Қазақ тілін оқытуда сөздік және дидактикалық материалдардың маңызы қандай? Сабақта орфографиялық, синонимдер, этимологиялық сөздікті қалай пайдаланар едіңіз?
58. Қазақ тілін оқытуда сөздік және дидактикалық материалдардың маңызы қандай? Сабақта орфографиялық, синонимдер, этимологиялық сөздікті қалай пайдаланар едіңіз? Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Орфографиялық сөздік (емле сөздік) — тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік. Оқушылар сөздің дұрыс жазылуын білмей жатқан жағдайда ашып көрсетемін. Бүгінде сөздікке арналған әртүрлі сайттар( емле.кз, сөздік қор) бар, сонымен қатар еңбектер бар, оларға мысалы: Сыздықова P., Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайынан анықтағыш. А., 1959; ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫның жасауымен 2013ж шыққан Орфографиялық сөздік бар т.б 59. Қазақ тілі бойынша «Жазылым» бөлімі қандай бөлімшелерден тұрады? Әр бөлімшеге сипаттама беріп, онда қамтылатын оқу мақсаттарына тоқталыңыз. Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) жоспар құру; 2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;