Кіріспе және қорытынды бөлімдерде басты мәселеге назар аудару керек. Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады. Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады. 57. Қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешенді не құрайды? Оқу-әдістемелік кешен қалай әзірленеді, оған кімдер қатысады? Білім беру мазмұны арнайы түрде, білім беру министрлігінде бекітілген, төмендегідей құжаттарда нақтыланады: Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды. ⬆️негізінде) Үлгілік оқу бағдарламасы жасалады: оның ішінде⬇️ Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат. Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады. Оқу бағдарламасы - оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады. Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды: ➢ белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат; ➢ пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар; ➢ негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі; ➢ әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері; ➢ пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар; ➢ әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі; ➢ ұсынылған әдебиет.