4) эссе жазу; 5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу; 6) мәтіндерді түзету және редакциялау. Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) Жоспар құру – мәтін мазмұнының ықшамды, нақ әрі жүйелі беруге көмектеседі. Мәтін құру барысында немесе берілген мәтінді талдап қарастыру бағытында жұмыс жасауда , ойды жүйелі тиянақты жеткізеді. Оқу мақсаттары: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру; әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құру; күрделі жоспар құру; тезистік жоспар құру;ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру. 2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; Оқушының жаңа жанры түрінде мәтін құрастыруға үйретеді.Бұл арқылы оқушы стильдік ерекшеліктеріне сайын хат,хабарлама,мақала жаза алады. Оқу мақсаттары: хат,хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу; мінездеме, өмірбаян,құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу; шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу; мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу; әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. 3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. Оқушы кесте,диаграмма,суретпен жұмыс жасауды үйренеді.Тұтас емес мәтіндерді, тұтас мәтіндерге айналдыра алады. Оқу мақсаттары: сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазу; графиктік мәтін құрастыру; графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу; графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу. 4) эссе жазу; Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе жүйелі болады. Оқу мақсаттары: эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу; эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру, «келісу, келіспеу» эссесін жазу, жинақы мәтін жазу; дискуссивті эссе жазу; аргументативті эссе жазу.