66. Қазақ тілі пəнінде оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тал дап жазыңыз. Қазақ тілі сабағында «Сократтық семинар» əдісін пайдалануға мысал ке лтіріңіз.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық технология Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тəжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Ку ртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Б іздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқ ылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне ене ба стады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ер есек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс емес. Ж ас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сə йкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмы с жасау барысында көз жеткіздік. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейде н тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жа рауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін а луға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толға ныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту Үйрену процесі – бұрынғы білетін жəне жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуш і жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мəселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Əлемді шарлау” т.б. деген аттары бар əдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-əрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіре ді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, орта ға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Сократтық əдіс (ағылш. Socratic method, кейде Сократтық пікірсайыс) — жеке адамдар арасындағы өзара сəйкескен аргументті пікірлесу болып, ол сауал қоюды жəне сауалғ а жауап беруді негіз етіп сыни ойлауға ынталандырады, идеялар мен сол идеяларға т аған болған түбірлі жорамалдарды алып шығады. Ол классикалық Грек философы Со краттың есімімен аталады, əрі оны Платонның Теэтетінде "туытана əдісі" (майевтика) деп таныстырылған, өйткені ол əңгімелесушілердің сенімдерінде ымдалған анықтаман ы алып шығуға, немесе олардың түсінуін ары қарай дамытуға көмектесу үшін қолдан ылады. Бұл деген сөз, яғни ақиқат (бала) адамның көкейінде (ана құрсағында) əрқаша н бар болған болады, адам ақиқатты тума біледі, оны сұрақ жəне жауап майевтикасы арқылы (туытана жұмысы) сыртқа алып шығуға болады. 67. Қызықты грамматиканың маңызын саралаңыз. Сан есім, үстеу, етістікті меңгертуд е қолданылатын қызықты грамматика тапсырмаларына мысал келтіріңіздер.