«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсрыма. Фараби еңбектеріндегі өлең жолдарының мән-мағынасын, тәрбиелік мәнін түсініп, есте сақтаңыздар



бет68/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204
167-тапсрыма. Фараби еңбектеріндегі өлең жолдарының мән-мағынасын, тәрбиелік мәнін түсініп, есте сақтаңыздар. Бастауыштарға сұрақтар қойыңыздар.

Бауырым, сен теріс түскен жандарға ерме,


Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен-жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.
Адамдарға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген,
Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп,
Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,
Бірін-бірі азапқа салып қинайды.
Түкке тұрғысыз атақ-даңққа таласып,
Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз.
* * * * *
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Бауырым, қанша сүйгенмен,
Әкімдікке күллісі жүгіреді. Өтеді өмір күйбеңмен.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Шындыққа бас тік алаулап,
Жаным менің түршігіп, түңіледі. Пенделіктен бол аулақ.
* * * * *
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.


168-тапсырма. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне назар аударыңыздар. Бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан болғанын түсіндіріңіздер.


Ұйымдасқан – ұтады. Сыпайысырын сақтар, әдепті – арын сақтар. Шешінген – судан тайынбас. Естімеген – елде көп. Қорқақ – көлеңкесінен де қорқады. Қорыққан – бұрын жұдырықтар. Көп – қорқытады, терең – батырады. Аянбағанжауды алар, абайлаған – дауды алар. Ел аралағансыншы болар, орман аралаған – үйші болар. Еңбекпен – ер өседі, егізден төл өседі. Өзін-өзі билеген – ең бақытты.


169-тапсырма. Тәлім-тәрбие алыңыздар! Мәтіннің мазмұнына назар аударып, мағынасын түсініңіздер. Маман болыңыздар! Ата-аналарыңызды құрметтеңіздер!

Әр ана өз баласының өнерлі ісін мақтан етеді. Сенің бірінші тәрбиеші ұстазың – сол ана. Жамал бүгін Жарқынның жаңа мамандыққа жолдама алып келгеніне қуанып еді. Көз алдында есейген, ер жеткен адам тұр. Баласының сөздері де сабырлы. Өзі кәдімгі тәрбиеші сияқты. Қимылы икемді. Бойы да таралып өскендей. Белін қынай киген гимнастеркасы өзіне жарасып-ақ тұр. Училище нағыз адамды тәрбиелеген. (Н.Ғабдуллин)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет