Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет22/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Етістік дегеніміз қандай сөз табы?

  2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Етістік лексика-семантикалық сипатына қарай қандай топтарға бөлінеді?

  4. Негізгі етістік дегеніміз не?

  5. Туынды түбір етістіктер қалай жасалады?

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. Етістіктерді анықтаңыз, талдау жасаңыз.

Ақбілек үнін шығаруға мұршасы келмей, өлген кісідей отырған жерінде сіресіп қалды.

Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды. Ақбілектің жан даусы түнді тіліп жібергендей шыр ете түсті, қасқыр біткен жарық беріп, көздері жалт етіп, тістері сақ етіп, оқшырайып тұра қалды. Қасқырлар ырсылдап, күрілдесіп, бураша шабынып тұрып алды. Ақбілек қаскырлардың қарсы шабатынын білгендей жалма-жан жан ұшырып, қостан атып шығып «қараңғыда көзім жоқ...» деген балаша айнала дөңгеленіп, айғайды салып, ағашын сермей берді...

2-жаттығу. Етістіктердің мағыналық ерекшеліктерін анықтаңыз.

Ұлпан тіпті бір жәндікке қамшы жұмсап көрген жан емес. Бұл методистер әзірге мектептің ішіндегі ұсақ-түйек шарулармен айналысудан әрі аса алмай келеді (Қ.М.). Отаудағы қонақтардың аттары ерттеліп, кермелердің бәріне байланыпты (М.Ә.). Осыдан кейін елдің де, Ұлпанның да жүрегі орнына түсіп, енді Есенейдің асын өткізуге кірісті (Ғ.Мүс.). Әкесі жер-көкке сыйғызбай мақтаған соң, былтырғы жазда Татьяна Бурабайға кеп, таудың ішін аралаған еді (С.М.). Абай аулындағы жеңге, құрбының бәрі де Ербол әкелген хабарды қуанысып тыңдасты (М.Ә.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет