Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Профессор Н.Ф.Катановтың ғылыми мұрасының қазақ тіл біліміндегі сабақтастығы



бет24/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Профессор Н.Ф.Катановтың ғылыми мұрасының қазақ тіл біліміндегі сабақтастығы

Бүгінгі күннің рухани-әлеуметтік контексінде тілдің қоғамдағы қызметі, мәні, оның бойындағы әлеуеті жаңа да кешенді сипатта анықталып отырғаны белгілі. Атап айтқанда, жаңа сапалық ұғымға ие болған тіл мен ұлт сабақтастығын арқау еткен антропоөзектік парадигма үрдісі ғылыми негіз ретінде тіл арқылы адам (белгілі бір ұлт өкілі) санасында қалыптасқан танымдық қорды және тіл арқылы оның бойына сіңіп, қалыптасқан рухани құндылықтар жүйесін (ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) кәсібін т.б. айқындайды. Осыған орай әр халықтың тарихи-мәдени ұлы мұрасын сақтау, жеткізу және таныту әр ұлттың өзіндік «ғаламының тілдік бейнесі» арқылы көрініс табады. Демек, кез келген ұлттың болмысын, тарихын, төл мәдениетін, психологиясын (танымы, мінезі, санасы) тануға мүмкіндік беретін мазмұндық, деректік әлеует тіл құдіреті арқылы сақталған сол тілді тұтынушы этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының асыл қазынасында. Ал мұның бәрі тілдің тағы бір маңызды қасиетінің бірі мұрагерлік, құжаттылық (куммулятивтік) қызметі арқылы іске асады. Соның негізінде қазіргі лексикографиялық еңбектерде белгілі бір ұлтқа тән этнолексика, мифологемалар, прецеденттік, діни мәтіндер, кәсіби атауларды т.б. сөздіктерде тек тізіп көрсетіп қана қоймай, олардың ие болған мәдени құндылықтарының уәждемелерін жоғарыда көрсетілген тіл әлемін зерттеу парадигмасында анықтау үрдісі қалыптасуда.


Ал, шын мәнінде, этномәдени тілдік деректердің осындай кешенді анықтамасының берілуі жаңа ғылыми парадигманың ғана нәтижесі емес. Бұл дәстүрдің көрінісін ресейлік түркітану тарихынының ерте кезеңінен тән еңбектерден көреміз. Әрине, бұл сабақтастықтағы кешенді әдістің қазіргі заманғы өзін-өзі тануға ұмтылған ұлттық сана жаңғыруының дәйегі ретінде іске асыру мен ХІХ-ХХ ғасыр шегіндегі ресейлік шығыстанушы ғалымдардың миссионерлік мақсатының айырмашылығы белгілі. Бірақ ол ғалымдардың ғылыми-шығармашылық тұлғасы мен кәсіби біліктілігі олардың еңбектерінің маңызын саяси (миссионерлік) мақсат кеңістігінен шығып, түркітанудың ұлтты тану мен танытудың дәстүрі мен сабақтастығына үлгі және негіз болды. Бұл тұрғыдан түркітану тарихының ежелгі кезеңінен басталған М.Қашқари, Ә.Науаи т.б. үлгі боларлық зерттеулер бар екені белгілі. Ал шығыстану ғылымы аясында қалыптасқан ресейлік түркітану тарихында осы бағыттағы зерттеушілердің ортасынан көрнекті орын алатын, түркі халықтарының бірі, хакас ұлтының өкілі – профессор Н.Ф.Катанов.
Профессор Н.Ф.Катановтың өмірі мен қызметінің ХІХ-ХХ ғасыр шегіндегі Ресей және әлемдік шығыстану тарихында өзіндік із қалдырған қазірде оның ғылыми мұрасы дәлелдеп отыр.
Соған қарамастан, өкінішке орай, оның өзіндік мектебін қалыптастыратын жағдай болмады. Дегенмен, Н.Ф.Катановтың ресейлік түркітанудың классикалық мұрасы ішінде көрнекті орын алатын Ресей түркітану тарихында атап көрсетілген (С.Н.Иванов, А.Н.Кононов т.б.). Белгілі түркітанушы А.Н.Самойлович Н.Ф.Катановқа арналған никролог: «ғылым әлемі көптен күткен Н.Ф.Катановтың лингвистикалық және этнографиялық жинақтары жарияланатын шығар» деп үміттенеді [«Восток», 1922, Кн.1]. Өкінішке орай, бұл үміт ақталмады. В.А.Гордлевский бастап жазған көрнекті ғалымдардың еске алу сипатындағы мақалалары ғалымның лингвист, этнограф, фольклорист ретіндегі маңызды ғылыми нәтижелерінің мәнін ашып бере алмағаны белгілі. Одан кейінгі ғалымға қатысты пікірлер орыс ғалымдары мен мектептерінің аясында дәстүрлі биографиялық сипатта өтіліп келеді.
Сібір, Солтүстік Моңғолия, Жоңғария мен Қытай Түркістанына жасаған ұзақ іссапардың барысында жергілікті түркі халықтарының этнографиясын, тілін, фольклорын зерттеп, жинастырып баспаға орасан көлемді материал дайындайды. Атап айтқанда, В.В.Радлов, И.Н.Березин т.б. ғалымдардың нақты көрсетуі бойынша Н.Ф.Катанов карагастардың сүйек атаулары, өзен, ағаш атаулары, сәби туған кездегі, үйлену мен жерлеу рәсімдері, мұсылман мерекелері шамандардың дұғалары, рулық таңбалар, әротикалық өлеңдер, түс жору, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер т.б. жинақтап берген. Осы сипаттағы сабақтастықты Ә.Диваев, Н.Потанин, Ш.Уәлиханов т.б. ғалымдардың еңбектерін былай қойғанда, біз қазақ ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпеев мұрасынан да табамыз.
Н.Ф.Катановтың Шығыс Түркістан сапары туралы өз қолымен жазған есебінде: «...бай этнографиялық және тілдік материал, ақша белгілерін жинадым. ...қазақ-қырғыздар мен қытай татарларының тұрмысы мен тілін зерттедім» деп көрсетеді. Осы арада Қазан округі жанынан 1907 жылы ашылған оқу құралдары мен сөздіктерді құрастыру, аудару ісімен айналысатын комиссияның төрағасы ретінде Н.Ф.Катановтың басшылығымен 1910 жылы «Орысша-қазақша сөздіктің» жарық көргенін атап өту орынды деп білеміз. Бұл сөздік 1915 жылы екінші рет басылып шықты. Кейін Қазан университетінің Түрік-татар тілдері кафедрасына экстраординарлық профессор боп кіргендегі өзінің алғашқы кіріспе дәрісін «Түркі-татар тайпаларының этнографиялық шолуы» деген тақырыпта оқыды. Ғалымның одан кейінгі ғылыми зерттеушілік жұмысына түркі тілдерін сол халықтардың экономикалық және әлеуметтік өмірдің дәстүрлі және жаңа түрлері мен тұрмысы, фольклоры және рухани дүниесімен сабақтас кешенді зерттеу сипаты тән болды. Жалпы алғанда, оның жоғары зерттеушілік деңгейде жинап зерттеген бай материалы көптеген түркі халықтары туралы кешенді де энциклопедиялық мұра болып табылады. Атап айтқанда, хакас, тува, ұйғыр, қазақ, қырғыз, тофалар, татар, башқұрт т.б. туралы. Әсіресе, Сібір халықтарының тарихын, этнографиясын зерттеушілермен бірге оның есімі В.В.Радлов, Д.Н.Анучин, А.Н.Пыпин қатар аталады. Сол сияқты Сібір татарларына қатысты «Тобыл татарларының Көшім мен Ермак туралы аңыздары», «Тобыл татарларының жерлеу рәсімдері», «Тобыл татарларының қатал патша Тамерлан туралы аңыздары» т.б. көптеген еңбектерін атауға болады.
Ал, қазіргі антропоөзектік парадигманың инновациялық, теориялық-әдістанымдық негізге сай бұл сөздер заттың тура таңбасы емес. Ал, мәтіндер, фразеологиялық, паремиологиялық тіркестер т.б. дүниенің тікелей бейнесі емес. Олар белгілі бір ұлттық ұжымның дүниені тануы мен күнделікті тұрмыс пен еңбек тәжірибесі барысындағы архетиптік тілдік санасында, ұзақ уақыт бойы тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі. Бұл тұжырым қазіргі заманға сай көрсетілген жаңа бағыттардың ұстанымы негізінде анықталған. Бірақ В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов тектес ғұламалардың еңбектерінің бүгінгі зерттеу үрдісіне сабақтастығының қазіргі түркі халықтарының болмысын тіл арқылы тануда маңызы ерекше. Мысалы, қазақ тіл білімінде осы ғылыми тұжырымның дәлелі, дәйегі ретінде сүбелі еңбектер жарық көруде. Қазіргі тілді тұтынушыларға ұлтқа тән тарихи-мәдени ақпаратты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші тілдік деректерді ерінбей зерттеген Ә.Қайдардың этнолингвистикалық еңбектері, Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді», Е.Жанпейісовтің «М.Әуезов шығармаларындағы этнолексика» т.б. ғылыми еңбектерді атап өтуге болады. Сонымен бірге академик Ә.Қайдардың «Қазақтар ана тіл әлемінде» атты қазақты танытатын этнолингвистикалық, энциклопедиялық сөздігі, онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» т.б. антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің нәтижесі.
Мысалы, «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» ерекшелігі оның көлемінде ғана емес. Бұрынғы кеңес заманында жарық көрген онтомдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ұлттың тарихын, мәдениетін, болмысын нақты сипаттайтын тілдік деректер (этнографиялық, діни, кәсіби т.б. атаулар) жеткіліксіз берілді не мүлдем берілмеді. Ал, шын мәнінде, ұлт болмысын тұтас тану үшін адамдық факторға (сол тілді тұтынушы ұлт өкіліне), оның тілдік әлеміне терең барлау тіл мен ұлт сабақтастығына қоса тіл мен мәдениет сабақтастығын да ескеруді қажет етеді.
Бұл тектес еңбектердің тілдік деректері қазіргі заман үрдісіне сай ұлтты тану мен тануытудың кепілі бола алады. Себебі осы еңбектерде түсіндірілген я көрсетілген архаизм-терминдер, прецеденттік, мифтік мәтіндердегі архетиптік ұғымдар, этнографиялық, тарихи, археологиялық, культурологиялық деректер этностың тұрмысы мен соған сәйкес атаудың пайда болу заңдылығы мен оны қолданыста бекітетін тілден тыс жағдайларын анықтауға мүмкіншілік береді. Демек, бұл сөздер тек атауыштық қана емес, танымдық та қызмет атқарады. Сөзіміздің дәлелі ретінде ұлт пен тіл сабақтастығын нақты дәйектейтін қазіргі қазақ тіл біліміндегі лексикографиялық еңбектерде түсіндіріліп берілуінен бірнеше мысал келтірейік: қайың сауған, сырнақ, майтабан, шырға тарту, дабыл үй, сайыпқыран, қызғаныштың қызыл ит, тұлдау т.б.
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінен»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет