Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет3/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

4. Бақылау сұрақтары:

1. Грамматиканың зерттеу нысаны және оның салалары.

2. Морфология және оның зерттеу аясы.

3. Синтаксис, оның зерттеу аясы.

4. Түбір қалпында қолданылған сөздер байланысты ойды білдіру үшін сөйлем ішінде қалай қолданылады?

5. Грамматикалық құрылыстың негізгі ерекшеліктерін тануға қажетті қандай грамматикалық ұғымдар бар?



5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

1. 1-жаттығуды орындап, лексикалық, грамматикалық мағынаны ажырату.

2. 2-жаттығуды орындап, грамматикалық ұғымдардың түрлеріне талдау жасау.

3. Кеспе қағаздағы тапсырмаларды орындау.

4. Тақырыпқа байланысты конспектілерін тексеріп, ауызша сұрау.

5. Бақылау сұрақтары бойынша теориялық дайындығын тексеру.


1-жаттығу. Сөйлемдегі сөздердің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасын ажыратып көрсетіңіз.

Абылай үш жүздің басын қосқан даңқты хан болды. Оның кезінде қазақ даласының хандық деңгейінде қаралатын істердің бәрі де Абылайдың кеңесіне салынды. Қаталдығы сырттағы жау мен іштегі дауды басса, кемеңгерлігі Ресей мен Қытайдың тізгінін тартып отыруына кепіл болды (Ж.Марданұлы).



2-Жаттығу. Көшіріп, грамматикалық ұғымдарды ажыратыңыз.

Біз ауылдан кеткелі көп өзгерістер болыпты. Жаңа мектеп үйі, аурухана, клуб салыныпты. Көшелері түп-түзу, тас төселіп, гүл егіліпті. Көшеде ағаштар жиі отырғызылған. Ауылдың еңсесі көтеріліп, тұрмыстары жақсарыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет