Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы


-жаттығу. Туынды етістіктерге талдау жасаңыз



бет26/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

3-жаттығу. Туынды етістіктерге талдау жасаңыз.

Үй иесіне қойды ұстата салды да, құрғап қалған қырдың басына келіп, әңгіме-дүкен құрды. (Т.К.) Ысқақ биік төсекке сүйеніп отыр да, оның кесір-кердең нақсүйері қараторы Мәніке бәйбіше қос жастыққа шынтақтап шіренеді. (М.Ә.) Қысқа ғана жауап бере қоюды шолақтау көреді де, ұзатып, мәнерлеп айтуға тілі жетер емес... (Ғ.Мүс.) Қартқожа орнынан бір-екі рет ұмтылып еді, қолына еш нәрсе түсіре алмады. (Ж.А.) Ел ішінде әлді-малды үйлердің сандығында болмаса, көпшілік қолында ақша жүрмейді, кедей атаулыда ол мүлде жоқ. (М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. (М.Ә.) Айнала соққан дауылды боран қалай қарай бораса, қойлар солай қарай бұрыла салады. (Ғ.Мүс.) Үрейленген елдің үрке күткеніндей-ақ, өңкей үш ат жеккен пәуескелер дөңнен құлап келеді. (Ғ.Мүс.) Бұл арада Жақаң азырақ кідіріп, айнала жұртқа көзін салып еді, шоғырланған көп жағы қозғалысын, наразылықтарын білдіріп отыр екен. (Ғ.Мүс.) Ел жайлауда, әкесі үйде жоқ. (Ж.А.) Бес жігітті өзіне «агент» етіп алып, мойындарына салық салғанын айтып еді, жиналғандардың шек сілесі қатып күлді де, мұндай «қанаушылықтың» өз ойларына келмегеніне өкінді. (Т.К.)


а) Ақ ниетпен күткен әке-шеше арманы орындалды.Оң жағына біздің тұмағадай ақ отауымыз қонды. Ауыл көркі де жаңа отаумен, қаладан оқып қайтқан азаматымен өзінше сәнденген тәрізді. Өз әлінше қонақ-қопсы, ойын күлкі де бар. Бірақ, осылардың бәрі уақытша, бір желпіну тәрізді. Өйткені менің алдымда ілгері оқуға ұмтылған талап бар. Жар көңілінде жан анасынан айрылған, туып-өскен ауылынан аттанып бөгде босағаға бағынған именшектік бар. /М.И./

в) Боржабай орта ғана бойлы, жуантық денелі, дөңгелек бетті, қалың ерінді, жасаураған кішірек қоңыр көзді, ұйысқан қысқа қара-жирен сақалды, таңқита басқан сирек мұртты, домалақтау май мұрыңды, қоңыр өңді кісі. Сол кезде Боржабайдың үйінде жүз елудей қой, жиырмадан астам жылқы, қырық-елуге жақын сиыр бар. Оның үстіне жұрт Боржабайды ақшалы да деседі. /С.М./


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет