6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
9– практикалық сабақ
Тақырыбы: Етiстiк
Қаралатын мәселелер:
1. Етiстiк- сөз таптарының iшiндегi ең күрделi сөз табы.
2. Етiстiктiң лексика-семантикалық жағынан алуан түрлi болуы, оның тiл бiлiмiнде зерттелу жайы.
3. Қысқаша мәлімет:
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға - етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қол-данылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.
Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың ара-қатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.
Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үштүрлі ұстанылының белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің өн бойынан айқын байқалады да солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |