«Тыңдайық» айдары бойынша дискіде берілген материалды тыңдайды, тапсырманы орындамас бұрын оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. – Балалар, мәтін не туралы болуы мүмкін? Оқушылар мәтіннің не туралы болатыны туралы болжам жасайды. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Мұғалім мәтінді бір рет тыңдатып, оның жалпы мазмұнын қаншалықты ұққанын сұрайды. Оқушылар бұл кезде жалпы сұрақтарға жауап береді. Егер сд диск жасамай қалса, не болмай жатса, мұғалім тыңдалым мәтінін өзі оқуына болады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну және 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауыменанықтау мақсаты жүзеге асырылады.
8 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық Аудиодиск
Жалпы мазмұнды ұғу мақсатымен оқып болғаннан кейін оқушылар нақты мәліметті табу мақсатымен екінші мәрте тыңдалымға құлақ түреді. Ал үшінші мәрте тыңдау барысында оқушылар өздерін-өздері тексеру мақсатында тыңдайды. «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалған мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді қаншалықты түсінгені белгілі болады.
Досанның әжесіне не болды?
Досан әжесіне қалай қамқор болды?
Досанға кім алғыс айтты? Қандай алғыс сөздер айтты?
Алғыс сөзге Досан не деп жауап берді?
Саралау тапсырмасы.Білім деңгейі жоғары оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға да болады.
«Қамқор болу» дегенді қалай түсінесің?
«Жаттығайық»тапсырмасы оқушылардың айтылым
дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қою арқылы тақырыпқа қатысты мәліметтерді қайталайды.
Оқушыларға сөйлемдер беріледі, оқушылар сол сөйлемдерді өзгертіп айтуы керек. Тапсырма оқушылардың қисынды ойлауын, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы
бағалайды.
7 мин
Оқулық
«Мәтінді өзгертіп жаз» тапсырмасын орындаудаоқушылар берілген қосымшаларды қосып жазады.