6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Алматы, 1953.
2. Омарова А. Осы шақтың Қ. Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі. Алматы, 1998, 48-51 б.
3. Хасенова А.Қ. Етістіктің лексика-грамматикалыө сипаты. –А., 1971.
4. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. Алматы, 1999.
11– практикалық сабақ
Тақырыбы: Күрделі етістік.
Қаралатын мәселелер:
Күрделi етiстiктер жүйесi.
Негiзгi етiстiк пен көмекшi етiстiк.
3. Көмекшi етiстiктiң түрлерi, мағыналары.
3. Қысқаша мәлімет:
«Аналитикалық формант»термині есімге де, етістікке де тән. Аналитикалық формант грамматикалық категориялары бар сөз таптарына қатысты. Олардың ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының аналитикалық формасы бар екенін кейбір ғапымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың аналитикалық формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай дегек тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дейтін пікірлер де кездеседі.
Грамматикалық категориясы бар зат есім мен сын есімдегі грамматикалық аналитизм мәселесі дәлелденбегендіктен, аналитикалық формант ұғымы тек етістікпен байланысты қаралып жүр. Түркі тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.АЮлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбаева қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарын жалпы зерттеген, оның етістіктің барлық категорияларына қатысты екенін дәлелдеген, аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі аналитикалық форманттарды көрсеткен.
Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.
Біріншіден, сөздің аналитикалық формасы дербес сөз бен көмекші сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым Ә.Хасенов аналитикалық формаға былайша сипаттама береді: «Аналитикалық форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық формалы сөздер» . Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мәні ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.
Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатысты.
Қазақ тілінде грамматикалық категориялары бар сөз таптары деп зат есім, сын есім және етістік аталып жүр. Осы үш сөз табының ішінде етістіктің аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикапық формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грамматикалық категорияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде зат есімнің септік категориясының аралас аналитикалық формасы және сапалық сын есім шырайының аналитикалық формасы бар.
Үшіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш -аналитикалық формант.
Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морфологиялық көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.
Төртіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалық формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді.
Бесіншіден, аналитикалық форманттар грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштерге жататын болғандықтан, олар грамматикалық мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |