Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Фразеологизм – тілден тыс шындықты бейнелейтін екіншілік аталым нәтижесі, лексикалық сөзжасам тәсілдерінің бірі



бет30/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   248
Фразеологизм – тілден тыс шындықты бейнелейтін екіншілік аталым нәтижесі, лексикалық сөзжасам тәсілдерінің бірі

Жоғарыдағы зерттеудің талдау барысы көрсеткендей, ФТ-дiң құpамындағы мәдениетке қатысты атаулаp көpкемдiк сөз iспеттi, әpтүpлi зат пен құбылысты бейнелi атау үшiн ұpпақтан ұpпаққа беpiлiп келе жатқан дайын сөз үлгiлеpi, таным бірлігі pетiнде, таpихи- лексикологиялық сөз тудыpушы құpал pетiнде қызмет етедi.


Бұл тіркестердегі қандай да бір компоненттер мағыналарының идиомалылығы және оның белгілі бір сөзбен ғана қолданылу жағдайы фразатүзуші фактор болып табылады.
Осылайша әдетте елеулі семантикалық өзек ретінде көрінетін белгілі бір сөзбен басқа сөздер де тіркесе алады, сөйтіп мұндай жағдайда өзіндік сөзжасамдық парадигма жасалады. Сөзжасамдық парадигмадағы лексикалық құралдардың қызметі сөзжасамдық морфемалардың қызметтеріне ұқсас болып келеді. Олардағы сөздің дәрежесі «төмендейді», яғни ол лексикалық мағынасын толық жоғалту арқылы морфологиялық жағынан маңызды болып, тек таза құрылымдық қызметке ғана ие болады.
Фразеологиялық деңгей элементтердің анағұрлым күрделі бірлікке бірігуі кезінде көрініс беретін айрықша белгілерінің негізінде аңғарылады. Бұл ерекшеліктен мынандай бір деректі айқын көруге болады, «тілдің бірінші жіктелімінде» өзі көрініс табатын және тура немесе туынды аталу негізінен дербес болатын тура аталымның нәтижесін көрсететін аталымдық қызметпен қатар, атау беру процесі де жанама аталымның негізінде жүзеге асырылады Сөздің тіркесімділігі оның семантикалық мән-мазмұнына сәйкес келмеген жағдайларда синтагмалық маңызы басым түсіп, «мәнмәтіндік тәуелділігі» орын алады.
Сонымен, айрықша «фразеологиялық деңгей» құрамындағы элементтер тұрақтылығы және сөз тіркестерінің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымындағы өзгермелі элементтерді шектеу арқылы ерекшеленеді.
Қарым-қатынас жасаудың және тікелей шынайы болмыстың аса маңызды құралының әлеуметтік құбылысы ретіндегі тілдің материалдық анықтамасы адамның тілді бағамдап, түсінуінің тек диалектикасы мен динамикасын ғана ескеріп, зерделеуді талап етпейді. Ол сол сияқты лексикалық бірліктер жиынтығында көрініс тапқан материалдық өндіріс пен мәдени-тарихи тәжірибенің нақты талаптары мен түрлерін ашып-айқындап беретін тарихи дамуға да назар аудару қажеттігін көрсетеді.
«Бұл тұрғыдан алғанда тұрақты сөз тіркестерінің тарихы мен этимологиясы үнемі ғалымдардың назарында, өйткені сөздердің бірігуі – ол қандай да бір жүйелі әңгіме, белгілі бір дәрежеде қалыптанған бейне»231.
Сонымен, «Фразеология – көнерген сөздерді, дәуірі өткен грамматикалық тұлғаларды және уақыт пен әдеби норма ығыстырған синтаксистік құрылымдарды өз бойында сақтап қалған тіл қазынасы. Ол тұлға арқылы ұлттық әдет-ғұрыптарды, наным-сенімдерді, тарихи аңыз-әңгімелерді, дүниенің бейнелік көрінісін де бойына сіңіреді»232.
Элементтер белгілі бір тілде жұмсалым тұрғысынан тұтас бір бірлік ретінде қарастыру қажет болатын топтарды түзетін болған жағдайда ғана күрделі бірліктер айрықша деңгейге бөліне алады. Олар осы топтардан тыс нақты қолданыста болмайды.
Сөйтіп фразеологизмдер арқылы сөзжасам негізінде сөздік қорды ұлғайту процесі іске асады.
Сөзжасамдық модельдер, фразеологиялық бірліктер белсенді қолданыстан ығыстырылса да, бір кездері осы үлгіде жасалған сөздерде ұзақ уақыт бойына сақталып қалады.
Тілдегі туынды сөздердің арасында сөзжасамдық архаизмдер ғана көп емес, сонымен қатар дайын бірліктер де мол кездеседі.
Сөзжасамдық модельдер туынды бірліктердің құрылымымен байланысты болатын амал-тәсілдер жиынтығының жүйесі екендігі белгілі.
Сондықтан тілдегі терминдер жүйесіндегі фразеологизм ұғымының анықтамасы ең алдымен тіл бірлігі ретіндегі қайта жасалатын сөз тіркестерінің анықтамасымен тығыз байланысты болады. Бұл анықтаманың қисыны әдетте мынаған келіп саяды: тіл бірліктері сөйлемде жасалмайды, керісінше, дайын күйінде қайта жасалады – тұрақты сөз тіркестері де өзінің белгілі мағынасымен және лексика-грамматикалық құрамымен дербес құрылым түзе отырып қайта жасалады. Тұрақты сөз тіркестері фразеологизмді тілдің өзге бірліктерінен ерекшелейтін әмбебап қасиеттерінің негізінде белгілі бір жүйеге ұйымдасқан тіл бірліктері болып табылады.
Олар көп жағдайларда еркін мағынадағы сөздің тұрақты мағынадағы сөзбен өзара кірігуін көрсететін қостағанды болып келеді. Олардың тек біртұтас күйінде ғана аталымдық қызмет атқаратындығына бинарлығы кедергі келтіре қоймайды.
Фразеологиялық тіркестердің құрылымындағы компоненттер арасында грамматикалық қарым-қатынас болмайды. Бастапқы кезде компоненттерінің арасында синтаксистік қатынастар болса да, бертін келе екі бөлігі де үнемі қайталана берудің нәтижесінде лексикалық тұтас бірлікке, ал атап көрсетілген етістіктер сөзжасамдық элементке айналды233.
Осыған қарамастан олардағы грамматикалық мағына жасайтын компонентті бөліп алуға болады. Фразеологияда оны ұйытқы компонент деп атайды. Фразеологиялық тіркестер негізінен екі типке бөлінеді:

  1. субстантивтік: он екі мүше, опасыз жалған, қанды көйлек жау, қызыл шақа, өмірдің оғындай, көздің құрты;

  2. етістіктік: таяққа жықты, тер төкті, ат ойнатты, көз ілмеді, құлағына құйды, тіл тигізді, табанын жалады, сөз қозғады, сазға отырғызды, қабағын аңдыды, қабақ шытты, көңіл айту, жұлыны үзілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет