Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет28/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.


2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988.
3. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикографиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2006.
4. Сагындыкулы Б. Фонологические закономерности развития лексики тюркских языков. – 2-е изд. – Алматы : Арыс, 2009.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект). – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
5. Букетова Н.И. Реликтовая корневая морфема как языковая универсалия. – Алматы, 1994.
6. Ескеева М. Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінің және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтардың құрылымдық ереукшеліктері. – Алматы, 2007.
7. Шаймердинова Н.Г. Репрезентация в языке древнетюркской картины мира. – Астана: Арман-ПВ, 2009.
8. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы: Жібек жолы, 2007.
9. Шайхулов А.Г. Структура и идеографическая парадигматика односложных корневых основ в кыпчакских языках Урало-Поволжья в континууме ареальной межтюркской и общетюркской лексики (синопсис и таксономия когнитивной сферы «Природа не живая и живая»): Автореф.докт.дисс.. – Москва, 2001.
10. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШЕТКЕРІ (ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ) СИПАТТАҒЫ ЭТНОТАҢБАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ

Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың зерттеу нәтижелері арқылы тілдік деректер мен теориялардың кешенді сипатта жинақталуы тілдің болмысын анықтаудың біртұтас (концептуалды) үрдісін қалыптастыруда.


Бұл үрдістің бастауында тұрған В. фон Гумбольдт тіл мен рух, тіл мен ойлау, тілдік бейнелеу мен таңба сабақтастығына ерекше мән беріп, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипаттайтын өзінің «ішкі форма» туралы теориясын, тілді жүйелі түрде зерттеу туралы тұжырымын ұсынады. Яғни ішкі форма В. фон Гумбольдттің түсіндіруінде – ойлау материясының элементтерін белгілі бір тілдің табиғатына сай ұйымдастыру тәсілі, моди-фикациясы, яғни құрылымдық жүйесі.210 А.А.Потебня да «тілді анықтайтын, негізінен, ішкі форма, яғни тілдің мазмұндық жағы» деп қарайды.211
Ал Бодуэн де Куртенэ, керісінше, сыртқы форманы алға шығарып, бірақ оны ішкі мазмұнмен тығыз байланыстырады. Яғни тілдің бірліктері мен оларды байланыстыратын қатынастарды тілдің құрылымы түрінде анықтайды және фонема, морфема, синтагма ұғымдарын ғылыми айналымға енгізеді. Бірақ ғалым тілдің иерархиялық құрылымдық қатынастарын ассоциативті-психологиялық негізде қарастыратынын атап өткіміз келеді.
Сонымен, тілдің құрылымы мен мазмұнын ішкі бірлікте қарайтын теорияны одан әрі жалғастырып дамытқан А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Э.Бенвенист т.б. еңбектері тарихи өзгермелі форма арқылы ойдың дамуын көрсететін тілдің таңбалық табиғатының ерекшелігін аша түседі. Нақты айтқанда, біртұтас зерттеулерде тілдің бейнелеуіштік (мазмұндық) мәніне ерекше назар аударылатын болса, ал Ф. де Соссюр, Л.Ельмслевтің еңбектерінде тілдің құрылымдық қатынастары, бағыныңқы байланыстары т.б. негізге алынады. Бодуэн де Куртенэнің пікірі бойынша, тілдің толық жүйелі болмысын оның синтаксистік, морфологиялық және түбірдің фонологиялық деңгейлеріндегі құрылымдық элементтер мен модельдердің байланысы, қарым-қатынастары құрайды.212 Демек, бұл арадағы тіл табиғатының тұтастық сипатына мән беру тіл мен ойлаудың мәселесіне келіп тіреледі. Осымен байланысты генеративтік лингвистиканың көрнекті өкілі, американдық ғалым Н.Хомский: «Тілдің құрылымын зерттеу адамның ойлау қызметі негізінде тілді еркін және творчестволық түрде қолдану арқылы көрінетін ақыл-ойға тән қасиеттерді ашуға көмектеседі»213, – деп санайды.
Осымен байланысты атап кететін жағдай: тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Қайта керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыс тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді.
Тіл білімінде көпке дейін грамматикалық формалардың категориялық мағыналарының әмбебаптығы туралы мәселе дау туғызбай, бірақ лексиканың идиоэтникалық сипаты ерекше атап көрсетілетін. Ол халықтардың ат қоюда ия таңбаны таңдауда өзіндік тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, көзқарастарының, дүниетанымының әсерінен түсіндірілетін. Бірақ тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе.
Қазіргі тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеуші халықтың ой-санасымен, санасындағы терең тілдік құрылымдармен тығыз байланыста қарайтын антропоцентристік және когнитивтік парадигманы жоғарыда көрсетілген қысқаша шолудың мақсаты – бүгінгі қазақ тіл білімінің де құрылымдық лингвистикамен сабақтастығын көрсету. Ал тілдің құрылымын ұстап тұрған негізгі арқау – түбір құрылымы екені белгілі.
Алдағы бөлімде түбір құрылымының тарихи-онтологиялық сипаты уақыт пен кеңістік контекстінде динамикалық категория ретінде қарастырылды. Оның уәжін қазіргі түркі тілдерінің бірі қазақ тіліндегі екібуынды түбір-негіздердің құрамында тарихи кірігіп кеткен «өлі» түбірлерді (моносиллабтарды) жаңғырту талпынысымен анықтауға тырыстық.
Зерттеу барысындағы морфемалық және модельдік талдау жасаудың нәтижесінде түбірлердің көнеруінің, аффикспен кірігіп кетуінің себебі, біріншіден, оларға жалғанған аффикстердің бара-бара өнімсізге айналуы, морфемалар тоғысындағы түрлі морфонологиялық құбылыстардың әсерінен болса, екіншіден, түбір морфеманың тарихи даму кезеңіндегі қолданысына орай мағынасының көмескіленуімен түсіндіріледі.
Сонымен бірге тілдің коммуникативтік қызметімен сабақтас кумулятивтік қасиеті негізінде тіл құрылымының негізгі арқау ретіндегі түбір тек түбір-негіз ия оның сөзжасамдық қатарында ғана емес, тарихи даму барысындағы тілдік жүйенің шеткері өрісін құрайтын құрылымдарда да сақталған. Олар да тіл тұтынушы халықтың тарихи-мәдени, рухани-әлеуметтік т.б. дүниетанымдық әлемін танытатын этнотаңбалық тілдік бірліктер ретінде анықтауды, жаңғыртуды қажет етеді. Осымен байланысты кез келген тілдің табиғи болмысын тану үшін оны тек таза таңбалық жүйе негізіндегі тілдік бірліктердің құрылымы мен грамматикалық қызметі, тарихи деривация мен номинация жүйесінде қарастыру жеткіліксіз.
Осыған орай бір қарағанда морфемалық талдау негізінде байырғы түбірлерді құрылымдық тұрғыдан ажыратып алу (тіпті жорамал түрде болса да) қиын емес сияқты көрінгенімен, шын мәнінде күрделі мәселе екендігін бірінші бөлімнің мазмұнында көрсетуге тырыстық.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, бірбуынды ғана емес, көптеген екібуынды да түбірлердің тарихи тұрғыдан ажырамастай кірігіп кетуі сол тарихи туынды құрылымның тек коммуникативті-функционалды қызметіне ғана қатысты емес, ішкі мазмұнына да («ішкі форма») да байланысты. Себебі тіл философиясының негізін салушы В. фон Гумбольдт, А.А.Потебня т.б. көрсетуінше, тіл ойды туғызушы тетік, тілде о бастан шығармашылық, танымдық мүмкіндік бар.
Бұл арада тілдің коммуникативтік қызметі мен кумулятивтік (мұрагерлік) қызметі астасып кететінін атап өткен жөн. Талай ғасырлар белгілі бір тіл тұтынушы қоғамда коммуникативті-әлеуметтік қызмет атқаратын тілдің бойында тілдік-мазмұндық ақпарат сыйымдылығы жинақталып, «өлі» түбірлердің құрамында «сүрленіп» сақталуы – соның бір дерегі (мейлі, ол туынды түбірлердің құрылымында ма әлде шеткері өрісте ме).
Осы «өлі» түбірлер сияқты ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған, көркемсөз кестесінің шеңберінде айшықталып, ұрпақтан ұрпаққа тілдің коммуникативтік те, кумулятивтік те қызметі негізінде жеткен көне тамырлы сөздердің көзі – фразеологиялық тіркестер.
Олар – ұлттық болмыс-бітімін, дүниеге көзқарасын, рухани-мәдени құндылықтарын, әлеуметтік мәнін, ой-тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дәстүрін ұлттық таным қорында жинақтаған тілдік таңбалар.
Кеңестік кезеңдегі түркітануда фразеология бойынша біршама еңбек жарық көргені белгілі214. Қазіргі тарихи-әлеуметтік кезеңнің кеңістігі мен жеке түркі тілдері тіл білімінің даму деңгейінде көрсетілген нәтижелер фразеологиялық жүйенің жалпытүркілік сипатта типологиялық қорытуды қажет етеді. Осы тұрғыдан жасалған тұжырымдар оның алдында жеке тілдердің лексикасының құрамын, тарихи-морфо-семантикалық құрылымын айқындаған зерттеулерге сүйеніп, түркілік лексиканың ортақ түркі қабатын ажыратып, анықтауға көмектеседі. Осы арада фразеологиялық тіркестердің компоненттері ретінде анықталатын байырғы түркі лексикасының мағынасын, құрылымын фоно-морфо-семантикалық корреляция негізінде қарастыру олардың түбір морфемасын да айқындауға (реконструкциялауға) мүмкіндік береді. Осымен байланысты түркі фразеологиялық жүйесіндегі этимологиясы көмескіленген компоненттердің тарихи-лингвистикалық және этнотаңбалық сипатын жаңғыртуға байланысты зерттеудің негізгі міндеттерін былайша анықтауға болады:

  • ортақ түркі лексикасын анықтау мәселесін зерттеу. Бұл арада фразеологизмнің компоненті ретінде сақталған белгілі бір түбірдің тілдің белсенді сөздік қорына немесе перифериясына жататыны ескерілуі тиіс. Өйткені реликті сөздердің көбі лексиканың перифериясында тұрақты сөз тіркестері, фразеологизмдер құрамында деэтимологизация нәтижесінде пайда болған «өлі» түбір түрінде көрініс табады;

  • әртүрлі тілдердегі фразеологиялық бірліктер құрамында көрініс табатын түркі лексикасының ортақ және өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Өйткені өзара ұқсастықтар кез келген лексика-семантикалық үдерістің даму бағытын көрсетсе, айырмашылықтар – олардың тарихи бірізділігін, қалыптасу сатысы мен қозғалысын байқататыны белгілі;

  • мағынасы, құрылымы, бейнелілігі тұрғысынан сәйкес келетін және белгілі бір ішкі форма негізінде көрініс тапқан жалпытүркілік фразеологизмдердің параллельдерін (жарыспалығын) белгілеу;

  • лексиканың сөзтудырушы бір тәсілі болып табылатын фразеологиялану құбылысын құрылымдық өзіндік ерекшелігіне орай зерделеу;

  • сөзтудырушы форма, екіншілік номинация нәтижесі ретінде фразеологизмдердің семантикалық мәнін айшықтау.

Әдетте, фразеология саласына қатысты салыстырмалы-тарихи және этимологиялық зерттеулерде сөз-түбірлердің реконструкциясы мен этимологиясы және олардың мағынасына қатысты мәселелер арнайы қарастырылмайды.
Шын мәнінде, тілдегі көптеген архаизм-сөздер, өлі грамматикалық формалар және көне синтаксистік құрылымдар лексикалық және грамматикалық жүйелер дамуының нормадан ауытқуы нәтижесі ретінде фразеологиялық бірліктер құрамында сақталған. Яғни, әртүрлі тұрмыс реалийлері, этнографиялық және діни терминдер т.б. фразеологиялық бірліктер компоненттері ретінде тілде көрініс табады.
Осымен байланысты фразеологиялық тіркестерді тарихи-типологиялық тұрғыдан зерделеу барысында негізге алынатын маңызды міндеттердің бірі –жеке тілдік фразеологиялық тіркестерді айқындау және түркі тілдерінің өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған элементтерді белгілеу.
Қазіргі түркі тілдерінің фразеологиялық тіркестері ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Олардың кейбірі түркі тілдері тарихының ерте кезеңіне жатады. Бұған әртүрлі дәуірдің жазба ескерткіштері дәлел бола алады.
Мысалы, батпан құйрық. Қазіргі қазақ тілінде ол «ойламаған жерден түскен олжа» мағынасында қолданылады. Аталмыш тіркестегі батпан компонентінің жеке семантикалық мағынасы айқын емес. Ал көне түркі сөздігінде batman – салмақ өлшемінің атауы. М.Қашқаридің сөздігінде: «batman – 180 кг-дан 300 кг-ға дейінгі салмақ», – деп көрсетілген. Мысалы: iki batman et “два батмана мяса” [ДТС, 89]. К.Юдахин батман сөзін иран тілдеріне жатқызып, жер өлшеміне қатысты мағынасын көрсетеді: «batman – около двух десятин в долине реки Талас».215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет