Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі



бет27/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,
3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
4)Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
5)Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Проблемалық оқыту

Проблемалық оқыту (басқа да оқыту жүйелері сияқты) педагогикада жаңа емес, тек ұмытылып қалған құбылыс (бұл құбылыс тарихта белгілі есімдер –Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинскийлердің тәжірибесінде қолданылған).
Проблемалық оқыту – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары: ­ оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту; ­ оқушылардың белсенді ізденісі нәтижесінде игерген білімдері мен дағдыларын дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақтау; ­ түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру; кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Проблемалық жағдайды құруда тӛмендегі әдістемелік тәсілдерден пайдалануға болады: ­ мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын ӛздеріне қалдырады; ­ біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды; ­ сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады; ­ нақты сұрақтар қояды; ­ проблемалық, теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды; ­ проблемалық міндеттерді қояды.

ойын

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет