Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы


Мөлшер үстеулердің жасалу жолдары



бет13/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы

Мөлшер үстеулердің жасалу жолдары:

  • 1. Туынды түбір мөлшер үстеуі мына қосымшалар арқылы жасалған: -ша(-ше): сонша, мұнша, онша т.б.
  • -шама: соншама, мұншама, осыншама, біршама т.б.
  • -шалық: мұншалық, соншалық, осыншалық.
  • -дайлық: мұндайлық, ондайлық, сондайлық, бұндайлық т.б.
  • 2. Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.
  • а) бірігу тәсілімен жасалған мөлшер үстеулері: анағұрлым, бірсыпыра, бірқыдыру, недәуір, неғұрлым, бірталай т.б.

Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, іс-әрекет, қимыл, амалдың мөлшерін білдірсе, бірде зат есім, сын есімдермен тіркесте қолданылып оның мөлшерін білдіреді. Мысалы, соншама өкпеледі, недәуір ер жетіпті, анағұрлым өсіпті деген мысалдардағы соншама, недәуір, анағұрлым мөлшерлік үстеулері өкпеледі, ер жетіпті, өсіпті етістіктермен тіркесте қолданылып, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал осы мөлшер үстеулерін сын есім сөздермен тіркестіргенде, қалай? не қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін көрсетеді. Мысалы, соншама үлкен үй, недәуір терең, анағұрлым төмен т.б. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесте келіп, сөйлемнің мөлшер пысықтауышы қызметін атқарады. Сонымен бірге зат есім, сын есімдердің алдында келіп, оны анықтап, сөйлемнің қабыса байланысатын анықтауышы болады. Мысалы: Осынша өнер тауып асқан адам (Шәкәрім). Бірен-саран жатақтар көше жөнелуге әзірленіп қалды (Мүсірепов).

Қазіргі қазақ тіліндегі сын-қимыл (бейне) үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жасалу амал-тәсілін, сынын, бейнесін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл үстеуге мына сөздер тобы жатады: ақырын, тез, шалқасынан, әзер, оқыс, дереу, өзінше, зорға, қапыда, лезде, үнемі, бостан-бос, емін-еркін, ерекше, өзгеше, көйлекшең, тікелей, ретімен, жүрісінен, кезекпен, жайымен, астыртын, жасырын, үстіртін, бірден, біржола, шала-пұла, зым-зия, бетпе-бет, қолма-қол, жападан-жалғыз т.б. Сын-қимыл үстеулері құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір қимыл-сын үстеулері болып бөлінеді. Негізгі түбір үстеулер мағыналық бөлшектерге бөлінбейтін жеке дара сөздерден тұрады. Олар: тез, әзер, оқыс, дереу, үнемі, еркін, ерекше. Туынды түбір сын-қимыл үстеулері басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы, көлемдік септіктердің көнеленуі арқылы жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет