикалық санасын бейнелеген этнотаңбаларға лингвосемиотикалық талдау жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет