Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу



бет24/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу.
Оқушы тыңдаған,оқыған мәтіні бойынша жинақы мәтін жазуды меңгереді.Оқушыға мәтіннің баяндау желісі бойынша әр бөлігін жинақтап,қысқаша мәтін жазып алуға көмектеседі.
Оқу мақсаттары: жинақы мәтін жазу; негізгі ойды анықтайтын сөйлемдерді іріктей отырып жинақы мәтін жазу;перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
Оқушы мәтін бойынша қателерді анықтауды,оны сөздікке сүйеніп отырып емле ережелерін пайдалануды үйренеді.Бұл оқушыны дұрыс жазуға,стильдік ауытқуларжы орынсыз қолданбауына көмектеседі.
Оқу мақсаттары: мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау; мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау; бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау; тұтас емес (кесте, диаграмма,сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
60. Блум таксономиясының деңгейлерін атап, мұғалімнің және оқушының іс-әрекетіне сипаттама беріңіз. Түйінді етістіктерін жазыңыз.
Блум таксономиясы
Білу- Ақпаратты анықтау және іріктеу
Мұғалім- Айтады, көрсетеді, бағыттайды
Оқушы- Қабылдайды, есінде сақтайды, таниды
Қандай түйінді сөздер қолданылады?
Атап өтіңіз, есте сақтаңыз, атаңыз
Түсіну
Ұсынылған ақпаратты түсіну; мәселелерді өз сөзімен тұжырымдау
Мұғалім-Салыстырады, қарсы шығады, көрсетеді
Оқушы-Түсіндіреді, қайта жасайды, көрсетеді
Қандай түйінді сөздер қолданылады?
Талқылаңыз, анықтаңыз, әңгімелеңіз

Қолдану
Жаңа жағдайдағы түсінікті қолдану
Мұғалім-Қадағалайды, көмектеседі, сынайды
Оқушы-Мәселелерді шешеді, білімін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет