6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. –А., 1972, 8-9 бб.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты –А., 1998, 14-21 б.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / Морфология. –Алматы: «Ана тілі», 1991.
3 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Сөздің морфологиялық құрамы
Қаралатын мәселелер:
1.Морфемалар
2.Қосымшалар, түрлері
3.Жұрнақтар
4.Жалғаулар
3. Қысқаша мәлімет:
Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштертілінде де кездеседі. Мысалы, жылқы (жылқы), барым (мүлік, дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген.
Кейбір сөздерге көптік мағынаны білдіретін грамматикалық тұлғалар жалғанады. Көптік мағына бірнеше тәсілдер арқылы беріледі:
Түбір сөздің лексикалық мағынасы арқылы көптік мағына беріледі: су, боран, тау, өсімдік, ағаш, тас т.б. Мұндай сөздер көптік жалғау жалғанбай-ақ көптік мәнде қолданылады. Жекелп санауға келмейтін заттардың аты, ру, тайпа, ұлт, жан-жануар атаулары, дерексіз зат есімдер ешбір қосымшасыз тұрып-ақ көптік мағына береді.
Заттың молдығын, мөлшерін көрсету үшін сан есімдер мен мөлшер үстеулері тіркесіп жұмсалуы мүмкін: жеті жарғы, он бала, он екі ай, жеті қазына, бес бала т.б. Мұны синтаксистік тәсіл арқылы жасалған көптік мағына дейміз.
–лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары арқылы көптік мағынаны беру тәсілін морфологиялық тәсіл деп атаймыз. Мысалы, кітаптар, оқушылар, балалар, адамдар, өсімдіктер т.б.
Көптік жалғаулары мынадай мағыналарды білдіреді:
Заттың көптігін білдіреді: дәптерлер, ағаштар, құстар т.б.
Есімдікке жалғанып саралу мағынасын береді: өздерің, сендер т.б.
Сын есімге жалғанып, субстантивтенеді: үйдегілер, бөріктілер т.б.
Сан есім үстеулерге жалғанып, болжалдық мағына береді. Мысалы, қырықтар шамасында, бүгіндері, былтырлары т.б.
Ортақтық мағынаны білдіреді. Мысалы, балаларың, оқушыларың, айтқандары, әке-шешелері т.б.
Жалпылау, жинақтау мағынасын береді. Мыалы, Абайлар алда келеді.
Көптік жалғауларының қолданылуында мынадай ерекшеліктер бар:
Бірыңғай мүшелердің кейде барлығына, кейде соңғысына ғана жалғанады. Мысалы, Жиналысқа институт студенттері мен қызметкерлері қатысты. Жиналыста Назаров, Алтаев, Аралбаевтар сөз сөйледі.
ІІ жақтың анайы және сыпайы түрінде де көптік жалғаулары жалғанған сөздер бір-бірімен қиыса байланысады. Мысалы, Сендер оқыңдар, сіздер жазыңыздар.
Кей жағдайларда көптік жалғауыбасқа жалғаулардан бұрын тұрып жалғанады: оқушыларымызға хабарлаңыздар, отыруларыңызды сұранамыз т.б.
Тәуелдік жалғау – болмыстағы заттар мен құбылыстың біреуге меншікті, тәуелді екенін анықтау үшін жалғанады. Тәуелдік жалғау – зат есімнің негізгі категорияларының бірі. Тәуелдік жалғаулары іштей екіге бөлінеді: 1. Оңаша тәуелдеу. 2. Ортақ тәуелдеу.
Оңаша тәуелдеу зат немесе құбылыстың бір ғана нысанға тәуелді екендігін білдірсе, ортақ тәуелдеу зат немесе құбылыстың бірнеше нысанға тәуелді екендігін білдіреді.
Оңаша тәуелдеу Ортақ тәуелдеу
1-жақ. –ым, -ім, -м -ымыз, -іміз, -мыз, -міз
2-жақ. –ың, -ің,- ң -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
3-жақ. –сы, -сі, -ы, -і –сы, -сі, -ы, -і
Иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория тәуелдеу категориясы деп аталады. Тәуелдек категориясы үш түрлі тәсіл арқылы жасалады. Біріншісі – морфологиялық, екіншісі – синтаксистік, үшіншісі – аралас тәсіл.
Синтаксистік тәсіл біз, сіз есімдіктеріне ілік септігінің қосымшасын жалғап, оған заттың атын білдіретін сөздерді қосымшасыз тіркестіру арқылы іске асырылады. Мысалы, біздің университет, сіздің ауыл, сіздің үй.
Аралас тәсіл есім сөздерге ілік септігінің және анықталушы сөзге –ы жалғауының жалғануы арқылы жұмсалады. Мысалы, біздің жоспарымыз, оқушылардың кітаптары, сендердің сабақтарың т.б.
Морфологиялық тәсіл –нікі, -дікі, -тікі, жұрнағы арқылы жасалады. Бұл –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің және -кі қосымшаларынан біріккен құранды жұрнақ. Мысалы, менікі, сенікі, ауылдікі, Мақсаттікі т.б.
Тәуелдік жалағуы зат есіммен қатар субстантивтенген сөздерге де жалғана береді. Мысалы, жақсылардың сөзі, төртеудің амалы, бесеудің хаты т.б.
Дыбыс үндестігіне байланысты тәуелдік жалғауы сөздерге төмендегіше жалғанады:
Достарыңызбен бөлісу: |