Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.
Адамдарға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген,
Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп,
Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,
Бірін-бірі азапқа салып қинайды.
Түкке тұрғысыз атақ-даңққа таласып,
Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз.
* * * * * Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Бауырым, қанша сүйгенмен,
Әкімдікке күллісі жүгіреді. Өтеді өмір күйбеңмен.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Шындыққа бас тік алаулап,
Жаным менің түршігіп, түңіледі. Пенделіктен бол аулақ.
* * * * * О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
168-тапсырма. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан болғанын түсіндіріңіздер.
Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайы – сырын сақтар, әдепті – арын сақтар. Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп. Қорқақ – көлеңкесінен де қорқады. Қорыққан – бұрын жұдырықтар. Көп – қорқытады, терең – батырады. Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар. Еңбекпен – ер өседі, егізден төл өседі. Өзін-өзі билеген – ең бақытты.
169-тапсырма. Тәлім-тәрбие алыңыздар! Мәтіннің мазмұнына назар аударып, мағынасын түсініңіздер. Маман болыңыздар! Ата-аналарыңызды құрметтеңіздер!
Әр ана өз баласының өнерлі ісін мақтан етеді. Сенің бірінші тәрбиеші ұстазың – сол ана. Жамал бүгін Жарқынның жаңа мамандыққа жолдама алып келгеніне қуанып еді. Көз алдында есейген, ер жеткен адам тұр. Баласының сөздері де сабырлы. Өзі кәдімгі тәрбиеші сияқты. Қимылы икемді. Бойы да таралып өскендей. Белін қынай киген гимнастеркасы өзіне жарасып-ақ тұр. Училище нағыз адамды тәрбиелеген. (Н.Ғабдуллин)