Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет26/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   248
САЙЫПҚЫРАН сын 1. к ө н е. Қыдырма жұлдыздардың (планеталардың) бір түзудің бойына келгенде туған (бала туралы) [Діни аңыз бойынша, осындай астрономиялық құбылыс сәтінде туған бала ержүрек, алғырлық, асқан батырлық сияқты ерекше қасиетке ие болады тарихта осы себепті Ақсақ Темір сайыпқыран аталды]. 2. а у ы с. Асқан батыр, мықты, алғыр. Қазақ тарихында ерекше тұлға Ақсақ Темірдің аты Сайыпқыран сөзімен тіркесіп қолданылады.
ТҰЛДА = ет. этн. Ел қорғаған батыр, қадірлі азамат өлгенде істелетін, шаңыраққа қара ту байлап, мінген атын күзеу.
Тұлдау < ата-баба дәстүріндегі арысы, азаматы, ардагері дүние салған шаңырақ бір жылға шейін қайғырып, қимасын жоқтап, дауыс айтып өткізу салты. Бұл жыл бұл шаңырақ үшін той-томалақ, ойын-сауық өткізуге болмайтын азалы жыл болып саналады. Азаматтың қазаға ұщыраған күнінен бастап, оның ер-тұрманын жинап, оның үстіне қара киімдерін жауып, белеуін, қамшысын, басқа да ұстап жүрген жабдықтарын соның тұсына іліп, қаралы ту тіккен. Марқұмның тақымы тиіп, өзі мінген атын жал құйрығын күзеп, ешкімге мінгізбей, жылқыға жіберіп, семіртіп, өзінің асында сою әдеті болған (Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) І том. Адам. – Алматы, 2009).
Бұл зерттеулердің нәтижелері мен жаңалығы, зерттеу аясы мен болашағы тек қазақ тіл білімінің тәжірибесіне сүйену, қазақ тілінің тілдік деректерінің мазмұнымен шектелудің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Демек, жоғарыда көрсетілген қазақ тілінің сөздік қазынасын тек қана лексикографиялық тұрғыдан бағалау жеткіліксіз екенін дәлелдейді. Ұлттың болмысын кешендік жүйеде бойына сіңірген тілдік деректердің этнографиялық, аңшылық, саятшылық, кәсіптік т.б. мазмұны тілдің мұрагерлік қызметіне сай ерекше бағалы. Осы тектес сөздіктердің үлгісін профессор Н.Ф.Катановтың мұрасынан табуымыз түркі дүниесінің тамырлас бастауына жетелейді.
Осымен байланысты жүргізілетін интеграциялық және кешенді сипаттағы ұлт болмысын тіл арқылы тану үрдісі генетикалық, мәдени ортақ қазынаны игеруді қажет етеді. Мысалы, қазақ ұлтының архетиптік танымдық қорын «түркі әлемінен» тыс қарау мүмкін емес.
Осымен байланысты түркі әлемінің рухани дүниесін тұтастыруды мақсат ететін халықаралық Түріксой ұйымының шеңберінде қолға алынып, іске асырылып отырған, тек қана хакас ұлтының көрнекті өкілі ғана емес, жалпы түркі дүниесін танытуға өлшеусіз үлес қосқан ғұлама Н.Ф.Катановқа арналған бұл конференцияны қазіргі заман үрдісіне сай маңызды тарихи да мәдени шара деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет