а) –ша (-ше) жұрнағының әр түрлі сез таптарына жалғануы арқылы көптеген сын-қимыл үстеулері жасалған. Олар: адамша, балаша, құсша, қазақша, ауызша, жазбаша, ескіше, керісінше, қысқаша, өзінше т.б.
ә) –шаң (-шең) жұрнақтары зат есімдерге жалғану арқылы жасалады. Олар: койлекшең, етікшең, байпақшаң т.б.
б) -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады. Олар: жартылай, осылай, былай, бірдей, ойлай, тікелей, шикілей, өлердей т.б.
в) Көлемдік, яғни барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің конеленуі арқылы жасалған сын қимыл үстеулері төмендегідей.
Барыс септігі жалғауы арқылы: бірге, босқа, зорға үстеулері.
Күрделі түбір түріндегі сын-қимыл үстеулері сөздердің бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.
а) Сөздердің бірігуі арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: біржола, біржолата, жайбарақат, ауызекі.
ә) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-қимыл үстеулер: бостан-босқа, емін-еркін, шала-пұла, зым-зия, бетпе-бет, қолма-қол, жападан-жалғыз т.б. Сын-қимыл бейне үстеулері негізінен етістікпен тіркесіп келіп, қимылдың сынын білдіріп, сын-қимыл пысықтауыш қызметін атқарады.
Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттың сындық қасиетін және қимыл, іс-әрекетгін белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып корсету үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулерге мына сөздер тобы жатады: ең, тым, өте, аса, орасан, нағыз, әбден, мүлде, кілең, өңкей, дәл, керемет, орасан, өрен т.б. Күшейткіш үстеулер негізінен сапалық сын есіммен тіркесіп қолданылып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасайды. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеті (Мүсірепов). Күшейткіш үстеулердің көбі етістік алдында келіп, қалай? деген сүраққа жауап беріп қимылдың сапасын күшейтеді немесе солғындатып көрсетеді. Шешесі әбден таниды екен... (Әуезов). Морфологиялық құрылысы жағынан күшейткіш үстеу тек негізгі түбір болып келеді. Ол басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы немесе бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалмайды. Мысалы: Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр (Абай) деген мысалдағы өңкей үстеуі морфемдік бөлшектеуге келмейтін сөз.