Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы


Түркі тілдерінің алғашқы салыстырмалы грамматикасының авторы профессор М.А.Қазем-Бек өзінің қомақты еңбегінде үстеуге арнайы бөлімін арнаған. Өз еңбегінде ол түркі тілдерінде үстеулерді мынадай жағдай



бет2/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Түркі тілдерінің алғашқы салыстырмалы грамматикасының авторы профессор М.А.Қазем-Бек өзінің қомақты еңбегінде үстеуге арнайы бөлімін арнаған. Өз еңбегінде ол түркі тілдерінде үстеулерді мынадай жағдайлар құрайды дейді.

  • 1. Сын есім арқылы.
  • 2. Жалғыз немесе әр түрлі демеуліктерден кейін араб-парсы тілдерінен енген затесімдер.
  • 3. Араб немесе парсы атаулары септелмейтін үстеу ретінде алынған.
  • 4.Мәлім есімдер демеуліктер үстеуі арқылы септелмейтін үстеулердің санына ол мағыналық сөздердің санын,мысалы,белі,йок,бек,демин,билә,бірле,даха және т.б.

Ол:үстеу ретінде алынатын сын есімнің саны өте маңызды және осы сын есімдер үстеуге арналғанда олардың артынан қандай да бір етістік жобаланады немесе қолданылаады-деп жазды.

  • Қазем-Бек сын есім үстеуін мағынасы бойынша келесі топтарға бөледі:
  • 1. Сандық үстеу (аз,артық,сирек,көп) .
  • 2. Сапалық үстеу (гозель,хош) .
  • 3. Уақыт үстеуі (тез,ерте) .
  • 4. Тұжырымдық үстеуі
  • 5. Қайшылық үстеуі
  • Бұл жерде автор келтірілген мысалдар мен топтарға бөлінуінің бәрін сын есім деп қарайды.Үстеу әр түрлі демеуліктер мен және демеуліктерсіз зат есім атауларынан құрылған,автор оларды мағынасы бойынша да бірнеше топтарға жіктейді:

    1. Уақыт үстеуі.

    2. Мекен үстеуі.

    3. Сұрау үстеуі.

    4. Пайымдау үстеуі.

    Бірақ бұл жіктемеде сұрау есімдіктерімен етістіктер араласып кеткен.Бірқатар дұрыс жағдайға қарамастан үстеу-сын есімін бөлген кезде автор қателіктерге жол береді.Үстеуге мынандай сөздерді жатқызады;жақын,ұзақ мекен үстеулерге жатқызғанда ол шын мәнінде мөлшерлік үстеу,яғни мағына жағынан шатасқан.

Үстеулер-қазіргі түркі тілдерінде толық қалыптасқан дербес сөз табы.Зерттеуші И.И.Мещанинов үстеулердің қалыптасуында бірден бір қызмет атқаратын сөйлем мүшелері,оның ішінде пысықтауыш сөздер екенін айтып,сөйлемдегі функциясына байланысты біртіндеп қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Шынында,үстеулердің сөз табы ретінде қалыптасуына әр түрлі сөз таптары ықпал етті.Үстеулер сөйлем ішіндегі қолданыстарына байланысты бөлініп шықты.Бірақ,барлық пысықтауыштар үстеулер қатарына өтуі шарт емес.Үстеулер лексикалық топ болып өзінің грамматикалық формасына байланысты өзге сөз таптарынан етістік ретінде қолданбай,тура осы қатарда үстеу түрінде иеленген.Үстеулердің өзге сөз таптарынан ауысып,екінші грамматикалық категорияға тән болуы көптеген көне түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдері деректерінен көрініс тапқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет