Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет23/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.

7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Алматы, 1953.

2. Омарова А. Осы шақтың Қ. Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі. Алматы, 1998, 48-51 б.

3. Хасенова А.Қ. Етістіктің лексика-грамматикалыө сипаты. –А., 1971.

4. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. Алматы, 1999.
10– практикалық сабақ
Тақырыбы: Етiстiк түрлері

Қаралатын мәселелер:

1. Негiзгi түбiр етiстiктер мен туынды түбiр етiстiктер

2. Дара, күрделi етiстiктер.

3. Қысқаша мәлімет:

Етістік - ең күрдел і сөз табы ретінде субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикапық категорияларының әртүрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалық, екінші жағынан, таза грамматикалық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында қарастырылып, әр категориялары бір-бірінен грамматикалық және семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің әр категориясы өзіндік сипатқа ие болады.

Бүкіл етістікті қамтитын салттылық, сабақтылық мән әрі лексикаға, әрі грамматикаға қатысты категория ретінде түркологияда зерттелуі жағынан аса дами қоймаған мәселелердің бірі. Етістіктің салт етістік, сабақты етістік деп бөлінетін түрлері ертеден айтылғанмен, олар етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы ретінде танылмаған. Категория ретінде салт, сабақты етістіктер арнайы зерттеудің тақырыбы болмаған. Сондықтан да ертеде шыққан түрколог ғалымдар еңбектерінде етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасы мүлдем аталмайды. Кейінгі түрік тілдері грамматикаларының авторларының еңбектерінде етістіктің салт етістік, сабақты етістік түрлері аталады, бірақ оны етістіктің жеке категориясы ретінде танымайды. Олар етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасын етіс категориясының ішінде атайды. Енді бір топ ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақтылық категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін көрсөтеді. Бұл топтағы ғалымдар етістіктің салттылық, сабақтылығын жеке категория ретінде тани отырып, оның етіс категориясымен байланысы барына, салттылық, сабақтылыққа етіс жұрнақтарының әсері болатынына тоқталады. Сөйтіп, етіс көрсеткішінің етістіктің салттылық, сабақтылығын жасайтынын көрсетеді. Келесі топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын бөліп жеке қарағанмен, оны категория деп санамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет