Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз



бет19/21
Дата22.02.2023
өлшемі53,5 Kb.
#69926
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Сөздік қор

Ұқсатығы

Сөздік құрам

Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді. Сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйтқы болып, сөздік құрамды байытады. Мысалы, жер сөзінен жершіл, жерлес, жер үй, жертөле, т.б. сөздер жасалған. Негізгі сөздік қорға стильдік қабаттасулар тән емес, оларды стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды.

Сөздік қор мен создік курамның бір-бірінен түбірлі айырмашылыктары бола турса да, олардың ара жігі сіресіп катып калган, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-бірімсн үздіксіз карым- катынаста болып отырады. Бүлардың өзара карым- катынасы мынадай жайттерден накты көрінеді.
Негізгі сөздік кор мен сөздік күрам бір-бірін толыктырып, жаңартып отырады. І іл дамуыныц бір кезендегі негізгі сөздік корга снген создср, онын екінші бір кезеиінде сөздік күрамга ауысады. Мысалы: шидем, асадал, корамсак, кит кшо, отка салар, малай, дүре, әмеңгер, сабан, тіс агаш, күн алу т.б. сөздер бір кезде халык омірінде аса кажет угымдары білдіріп, негізгі сөздік корда болса, жаңа заманда ол үғымдардың ескіріп колданбауына байланысты сөздік күрамга ауысып, оның пасснв кабатгынан (тарихи создер) орын алады

Тіліміздегі создердің жиынтыгы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Мысалы, 10 томдык Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде 100 000-ға жуык лексикалык бірлік енген. Ал сөздікке енбеген сөздер каншама. Сондыктан тіліміздегі сөздердің колданылу жиілігі, калыптасу тарихы, аткаратын кызметі эр түрлі. Сондыктан да создік күрамдагы сөздер колдану жнілігіне карай актив создер жэне пассив сөздер деп, екі салага бөлінеді.
Акіив создер бір тілде сойлейтін адамдарга тек түсінікті болып коймай, эрі олар жиі колданатын создер жатады. Мүндай создер тілдің дамуынын белгілі бір кезеңіңде осы тілде соіілейтін адамдардыц бэріне ортак, күнделікті түрмыста жиі колданылатын сөздер болып табылады.
Пассив сөздер бір тілде сойлейтін адамдарга түсінікті болғанмен жиі колдапылмайтын сөздер болып табылады. Бүган эр ғылымның өзіне тэн тар көлемдегі термпндері. конергсн создер, тарихи создер, диалектизмдер, кітаби создер жатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет