Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы



бет15/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы

Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді. Мақсат үстеуге жататын сөздер көп емес. Олар:әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп. Мақсат үстеулері құрамы жағынан тек негізгі түбір болып келеді. Сөйлемде етістікпен тіркесіп,мақсат пысықтауыш қызметін атқарады.Құнанбай бағанадан әзіл салғанда да,әдейі соған шұқшиған (Әуезов) деген сөйлемде не мақсатпен? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш қызметінде тұрған үстеу- әдейі сөзі.

Қазіргі қазақ тіліндегі себеп-салдар үстеулер қимыл, іс-әрекет, амалдың болу,болмау себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеулерге жататын сөздер мыналар: босқа, амалсыздан, бекерге, текке, лажсыздан, құр босқа, шарасыздан, жоққа т.б. Құрамы жағынан себеп-салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік (барыс, шығыс) септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалады. Олар: бекерге, босқа, текке, жоққа, шарасыздан, амалсыздан, лажсыздан. Себеп-салдар үстеулер сөйлемде қимылдың жүзеге асу себеп-салдарын білдіріп, сөйлемнің себеп-салдар пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Жандыкең лажсыздан өзінің артықтау кеткенін түсінді ме? (Айымбетов).

Қазіргі қазақ тіліндегі топтау үстеулері қимыл, іс-әрекеттің жасалуының топтық сипатын білдіреді де,нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ-тобымен, он-оннан, бір-бірлеп т.б. Морфологиялық құрамы жағынан топтау үстеулері туынды түбір күйінде және қосарланған, яғни күрделі туынды түбір күйінде кездеседі. Топтау үстеулерінің жасалу жолдары:

  • 1) –лап ( -леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Олар: екеулеп, мыңдап, көптеп, аздап, қостап, жекелеп т.б.

2) Қосарлану арқылы жасалған күрделі туынды түбір топтау үстеулер: қос-қостап, топ-тобымен, он-оннан, бір-бірлеп, бес-ондап т.б.

  • Топтау үстеулері сөйлемде қалай? деген сұраққа жауап беріп,сын-қимыл пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Жұмыскерлер жер барактарынан бір-бірлеп шығып айналаға тітіркене қарайды.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет