Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы


Үстеудің түрлері және жасалу жолдары



бет8/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Үстеудің түрлері және жасалу жолдары Тіл өзінің бүкіл тарихында үстеулермен белсенді түрде толықтырылады. Ескі қазақ тіліндегі үстеулердің шеңбері шектеулі болды және үстеулердің 2 тобын ажыратуға болады: 1)Негізгі үстеулер 2)туынды үстеулер

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфомаларға бөлшектеуге келмейтін тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынандай сөздер жатады: әрең, (әсер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшан, қазір, енді, бағана, ілгері, жоғары, төмен, әрі, бері, кері, тіпті, аса, мүлде, әбден, ерекше т.б.

  • Қазіргі кезде мүшелеуге келмейтіндіктен ғана, шартты түрде негізгі үстеулер деп атап отырған сөздердің өздерінде де іштей екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобына әстілі, әдейі, қазір, дәйім, хаман, мүлде, орасан, ересен сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына жататын үстеулерді ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың баска сөздерден шыққандығын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы, ішкері, сытқары, ұшқары, тысқары деген үстеулер іш, сырт, ұш, тыс деген түбірлерден және қара, кері деген қосымшалардан құралған.
  • Әрмен, бермен үстеулердің әрі, бері, таман, бермен шылауынан (соң шылаудың өзі де басында мағыналы сөз болған) ықшамдала бірігуінен пайда болған. Ал төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты үстеулердің төркіні төте, кері, керек, мейлі дегендер болады.
  • Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әр түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі үстеулердің үш түрлі ерекшеліктері бар:

1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай катеориясы жасалады. Демек, оларға - рақ, - рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады. Алдынан шырай туғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше сияқты күшейткіш үстеулер қолданылады. Мысалы, бұрын, бұрынырақ, бұрындау, тым бұрын

2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, палеониз жолмен қабаттаса да, қолданады. Мысалы, құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден - бекер, бостан босқа т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет